Эстрадалық музыка. Музыка, 6 сынып, қосымша материал. 2 сабақ.
Мұғалімге арналған нұсқаулық
Сабақ барысын оқушыларға сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары, бағалау критерийлерімен таныстырудан бастаңыз. Сабаққа берілген видеоресурстардың және презентацияда бейнеленген суреттердің көмегімен мюзикл, би, цирк өнері туралы талдаңыз:
- Бұл суреттердің эстрадаға қандай байланысы бар?
- Сізге бұл өнердің қай түрі ұнайды?
Талдау барысында оқушылардың тақырып бойынша деңгейлерін анықтауға болады. Сабақты зерттеу (топтық жұмыс) тапсырмасымен жалғастырыңыз. Ол үшін сыныпты карточкалардың көмегімен келесі топтарға бөліңіз:
1 топ- мюзикл ұғымы;
2 топ – би ұғымы;
3 топ- цирк ұғымы;
4 топ- пантомима ұғымы.
Әр өнер түріне топтар кластер жинақтақтайды. Кластер жинақтау үшін оқушыларға өнер түрлері туралы мәліметтер мен кітаптар таратыңыз. Топтық жұмыс орындау барысында оқушылар берілген өнер түрлерінің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін анықтап, талдайды. Өз жауаптарын төменлегі кестеде көрсете алады.
Мысалы:
Орындау және импровизация тапсырмасын жүзеге асыру үшін берілген атаулар бойынша топтарға бөліңіз:
«Эстрадалық әнші»
«Дәстүрлі әнші»
«Опера әншісі»
Әр топқа қажетті уақыт белгілеп шығармашылық жұмыс (пантомима) орындауға көмектесіңіз. Өз шығармашылық жұмыстарын топтар сынып алдында таныстырады.
Топтар бір-бірін бағалау үшін алдын-ала бағалау дескрипторларымен таныстырыңыз. (сонымен қатар, дескрипторларды оқушылармен бірге толықтыруға болады).
Бағалау үшін дескрипторлар:
-Көркем бейнені жеткізеді;
-Топта өз рөлін орындайды.
Тапсырма. Әнді орындау.
Қазақтың халық әні «Он алты қызды» ән орындау ережелеріне сай, сыныпта канонмен орындатыңыз. Ән орындау барысында әннің көркем бейнесін жеткізуді сұраңыз.
Сабақ соңында:
- Орындауыңызда не жақсы шықты?
- Нені одан әрі жақсарта түсуге болады? сұрақтары көмегімен рефлексия жүргізіңіз.
Сонымен қатар, жалпы сабақ бойынша қорытынды жасаңыз. Ол үшін оқушылармен бірге сабаққа қойылған оқу мақсаттарына оралып, бағалау критерийлерінің орындалғанын тексеріп, қорытындылаңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?