Джаз музыкасы. Музыка, 6 сынып, қосымша материал. 3 сабақ.


6 сынып Музыка джаз музыкасы 3 сабақ

Мазмұны

  • Сабақ жоспары
  • Дидактикалық материалдар
  • Презентация

Кіріспе

Нұсқаулықта Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері, Бағдарламаны іске асырудан

күтілетін нәтижелер туралы ақпарат берілген. Ұсынылған материалдар «Музыка» пәні

мұғалімдеріне өз сабақтарын жоспарлап, өткізуге көмектесетін болады. Сонымен қатар, мұғалімдерге ықшам сабақ арқылы Бағдарлама материалдарын өз тәжірибесінде сынап көруге және оны ой елегінен өткізіп, рефлексия жасауға, сондай-ақ оқушыларға барынша қолдау көрсетуге бағытталған жаттығу мен тапсырма әзірлеуге мүмкіндік беріледі.

Сабақ тақырыбы:

Джаз музыкасы

Оқу мақсаты:

6.1.1.1 – тыңдаған музыкалы шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау;

6.2.1.1 – музыкалық-шығармашылық жұмыс жасау үшін идеялар ұсыну, жоспарлау және музыкалық материалға интепретация жасау;

Сабақ барысы:

Сабақтың басында оқушылармен сергіту сәтін өткізіңіз. Сергіту сәті Джаз биімен байланыстырыңыз.Оқушылар бейнебаянды экранға қарап қайталайды. Сергіту сәтін орындап болған соң, оқушылармен миға шабуыл әдісін қолданыңыз. Бірнеше сұрақ қойыңыз, сабақ тақырыбын сұрақ қою арқылы анықтап алыңыз. Кейін сабақ мақсаты мен орындалатын іс-әрекетті анықтап, оқушыларға ұсыныңыз.

Өзіңіз Джаз музыкасы жөнінде анықтама беріңіз. Мәлімет беру барысында сізге көмекші ретінде Джаз музыкасының тарихы туралы бейнебаянды көрсетуге болады.

Джа музыкасы туралы мәлімет алғаннан кейін оқушылрадың түсінігі толық болады, сол кезде сіз оқушыларға атақты джаз әншісі Луи Армстронгтың өмірбаяны мен туындылары туралы ақпарат ізденуге бет бұрыңыз. Оқушылар өз бетінше ақпарат ізденіп, өзінің білімін толықтырады. Ақпаратты сынып ішінде талдап өтіңіз. Бірнеше сұрақ қоюға да болады.

Келесі сәтте тыңдалым дағдысын ұйымдастырыңыз. Тыңдалым сәтінде Луи Армстронгтың бір әнін негізге алыңыз және қазақтың ұлттық этно-фольклорлық Өрлеу тобының бір туындысын салыстыру ретінде тыңдатыңыз. Екі шығарманың байланысы мен айырмашылығын анықтап алыңыз. Аспаптар тізімін қарастырыңыз. Джаз музыкасында қандай аспаптар қолданылды, этно-фольклорлық топта қандай аспаптар қолданылғаны жөнінде сыныппен әңгімелеңіз.

Шығармашылық жұмыс.

Шығармашылық жұмысты орындау үшін оқушыларға Луи Армстронгтың әнін таңдап қойыңыз. Бұл әнді оқушылар орындай алатындай етіп, интерпретация жасауға ұсыныңыз.

Интерпретация жасау барысында оқушыларға еркіндік беріңіз. Оқушылар өз топтарында белгілі бір стлиь немесе жанрды таңдай отырып интерпретация жасайды. Бірақ сізге бірнеше стиль мен жанр түрлерін атап кетуіңізге болады. Тапсырманы орындамас бұрын оқушыларға бағалау критерийлерін атап өтіңіз немесе оқушылармен арнқытап алыңыз. Тапсырмаға арналған дескрипторларға назар аударыңыз. Тапсырманы орындауға 20 минут беріледі. Уақыт аяқталғаннан кейін әр топ өзінің шығармашылық жұмысын сынып алдында таныстырады.

Бағалау әдісі «Бағдаршам» арқылы өтеді. Үш түрлі түсті шеңберді таңдау арықылы оқушылар әр топты бағалайды. Әр түстің өзінің атауы бар «Қызыл- орташа», «Сары- жақсы», «Жасыл-өте жақсы» осы карточкалар арқылы оқушылар әр атауға өзінің кері байланысын береді.

Рефлексия.

Оқушылармен сабақ барысында орындалған іс-әрекеттерді талқылаңыз. Қиындық туғызған тапсырмаларға көңіл бөліңіз. «Ашық микрофон» әдісін қолданыңыз. Бұл әдіс арқылы оқушылардың ішкі-жан дүниесіндегі эмоцияны анықтап алыңыз. Неліктен ол сондай көңіл-күйде болды? Оны қандай жолдар арқылы шешуге болатыны жөнінде анықтаңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу