Заманауи музыкалық жанрлар. Музыка, 6 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім:Заманауи музыка мәдениеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Заманауи музыкалық жанрлар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.1.1 – тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау;

6.1.3.1 – әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, екі дауыспен немесе канон элементтерін қолдана отырып, әртүрлі стильдегі және жанрдағы әндерді орындау;

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • рэп және поп музыка стидьдерін талқылайды;
  • С. Мусалимовтың «Менің Қазақстаным» әнін тыңдайды және талдайды;
  • әнге түрлі стильде импровизация жасайды;
  • өзінің және өзгенің жұмысына баға береді.

Бағалау

критерийлері

Оқушы:

  • рэп және поп музыка стильдерінің айырмашылығын анықтайды;
  • С. Мусалимовтың «Менің Қазақстаным» әнін талдайды;
  • түрлі стильде әнді импровизациялайды;
  • әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, орындайды;
  • өзінің және өзгерің жұмысына әділ баға береді.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • музыканы талдау және талқылау барысында пәндік терминдерді қолдана отырып, әндер мен стильдерге сипаттама бере алады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Мен музыка тыңдағанда … … сезіндім. … … …
  • Бұл ән заманауи........, себебі........

Терминдер және түсініктер:

Рэп, хип-хоп, битбокс, поп.

Құндылықтарды дарыту

Ұлттық музыка және әлемдік музыка мәдениетіне деген сыйластық, үштілділікті дамыту.

Пәнаралық байланыстар

Заманауи стильде шумақ жолдарын импровизациялау барысында, әдебиет пәнінен алған білімдерін қолдана алады.

АК Т қолдану дағдылары

Бастапқы білім

оқушыларда заманауи әндерді тыңдау арқылы, түрлі стильдер жөнінде білімдері болуы мүмкін.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин.

5 мин.

Сабақ басында:

Ұйымдастыру бөлімі. Сабақтың мақсаты, бағалау критерийлері мен таныстыру. Сабақ тақырыбымен таныстыру.

Тапсырма. Ән тыңдау және талдау.

Әні мен сөзі С. Мусалимовтың «Менің Қазақстаным» әнін тыңдау.

  • Ән не жайында айтылады?
  • Бұл ән заманауи болып санала ма?
  • Неліктен?

Әннің шумағы мен қайырмасын барлық сыныппен қосылып орындау (караоке).

Презентация

Әні мен сөзі С. Мусалимов «Менің Қазақстаным»

әннің сөзі:

http://song5.ru/text/все-звзды-мой-казахстан

әннің бейнебаяны:

https://www.youtube.com/watch?v=hEBY599V8vE

әннің караокесі:

https://www.youtube.com/watch?v=gYeCiyIHEek

Сабақтың ортасы

5 мин.

2 мин.

15 мин.

10 мин.

Тапсырма. Импровизация және орындау.

Карточкаларда берілген музыкалық стильдердің сәйкестігін табу.

  • Рэп пен поп музыка стильдерінің қандай айырмашылықтары бар?

Топтық жұмыс.

Сыныпты аспаптар суреттері бейнеленген карточкалар (гитара, саксафон, домбыра) көмегімен топтарға бөлу.

Топта «Менің Қазақстаным» тақырыбында дайын әннің шумағы мен қайырмасын немесе өздері шығарған шумақ жолдарын рэп, хип-хоп, поп стилінің бірінде орындау.

Әр топ импровизациясын сынып алдында орындау.

Топтық жұмысты бағалау үшін дескрипторлар:

  • Берілген стильдегі импровизацияны ұсынады;
  • Креативті импровизация үлгісін көрсетеді;
  • Әуеннің көңіл күйін жеткізеді;
  • Топта өз рөлін атқарады;
  • Өз жұмысына әділ баға береді.

Карточкалар

Сабақтың соңы

1 мин.

Рефлексия.

  • Сіздің орындауыңызда не жақсы шықты?
  • Қандай өзгерістер енгізер едіңіз?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Кейбір оқушылар импровизация кезінде шумақ жолдарын шығара алады;

Орындау дағдысы жоғары оқушылар, белгілі бір стильде солист рөлін орындай алады.

Музыкалық аспапта орындау дағдысы жоғары оқушылар өз импровизациясын ұсына алады.

Сабаққа арналған бағалау критерийлері;

Топтық жұмысты бағалау;

Өзін-өзі бағалау; Мұғалімнің кері байланысы.

Қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу