Музыка және поэзия. Музыка, 6 сынып, қосымша материал. 2 сабақ.


Мұғалімге арналған нұсқаулық

 Сабақ барысын ұйымдастыру бөлімінен бастаңыз. Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстырыңыз.

 Тыңдау және талдау тапсырмасын орындау үшін Сырбай Мәуленовтың «Теңіз тамшысы» жыр жолдарын оқып, оның шығу себеп болған анықтап, өлең жолдарын оқып, талдаңыз.

  - С.Мәуленов осы өлең жолдарын жазған мезетте қандай сезімде болды деп ойлайсыңдар?

«Судың атқып аспанға тамшылары,

Найзағайдай қайтадан шаншылады.

Бір тамшыда кешкі күн батуымен

Бір қабысқан жанатын таң шырағы.

Бір тамшыда бар бояу басын қосқан:

Сарғылт жаға,

Көк теңіз,

Жасыл аспан.

Теңіз шебер жатқандай алқа жасап,

Жеті түсті ғажайып асыл тастан».

  • Өлең жолдары сіздерге қандай көңіл күй сыйлады?
  • Осы көңіл күйді қандай сөздермен белгілеп айтар едіңіз? сұрақтары көмегімен өлеңнің мазмұнын, көңіл-күйін анықтаңыздар.

 Шығарма жазу және импровизация тапсырмасын орындау үшін карточкалар көмегімен сыныпты топтарға бөліңіз.

Сырбай Мәуленовтың «Теңіз тамшысы» шығармасын топқа берілген тапсырмалар бойынша интерпретация дайындауды сұраңыз. Тапсырманы орындамас бұрын, оқушыларды бағалау критерийлерімен таныстырыңыз, мүмкін болса, сыныппен бірге критерийлерді толықтыруға болады.

 1 топ – өлеңді мәнерлеп оқу;

 2 топ - шағын қойылым көрсету;

 3 топ – музыкалық сүйемелдеу орындау.

Бағалау критерийлері:

  • шығарманың көркем бейнесін жеткізеді;
  • ансабльдік ережелерді сақтайды;
  • музыкалық аспапты сүйемелдеуге қолданады;
  • топтық жұмыста өз рөлін орындайды.

Әр топ өз импровизациясын таныстырған соң, бірін-бірі бағалау жүргізіңіз.

Сабақ соңында рефлексия жүргізіңіз.

Сабақтағы іс-әрекетіңізге рефлексия жүргізу.

*Бағалау критерийлерін оқушылармен бірлесіп, толықтыруға болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу