Музыка және поэзия. Музыка, 6 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3 Бөлім: Музыка және өнер түрлері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Музыка және поэзия

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.1.1 - тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау;

6.1.2.3 - көркем бейнені құруда музыка және өнердің басқа түрлерінін көркемдеуші құралдарын салыстыру

6.1.3.1 - әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, екі дауыспен,немесе канон элементтерін қолдана отырып, әртүрлі стильдегі және жанрдағы әндерді орындау;

6.2.2.1 - музыкалық аспаптар мен дауысын қолдана отырып, музыкалық композициялар шығару және импровизация жасау;

 Сабақ мақсаттары

 

Оқушылар:

  • Шығарманың көркемдеуші құралдарын салыстырып, анықтау;
  • Әуеннің көркем бейнесін жеткізе отырып орындайды;
  • көркемдеуші құралдарды, дауысты, музыкалық аспаптарды қолдана отырып, композицияны импровизациялайды.

Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • музыкалық шығарманы талдайды;
  • музыкалық композиция мен поэзияны сәйкестендіреді;
  • әуенді орындауда көркем бейнесін жеткізеді;
  • дауыс пен музыкалық аспаптар көмегімен композицияны орындайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

Поэзия мен музыканы талдап, саралайды, музыкалы-шығармашылық жұмыс орындау үшін өз идеяларын ұсынады.

Поэзия, орындаушы

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Осы шығарманың авторы кім?
  • Әнді талдап, қай стильде және жанрда жазылғанын анықтаңыз?

Құндылықтарды

дарыту

Классикалық музыка мен әдеби шығармаларға қызығушылығын арттырып, өнерге деген сыйластығын тәрбиелеу.

Пәнаралық

байланыстар

әдебиет

Бастапқы білім

Берілген тақырып бойынша, оқушыларда стиль, жанр ұғымдары туралы ақпарат бар. Сонымен қатар, әдебиет пәнінен алған білімдерін қолдана алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин.

5 мин.

Ұйымдастыру бөлімі. Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстыру.

Тапсырма. Тыңдау және талдау.

Сырбай Мәуленовтың «Теңіз тамшысы» жыр жолдарын оқып, оның шығу себеп болған анықтау. Өлең жолдарын оқып, талдаңдар.

  • С.Мәуленов осы өлең жолдарын жазған мезетте қандай сезімде болды деп ойлайсыңдар?

«Судың атқып аспанға тамшылары,Найзағайдай қайтадан шаншылады.Бір тамшыда кешкі күн батуыменБір қабысқан жанатын таң шырағы.Бір тамшыда бар бояу басын қосқан:Сарғылт жаға,Көк теңіз,Жасыл аспан.Теңіз шебер жатқандай алқа жасап,Жеті түсті ғажайып асыл тастан».

  • Өлең жолдары сіздерге қандай көңіл күй сыйлады?
  • Осы көңіл күйді қандай сөздермен белгілеп айтар едіңіз?

Слайдтық презентация

Сабақтың ортасы

25 мин.

5 мин.

Тапсырма. Шығарма жазу және импровизация.

Сыныпты топтарға бөлу.

Сырбай Мәуленовтың «Теңіз тамшысы» шығармасын топқа берілген тапсырмалар бойынша интерпретациялау.

1 топ – өлеңді мәнерлеп оқу;

2 топ - шағын қойылым көрсету;

3 топ – музыкалық сүйемелдеу орындау.

Бағалау критерийлері:

  • шығарманың көркем бейнесін жеткізеді;
  • ансабльдік ережелерді сақтайды;
  • музыкалық аспапты сүйемелдеуге қолданады;
  • топтық жұмыста өз рөлін орындайды.

Бірін- бірі бағалау жүргізіңіз. Өзіңізді және өзгелерді бағалаңыз.

Музыкалық, шулы аспаптар, т.б.

карточкалар

Сабақтың соңы

2 мин.

Рефлексия.

Сабақтағы іс-әрекетіңізге рефлексия жүргізу.

стикерлер

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдаукөрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтарға берілген тапсырмаларды орындау барысында, дағдылар бойынша рөлдерге бөліне алады.

Музыкалық аспапта ойнау дағдысы жоғары оқушы, сүйемелдеу немесе солист рөлін орындай алады.

Бақылау;

Бағалау критерийлері бойынша бірін-бірі бағалау.

Кері байланыс.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу