Эстрадалық музыка. Музыка, 6 сынып, қосымша материал.
6 сынып Музыка Эстрадалық музыка 1 сабақ
Мазмұны
- Сабақ жоспары
- Дидактикалық материалдар
- Презентация
Кіріспе
Нұсқаулықта Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері, Бағдарламаны іске асырудан
күтілетін нәтижелер туралы ақпарат берілген. Ұсынылған материалдар «Музыка» пәні
мұғалімдеріне өз сабақтарын жоспарлап, өткізуге көмектесетін болады. Сонымен қатар, мұғалімдерге ықшам сабақ арқылы Бағдарлама материалдарын өз тәжірибесінде сынап көруге және оны ой елегінен өткізіп, рефлексия жасауға, сондай-ақ оқушыларға барынша қолдау көрсетуге бағытталған жаттығу мен тапсырма әзірлеуге мүмкіндік беріледі.
Сабақ тақырыбы:
Эстрадалық музыка.
Оқу мақсаты:
6.1.2.2 – эстрада музыкасының жанрлары мен бағытын анықтау;
6.1.3.1 – әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, екі дауыспен,немесе канон элементтерін қолдана отырып, әртүрлі стильдегі және жанрдағы әндерді орындау;
Сабақ барысы:
Сабақты бастамас бұрын сізге оқушылармен ойлау қабілеттеріне арналған жаттығуларды өткізу қажет. Мысалы оң қолымен шардың суретін ауада салса, сол қолымен үшбұрыштың суртені ауада салып көрсету керек. Бұл жаттығу бір уақытта көрсетілу қажет. Жаттығуды орындау үшін сізге 4-5 минут уақыт аралығы қажет етіледі.
Ұйымдастыру кезеңінде оқушыларға сабақ тақырыбы, сабақ мақсаты мен орындалатын іс әрекетті атап өтіңіз.
1 кезең. Оқушыларды орындарына жайғастырғаннан кейін оқушылармен тыңдалым дағдысын ұйымдастырыңыз. Оқушыларға 3 әншіні ұсыныңыз, әр әншінің өзіндік жеке орындау әндерін қосыңыз. Әр әнді 0,5-1 минут уақытында тыңдатыңыз. Ол үшін сізге 3 әншінің әндерін әзірлеп қоюыңызға тура келеді. Әндерді тыңдап болғаннан кейін «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы оқушыларға миға шабуыл жасаңыз, әншілердің және әндердің айырмашылығы мен ұқсастығы жайында талдау жүргізіңіз. Талдау барысында әр оқушының пікірін тыңдауға тырысыңыз. «Сұрақ-жауап» әдісі бойынша сізге Эстрадалық ән айту не екенін атап өтуіңізге болады. Қазақстан Республикасында қандай эстрадалық жанр түрі жақсы дамыған жөнінде оқушылармен ықшам әңгіме құрастыра аласыз.
2 кезең. Оқушыларға Ұлттық нақышты тәрбиелей отырып «Бір бала» халық әнін орындауды үйретіңіз. Ең алдымен оқушыларға «Бір бала» әнін жеке дауыста орындап немесе аудио жазба арқылы тыңдатыңыз. Әннің сөзін таратпа материалдар арқылы оқушыларға ұсыныңыз. Әннің сөзіне баса назар аудартыңыз. Әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, екі дауыспен немесе жай ғана топпен орындатып көріңіз. Бұл тапсырманы оқушыларға өз бетінше орындауға жол беріңіз. Тапсырманы орындау барысында бағалау критерийлерін атап өтіңіз. Оқушылар бағалау критерийлеріне сүйене отырып шығармашылық тапсырманы орындау қажет.
Тапсырманы орындалуын тексеру үшін дескрипторларды қолданыңыз.
Бағалауды «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы өткізіңіз. Әр топ немесе жұп өзінің жұмысын сынып алдында таныстырсын.Жұмысты таныстыру барысында бағалау критерийлеріне сүйене отырып 2 жұлдызды не үшін сыйлағанын және 1 тілек айтуға баулыңыз.
Рефлексия.
Оқушылармен сабақ барысында орындалған іс-әрекеттерді талқылайды. Қиындық туғызған тапсырмаларға көңіл бөліңіз.
-Бүгінгі оқу мақсатына жеттік пе?
-Қандай іс-әрекет орындау арқылы сабақ мақсатына жеттік?
-Шығармашылық жұмысты орындау барысында қандай қиындықтарға тап болдыңыз және қандай шешім қабылдадыңыз?
Қойылған сұрақтарға жауап алу тәсілін өзіңіз таңдай аласыз, бұл рефлексияны жазбаша немесе ауызша алуыңызға болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?