Жобаны таныстыру. Музыка, 6 сынып, қосымша материал.


6 сынып Музыка

Жобаны таныстыру 9 сабақ

Мазмұны

  • Сабақ жоспары
  • Дидактикалық материалдар
  • Презентация

Кіріспе

Нұсқаулықта Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері, Бағдарламаны іске асырудан

күтілетін нәтижелер туралы ақпарат берілген. Ұсынылған материалдар «Музыка» пәні

мұғалімдеріне өз сабақтарын жоспарлап, өткізуге көмектесетін болады. Сонымен қатар, мұғалімдерге ықшам сабақ арқылы Бағдарлама материалдарын өз тәжірибесінде сынап көруге және оны ой елегінен өткізіп, рефлексия жасауға, сондай-ақ оқушыларға барынша қолдау көрсетуге бағытталған жаттығу мен тапсырма әзірлеуге мүмкіндік беріледі.

Сабақ тақырыбы:

Жобаны таныстыру

Оқу мақсаты:

6.2.2.1 – музыкалық көркем құралдарын, музыкалық аспаптар мен дауысын қолдана отырып, музыкалық композициялар шығару және импровизация жасау;

6.2.2.2 – компьютерлік бағдарламаларды (Audacity, Soundation, Windows Movie Maker, Киностудия) қолдана отырып, музыкалық композицияларды редакциялау және интерпретация жасау;

6.1.2.4 – ауызша және жазбаша жұмыстар орындау барысында музыкалық терминологияны пайдалану;

6.3.1.1 – шығармашылық көрсетілімнің бағдарламасын таныстыру, оларды критерияларға сәйкес бағалау, өзінің және өзгелердің жұмысын жақсарту үшін түрлі ұсыныстар енгізу; Сабақ барысы:

Сабақты ұйымдастыру шараларынан бастаңыз. Ең алдымен сынып ішінде жағымды психологиялық ахуал туғызып, оқушылардың назарын толығымен сабаққа аударуын қадағалаңыз. «Иірім» әдісі арқылы оқушыларға ұйымдастыру кезеңін өткізіңіз. Оқушыларға әр түрлі түсте жіп иірімін ұсыныңыз. Жіптің ұзындығы түрлі болуы мүмкін. Әр оқушы өзіне ұнатқан жіп иірімін алады, кейін жобаға немес сабаққа арналған тілек өдерін сыйлады, жіпті қолдарына байлап береді. Сыныпты бүгінгі сабақтың тақырыбы мен алға қойылған мақсаттарды атап өтіп, оқушылардың алдағы уақытта орындайтын іс-әркеттерімен таныстырыңыз. Оқушыларға жобалық жұмыстың басталуы туралы атап өтіңіз. Шығармашылық-жобаның мақсаты мен бағалау критерийлеріне назар аудартыңыз. Жоба соңында қандай нәтижеге жетені жөнінде сөз қозғаңыз. Жаңа идеяны ұсынуды сұраңыз. Кейін әр оқушы немесе әр топ өзінің идеясын ұсынған соң, әр топқа жеке тақырыпша таратып, орындалатын іс-әрекетті орындауды ұсыныңыз. Оқушылар өздерінің дағдыларын өткен бөлім бойынша көрсетуіне жол беріңіз. Әр компьютерлік бағдарламаларын,театр, кино, бейнелеу өнері тақырыптарын қолдануы керек. Оқушылар жобаны сынып алдынла таныстырады. Жобаға арналған бағалау критрерийлерін ұсыныңыз. Орындалған жобаға кері байланыс бере отырып, бағалау өткізіңіз.

Рефлексия.

Рефлексияны жобаға арнап өткізіңіз. «Синквейн» әдісін қолданып оқушыларға 5 жол шумақ өлең жолын жазуды ұсыныңыз. Жалпы сабақ және тоқсан бойынша өткен тақырыптарды қорытындылаңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу