Жобаны таныстыру. Музыка, 6 сынып, сабақ жоспары. 8 – сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Музыка

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

 1 тарау. Классикалық музыканың үздік туындылары

 Сабақ: 8

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жобаны таныстыру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.1.1 шығармашылық көрсетілімнің бағдарламасын таныстыру, оларды критерияларға сәйкес бағалау, өзінің және өзгелердің жұмысын жақсарту үшін түрлі ұсыныстар енгізу;

6.1.2.4 ауызша және жазбаша жұмыстар орындау барысында музыкалық терминологияны пайдалану

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • Топта шығармашылық жұмысқа арналған композицияны жақсартады;
  • Пәндік терминологияны қолданып, шығармашылық жұмысты қорғайды;
  • Басқалардың жұмысын бағалайды.

 Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • Берілген тақырыпқа музыкалық сүйемелдеуді құрастырып, топта бірлесе жұмыс атқарады;
  • Рөлдерді өзара бөле отырып, ортақ шығармашылық жобаны көпшіліктің алдында көрсете алады;
  • Басқа оқушылардың жобаларын бағалай алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

Пәндік терминдерді қолданып, шығармашылық жобаны қорғайды.

Талдауға арналған сұрақтар:

Біздің оркестрде... аспаптар ойнайды;

Операның басты ерекшеліктері... сондықтан біз ... орындадық;

Біздің операдағы арияны... орындайды ... дауыс тембрі...;

Шығарманың динамикасы ..., ол ...көңіл-күй береді….;

Шығарманы ... екпінде орындадық , себебі...;

Біз балеттің … ерекшелігін көрсеттік.

 Құндылықтарды дарыту

Бір бірінің жұмысына құрметпен қарауды үйрену.

Талдау және рефлексия кезеңінде коммуникативті дағдылардың дамуын қадағалау.

 Пәнаралық байланыстар

-

 АКТ қолдану дағдылары

Смартфон, планшет, ноутбук көмегімен (мүмкіндікше) орындау тапсырмасында қолдануға болады.

Бастапқы білім

Осы сабақтың мазмұны оқушылардың осыған дейінгі тақырыптың негізінде құрастырылған. Бұл сабақ тарау бойынша жасалған жұмысты қорытындылайды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

6 мин.

12 мин.

Оқушыларды сабақ тақырыбы мен мақсаттырымен таныстыру.

Стартер: Берілген тапсырмаларды орындау.

Жұмыстарды алмастырып, өзара тексеру жүргізу.

Тапсырма: Жобаға дайындық

«Оркестр», «Опера», «Балет» тобындағы балалар алдынғы сабақтағы дайындықты жалғастырып жүргізу. Сыныпқа дайындалуға арнайы уақыт беру.

1 топ – шулы аспаптар көмегімен оркестрге арналған композиция орындау;

2 топ - «Біржан- Сара» операсы негізінде құрылған қысқа көрініс көрсету;

3 топ - «Щелкунчик» балеті негізінде құрылған қысқа көрініс көрсету.

Бағалау критерийлері:

  • Жоба тақырыбына сай сюжет;
  • Сюжетке музыканың сәйкестігі;
  • Топтық жұмыс;
  • Топтағы ансамльдік орындау;
  • Музыканың көркемдеуші құралдарын ескеріп көрсету.

ҚБ парақшалары;

Музыкалық материал:

М. Тулебаевтің "Біржан - Сара" операсы;

"Щелкунчик" балеті;

Шулы аспаптар;

Көрініске керекті костюм элементтері; декорациялар;

Сабақтың ортасы

20 мин.

Тапсырма. Қорғау, презентация және бағалау.

Музыкалық терминологияны пайдаланып, өз жұмыстарыңызды талдаңыздар:

  • Сюжеттің қысқаша мазмұны?
  • Әр қайсыңыздың рөлі (жұмыс графигі)?
  • Сәтті және қиындық туғызған кезеңдер? Неге?
  • Жұмыс графигіндегі көзделген мерзімді пайдалана алдыңыздар ма?
  • Қандай білім мен дағдыны ала алдыңыздар?
  • Осы жұмыстарыңыз көңілдеріңізден шықты ма?
  • Өз жұмысыңызды жақсарту үшін не істедіңіздер?
  • Жұмысты жасау барысында қойылған мақсатқа жеттіңіздер ме?
  • Нені жақсартуға болар еді?

Сынып алдында өз жобаңызды көрсетіңіз (декорация, шулы аспаптар, костюмдер және т.б).

Көрініске арналған декорация, костюм элементтерін, сонымен қатар оркестр дайындауға шулы аспаптарды алдын ала дайындау қажет.

Бірін бірі бағалауды ұйымдастыру (таратпа кесте).

жұмыс графигі бар үлестірме парақшалары;

Сабақтың соңы

2 мин.

  • Ой толғау
  • Осы тарауда не үйреніп білдіңіздер?
  • Шығармашылық жобаны жасауда не ұнады?
  • Келесі жобаларға аларыңыз?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Рөлдерге бөліну тапсырмасында оқушылар таңдау еркімен не қабілеттеріне қарай бөлінгені қарастырылған.

Барлық оқушы бағалауға үлесін қоса алады.

Орындау тапсырмасында музыкалық қабілеттері жақсы оқушылар әуенді немесе аспаптарда ойнауды нақты көрсете алады.

ҚБ тапсырмаларын орындау.

Шығармашылық жобаға бағалау критерийлері берілген.

Бірін бірі бағалау презентация мен бағалау тапсырмасында ұйымдастырылған.

Топта өз өздерін бағалау рефлексия кезеңінде көзделген.

Оқушылардың топта атқарылатын жұмыстарын қадағалау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқумақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақытты кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы солжақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу