Музыка және поэзия. Музыка, 6 сынып, қосымша материал. 1 сабақ.


6 сынып Музыка

Музыка және поэзия 1 сабақ

Мазмұны

  • Сабақ жоспары
  • Дидактикалық материалдар
  • Презентация

Кіріспе

Нұсқаулықта Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері, Бағдарламаны іске асырудан

күтілетін нәтижелер туралы ақпарат берілген. Ұсынылған материалдар «Музыка» пәні

мұғалімдеріне өз сабақтарын жоспарлап, өткізуге көмектесетін болады. Сонымен қатар, мұғалімдерге ықшам сабақ арқылы Бағдарлама материалдарын өз тәжірибесінде сынап көруге және оны ой елегінен өткізіп, рефлексия жасауға, сондай-ақ оқушыларға барынша қолдау көрсетуге бағытталған жаттығу мен тапсырма әзірлеуге мүмкіндік беріледі.

Сабақ тақырыбы:

Музыка және поэзия

Оқу мақсаты:

6.1.1.1 – тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау;

6.1.2.3 – көркем бейнені құруда музыка және өнердің басқа түрлерінін көркемдеуші құралдарын салыстыру

6.2.2.1 – музыкалық аспаптар мен дауысын қолдана отырып, музыкалық композициялар шығару және импровизация жасау;

Сабақ барысы:

Сабақтың тақырыбы Музыка және поэзия болғандықтан, өнер түрінен поэзиялық 4 шумақтық өлең жолдарын тыңдатуға немесе орындауға жол беріледі. Кез келген атақты жазушылардың туындысын алуға болады. Оқушылардың тыңдалым дағдысын арттыра отырып көркем ойлау қабілеттері қоса дамытылады.Туындыны тыңдап болған соң оқушыларға миға шабуыл жасаңыз. Миға шабуылды қарапайым сұрақтар арқылы немесе бейне суреттер арқылы орындауға болады. Оқушыларды сабақтың тақырыбын анықтауға ықпал тигізетін сұрақтарға баса назар аударуыңызды ұсынамыз. Миға шабуыл әдісі арқылы сабақ тақырыбын анықтап аласыз. Кейін сабақтың мақсаты мен орындалатын іс-әрекетті міндетті түрде атап өтіңіз. Бұл оқушыларға сабақ барысында қандай міндет қою керек екеніне әсер етеді. Оқушылар тапсырманы орындау барысында іс-әрекеттің неге бағытталып отырғанын түсінгені жөн.

Шығарманы тыңдап және сабақтың мақсаты мен орындалатын іс-әрекет анықталғаннан кейін оқушылармаен талдау жұмыстарын жүргізіңіз. Талдау жұмыстарында оқушылар өз ойларын ашық түсіндіре отырып шығарманың мән-мазмұнын түсіну қажет. Бұл жерде оқушылар өзіндік ойлау ерекшеліктерін дамыта алады. Оқушылар алынған ақпаратпен сыныпта бөліседі. Айырмашылығы мен ұқсастығы жайлы ортада ой бөлісіп, өз тарапынан жаңа идеяларын ұсынады.

Оқу мақсатына сүйене отырып оқушылармен шығармашылық жұмыс орындаңыз. Оқу мақсаты мен сабақ мақсатында көрсетілгендей оқушылар музыкалық аспаптар мен дауысын қолдана отырып, импровизация жасауына ықпал етіңіз. Оқушылар өз еркілерімен топ құрып, топта өзіндік идеяларын ұсынады, бір идеяны таңдап алып кішігірім музыкалық - шығармашылық импровизация жасайды. Тапсырманы ұсынп болған соң оқушыларды бағалау критерийлерімен таныстырыңыз немесе бағалау критерийлерін оқушылармен бірлесіп анықтап алуға болады. Шығармашылық тапсырманы орындауға көбірек уақыт бөлуге тырысыңыз. Музыкалық-шығармашылық жұмысты орындап болғанан соң оқушыларды өзінің тапсырмаларын сынып алдында таныстыруға жетелеңіз. «Көрермен дауысы» арқылы оқушыларды бағалау кезеңіне баулыңыз. Бір-біріне сындарлы кері байланыс беруді ұсыныңыз. Кері байланыс беру барысында сабақ жоспраныда берілген құндылықты дәріптейді.

Рефлексия.

Рефлексия өткізу барысында әр оқушының үнін естуіңіз ықтимал. Әр оқушыға баса көңіл аударыңыз. Кейбір оқушылар музыкалық-шығармашылық жұмысты жақсы орындай алса, кейбірі жаңа алынған мәліметті қамти алмай жатады. Сондықтан оқушылардан ойын ретінде немесе сұрақ-жауап арқылы рефлексия алғаныңыз жөн болып табылады. Рефлексия арқылы сіздің сабағыңыздың қаншалықты маңызды болғанын өзіңізге ескерту ретінде қабылдай аласыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу