Музыка және поэзия. Музыка, 6 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспар: 6.3 Музыка және өнер түрлері | Мектеп: | |||||
Мерзімі: | Оқытушы: | |||||
Сынып: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы: | Музыка және поэзия | |||||
Сабақта іске асырылатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.1.1.1 – тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау; 6.1.2.3 – көркем бейнені құруда музыка және өнердің басқа түрлерінін көркемдеуші құралдарын салыстыру 6.2.2.1 – музыкалық аспаптар мен дауысын қолдана отырып, музыкалық композициялар шығару және импровизация жасау; | |||||
Сабақ мақсаттары: | Оқушылар:
| |||||
Бағалау критерийлері |
- аспаптар мен дауысын қолдана отырып, импровизация жасай алады. | |||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: Тыңдалған музыкалық шығарманы талдайды, сонымен қатар өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтай отыра, музыкалық терминологияны қолданады. Лексика и терминология: Поэзия, музыка, жанр. Диалог пен жазбаға арналған арнайы сөздер: Бұл әуеннің көңіл-күйі ... Тыңдалған шығарма ... жанрға жатады. Поэзияның ... айтар едім. | |||||
Құндылық | Берілген сабақ жоспары оқушылардың бойына бірлесе жұмыс жасауға, бір-біріне деген құрмет пен жауапкершілікке баулиды. | |||||
Бастапқы білімдер | 2 тоқсанда алған білімдерін негізге алу | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Қорлар | ||||
Сабақ басы 0-3 3-6 | 1.Ұйымдастыру кезеңі Мұқағали Мақатаевтің шығармаларынан бір үзіндіні тыңдатыңыз. Миға шабуыл.
Сабақ тақырыбын оқушыларға ашу. Сабақ мақсаты мен сабақ барысында орындалатын іс-әрекеттерді анықтау | Мұқағали Мақатаев https://www.youtube.com/watch?v=tHDr7qAg_yI Презентация | ||||
Сабақ ортасы 6-12 12-19 19-25 25- 34 34-38 | 2.Сабақ барысы Талдау. Мұқағали Мақатаевтің шығармасын негізге ала отырып, оқушылармен талдау жұмысын өткізу. Шығарманың үзіндісін тыңдау. Шығармадағы үзінді қандай көңіл-күймен орындалған, сүйемелдеу музыкасы сай келе ме? Әннің сөзі ретінде алуға бола ма? Деген сұрақтарға жауап бере отырып талдау жұмысын жүргізу. Сыныпта талқылау. Алынған ақпаратпен сыныпта бөлісу. Айырмашылығы мен ұқсастығы жайлы ортада ой бөлісу, өз тарапынан жаңа идеяларын ұсыну. Шығармашылық жұмыс. Импровизация. Көркемдеуші құралдарды, дауысынды немесе аспаптарды қолдана отырып топпен 4 шумақ өлеңге импровизация жасаңыз. Жасалған импровизацияңызды сынып алдында таныстырыңыз. Ең бірінші бақытым – Халқым менің, Соған берем ойымның алтын кенін. Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын, Қымбатырақ алтыннан нарқым менің. Тапсырмаға арналған бағалау критерийлері.
Дескриптор:
Бағалау. «Көрермен дауысы» әдісі арқылы бағалау. Әр топ өзінің таныстырылымын сыныпта ұсынады. «Көрермен дауысы» әдісі арқылы оқушылар әр топқа дауыс береді және кері байланысын атап өтеді. | Презентация Мұқағали Мақатаев https://www.youtube.com/watch?v=tHDr7qAg_yI Ноутбук немесе компьютер, оқулықтар жиынтығы. | ||||
Сабақ соңы 38-40 | Рефлексия Мұғалім оқушылармен сабақ барысында орындалған іс-әрекеттерді талқылайды. Қиындық туғызған тапсырмаларға көңіл бөледі.
| Жазбаша кері байланыс алу | ||||
Дифференциация – мұғалім практикалық жұмыс барысында оқушылардың жұмыстарын бақылап, керек кезде қайта түсіндіріп, көрсетеді, көмектеседі. Аса қабілетті оқушыларға қиындау тапсырманы орындау ұсынылады, мысалға, бірнеше символдарды қолдану. | Бағалау – практикалық жұмыс басында оқушылар топ ішінде кестеде бағалау критерийлерін толықтырады. | Техникалық қауіпсіздік сақтау. Қауіпсіздікті сақтау сабақ жүргізу. | ||||
Оқушылар шығармашылық жұмысты орындау барысында музыкалық қабілеті дамыған оқушы ықшам шығарманы музыкалық аспапта немесе екі дауыста орындауына жол беріледі. | Қалыптастырушы бағалау 6.2.2.1 – музыкалық аспаптар мен дауысын қолдана отырып, музыкалық композициялар шығару және импровизация жасау; Кері байланыс | Топтық жұмысты орындау барысында ақпарат ізденуде, таныстырылым кезеңінде оқушылар бір-біріне деген құрметтілігін көрсете отырып, сабақ барысында қауіпсіздік ережелерін сақтайды. | ||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру