Қазақстанның кәсіби музыкасы. Музыка, 6 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Музыка
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1 тарау. Классикалық музыканың үздік туындылары Сабақ: 5 | Мектеп: | ||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||
Сабақ тақырыбы | Қазақстанның кәсіби музыкасы (1 сағат) | ||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.1.1.2 оркестрлер түрлеріндегі музыкалық аспаптардың дыбысталуын ажытару, оларды топтар бойынша жіктеу; 6.1.1.1 тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау. | ||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| ||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушы:
| ||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: Пәндік терминдерді қолданып, тыңдалған музыканы талқылайды. Талдауға арналған сұрақтар: Кәсіби музыка деген…; Скрипка оркестрдің… тобына жатады; Барабан оркестрдің… тобына жатады өйткені…; Бұл шығарма … аспабын бейнелеп тұр. Оны … арқылы қабылдап тұрмыз. Терминдер және түсініктер: Симфониялық оркестр, ұлттық оркестр, рояль, музыканың көркемдеуші құралдары, мәдениет қайраткерлері | ||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Қазақстанның кәсіби музыкасына құрметпен қарау, сонымен қатар еліміздің мәдениет қайраткерлерінің әлемдік музыкаға қосып жатқан үлесі жайлы түсінік беру. Музыка тілі- адамзаттың рухани құндылықтары қатарына жататынына көз жеткізу. | ||||||||
Пәнаралық байланыстар | - | ||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Смартфон, планшет, ноутбук көмегімен (мүмкіндігінше) ақпарат іздеу тапсырмасында қолданылады. | ||||||||
Бастапқы білім | Осы сабақтың мазмұны оқушылардың осыған дейінгі сыныптағы білімдерінің негізінде құрастырылған. Сондай ақ балаларда оркестрдің құрамы, рояль аспабы жайлы мағлұматтар болуы мүмкін. | ||||||||
Сабақ барысы | |||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы 3 мин. 7 мин.
| Стартер: «Сөзді тап» Кез келген бір оқушыны шақырып, берілген сөзді жасырып сыныпқа көрсету. Басқа оқушылар сипатын береді, ал осы оқушы қайсы түсінік екенін айтып беру қажет. Түсініктер: симфониялық оркестр, ұлттық оркестр, рояль, музыканың көркемдеуші құралдары, мәдениет қайраткерлері. Осылайша оқушылармен сабақтың тірек сөздерін, мақсатын талқылап қайталау. Тапсырма. Тыңдау және талдау «Музыкалық аспаптарды тап» викторинасына жауап беру. Әр дыбыстаған аспаптың қай топқа жататын сұрап отыру жөн.
Симфониялық оркестрдің құрамын қысқаша оқушылармен талдау: ішекті, үрмелі ағаш, үрмелі темір, ұрмалы топтарға тоқталу. | Power Point презентациясы; Интерактивті тақта (мүмкіндік болса); Түсініктер жазылған үлестірмелі парақшалар; Музыкалық материал: бейнежазба- дидактикалық музыкалық ойын «аспаптарды тап»; | |||||||
Сабақтың ортасы 4 мин. 12 мин. 12 мин. | Тапсырма. Қорытындылау Топта сәйкестікті тауып аспаптарды топтарына қарай жіктеуді тапсыру. Барлық топ ақылдасып біткен соң бірін бірі бағалауды ұйымдастыру. Тапсырма. Тыңдау және талдау Н.Мендыгалиевтің "Легенда о домбре" шығармасын тыңдап, топта талдау. Сұрақтар:
Берілген сұрақтар арқылы фортепиано аспабында ойнау әдіс-тәсілдері туралы оқушылармен кішігірім зерттеу жүргізу. Бір музыкалық аспап, басқа музыкалық аспап дыбысына имитация жасай алатындығы туралы оқушыларға түсінік беру. Халық музыкасы негізінде қалыптасқан Қазақстанның кәсіби музыкасы жөнінде ақпарат дайындау ұсынылады. А.Жұбанов М.Тулебаев, Б. Байқадамов, Г. Жұбанова, Н.Мендыгалиев, Е.Рахмадиев т.б композиторлар туралы қысқаша мәлімет беру. Тапсырма. Ақпарат іздеу. Қазақстанның мәдениет қайраткерлері туралы ақпарат тауып, оларды жарнама түрінде сыныпқа таныстыруды тапсыру. 1 топ - Алан Бурибаев (дирижер) 2 топ - Айман Мусаходжаева (скрипка) 3 топ - Марат Бисенгалиев (скрипка) 4 топ - Жания Аубакирова (фортепиано) 5 топ - Айгүл Үлкенбаева (домбыра) 6 топ - Раушан Оразбаева (қобыз) Бағалау критерийлері:
Әр топ өз жарнамасын көрсетіп болған соң оқушылармен өз ара бағалауды ұйымдастыру. | сәйкестікті табуға арналған үлестірмелі парақшалар (әр топқа); Музыкалық материал: бейнежазба- Н.Мендыгалиев "Легенда о домбре" орындайтын Ж.Аубакирова https://www.youtube.com/watch?v=obn5jFzKBfI смартфон, планшет, ноутбук (мүмкіндікше) болмаған жағдайда музыкалық энциклопедиялар, оқулықтар, алдын ала дайындалған ақпаратты үлестірмелі парақшалар (берілген қайраткерлер туралы); | |||||||
Сабақтың соңы 2 мин. | Ой толғау:
| ||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||
Талдауға арналған тапсырмаларда мұғалім тарапынан бақылау мен бағыт беріп отыру. Фортепиано аспабында ойнау дағдылары бар оқушылар домбыраның дыбыстылуын салып көруге болады. Ақындық шеберлігі бар оқушыға мәдениет қайраткерлері жайлы ақпаратты өлеңмен жеткізу. | Ақпарат іздеуге арналған тапсырмада оқушылар бағалау критерийлеріне сүйеніп бағалайды. Сәйкестікке арналған тапсырма оркестрдің топтарын білуді тексереді. | Оқушылардың топта атқарылатын жұмыстарын қадағалау. | |||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқумақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақытты кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?