Эстрадалық музыка. Музыка, 6 сынып, қосымша материал.1 сабақ.


Мұғалімге арналған нұсқаулық

Сабақ барысын оқушыларға сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары, бағалау критерийлерімен таныстырудан бастаңыз.

Тыңдау және талдау тапсырмасы.

 Қазақтың халық әні «Он алты қызды» Ғ.Құрманғалиевтің, ВИА «Дос - Мұқасанның хордың орындауындағы үзінділерді тыңдатып,келесі сұрақтар көмегімен талдаңыз:

  • Бұл ән сізге таныс па?
  • Бұл ән не жайында айтылады?
  • Ұсынылған орындаулар несімен өзгешеленеді?
  • Қандай музыкалық аспаптар ойналды?
  • Ұсынылған орындаудың қайсысы эстрадалық болады?

Осы тапсырма арқылы оқушылардағы алдыңғы білім деңгейін тексере аласыз.

  Ақпарат іздеу тапсырмасы.

Бұл тапсырманы орындау үшін, оқушыларды карточкалар көмегімен алдын-ала келесі топтарға бөліңіз:

 1 топ – эстрадалық музыка тарихы;

 2 топ - Қазақстандағы эстрадалық музыка;

 3 топ – Қазақстандағы алғашқы эстрадалық әншілер.

Әр топ өзіне түскен сұрақтарды талқылайды және өз жауаптарын постер арқылы сынып алдында қорғайды. Қорғау уақыты мен ақпарат дайындау уақытын белгілеп, әрдайым оқушылар есіне салып отырыңыз. Қорғау барысында басқа топтардан сұрақтар мен ұсыныстар дайындауды сұраңыз.

 Тапсырманы сапалы орындау үшін оқушыларға тақырып бойынша тарапта материалдар, кітап, журналдар ұсыныңыз. Мүмкіндік болса, ноутбукпен қамтамасыз етуге болады.

Ән үйрену және орындау тапсырмасы.

Қазақтың халық әні «Он алты қызды» сыныпта үйреніңіз. Сыныпқа алдын-ала әннің мәтінін таратуға болады. Ән айту ережелерін ұстаныңыз. Оқушыларға әннің көркем бейнесін жеткізіп орындауға көмектесіңіз.

Рефлексия.

Сабақты мен білдім, білгім келеді, білемін әдісімен аяқтаңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу