Қазақстанның кәсіби музыкасы. Музыка, 5 сынып, сабақ жоспары. 6 – сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Музыка
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1 тарау. Классикалық музыканың үздік туындылары Сабақ: 6 | Мектеп: | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Қазақстанның кәсіби музыкасы (2 сағат) | |||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.1.3.1 әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, екі дауыспен,немесе канон элементтерін қолдана отырып, әртүрлі стильдегі және жанрдағы әндерді орындау 6.1.3.3 музыкалық шығармалардың қарапайым үзінділерінің сипатын жеткізу, партия бойынша және (немесе) ансамбльмен аспаптарда орындау | |||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| |||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушы:
| |||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: Пәндік терминдерді қолданып, тыңдалған музыканы талқылайды. Талдауға арналған сұрақтар: Ұлттық оркестр деген …; Қазақ ұлттық оркестрде ... аспаптар ойнайды; Қарлығаш әнінің екпіні...; Терминдер және түсініктер: Қазақтың ұлттық оркестрі, дирижер, музыканың көркемдеуші құралдары, ырғақтық сурет. | |||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Қазақстанның кәсіби музыкасына құрметпен қарау, сонымен қатар еліміздің мәдениет қайраткерлерінің әлемдік музыкаға қосып жатқан үлесі жайлы түсінік алу. | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | - | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Смартфон, планшет, ноутбук көмегімен (мүмкіндігінше) талдау тапсырмасында қолдануға болады. | |||||||||
Бастапқы білім | Осы сабақтың мазмұны оқушылардың осыған дейінгі тақырыптың негізінде құрастырылған. Бұл сабақ алдынғы сабақтың жалғасы болып табылады. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 4 мин.
12 мин.
| Стартер: Викторина «Кімнің портреті?» Алдыңғы сабақта танысқан Қазақстанның атақты музыканттарын естеріне түсіруді сұрап, дайындалған Қазақстан музыканттары портреттері бойынша «Кімнің портреті?» викторина ойынын ойнауды ұсыныңыз. Алан Бурибаев, Марат Бисенгалиев, Айман Мусаходжаева, Жания Аубакирова, Айгуль Улкенбаева, Раушан Оразбаева суреттерін қолдану ұсынылады. Тапсырма. Талдау Мәтінмен жұмыс. Әр топқа мәтін бөлініп беріледі де, «Өкіл» әдісі арқылы берілген мәтінді әр топқа барып түсіндіру тапсырылады. 1 топ-"Абай" операсы 2 топ- Опера авторлары. 3 топ- Алғашқы қазақ ұлттық оркестр. 4 топ- Қазақ ұлттық оркестрдің құрамы. Оқушылар бір біріне ауысып ақ арқылы әр топ кезекпен бір-бірлеріне осы әдіс арқылы түсіндіріп шыққан мәтіндері жөнінде сұрақтар қояды. Мысалға берілген сұрақтар:
Қалыптастырушы бағалауды қызыл және сары түсті бес саусақ көрсету арқылы тапсыруға болады. "Ұнамады" деп сары түсті көтерген оқушылардың ойын біліп, беретін ұсыныстарын анықтап тапсырманы қорытындылау. | Power Point презентациясы; Интерактивті тақта (мүмкіндік болса); фотосуреттер бар үлестірмелі парақшалар; Мәтіндері бар үлестірмелі парақшаларды алдын ала дайындау; Екі түсті бес саусақтар суреті (әр оқушыға) | ||||||||
Сабақтың ортасы 22 мин. | Тапсырма. Тыңдау және орындау. А. Жубанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсынан «Қарлығаш» әнін сыныпқа таныстырып, әннің әуенін фразалармен үйрету. Әннің ырғақтық суретін оқушылармен орындап көрсету. Сосын оқушылармен канон орындауын еске түсіре отырып, сыныпты 2 топқа бөліп осы әдіспен әнді орындау (1 шумақ). Ноталардың көмегімен алғашқы 2 фразаны орындау /a-moll. Қалыптастырушы бағалауда ноталық және музыкалық сауатты қайталау қарастырылған. Әнді жақсы меңгеру үшін шығармашылық тапсырма ұйымдастыру ұсынылады. 1 топ – әнді вокалды орындау; 2 топ – әнге сүйемелдеу орындау. Әннің мінездемесі мен көркем бейнесін жеткізуге жұмыс жасау. Ансамбль сақтауды да балаларға ескерту.
Оқушылар сүйемелдеуді орындау үшін сыныпта бар музыкалық немесе шулы аспаптарды қолдана алады.
Бірін бірі бағалауды ұйымдастыру. | Музыкалық материал: А.Жубанов "Қарлығаш" әні Орындаушы Қарақат Абiлдина. https://www.youtube.com/watch?v=_s7IRAkIAwY "Қарлығаш" хордың орындауында https://www.youtube.com/watch?v=RtMD-zjBpXU; Қалыптастырушы бағалау парақшалары; Шулы аспаптар;
| ||||||||
Сабақтың соңы 2 мин. | Рефлексия 3-2-1: (топпен ақылдасқан жазбаша шешім) 3 нәрсе үйрендік... 2 нәрсе туралы көбірек білгіміз келеді... 1 сұрағымызды қоямыз... | Стикерлер /әр топқа | ||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Ақпаратты талқылауға арналған тапсырма барысында оқушыларға көмек көрсету. Фортепиано не домбыра аспабында ойнау дағдысы жақсы оқушылар әннің әуенін орындау. Әнді канон әдісімен орындау кезеңінде музыкалық есту қабілеті жақсы оқушыларды екі топқа бөлу. | Талдауға арналған тапсырмаларда мұғалім жағынан бақылау жүргізу. Қалыптастырушы бағалау парақшасы арқылы (жазбаша жұмыс). Әнді орындау тапсырмасында бағалау критерийлері берілген және тапсырмада бірін бірі бағалау жүргізіледі. Топта өз өздерін бағалау рефлексия кезеңінде көзделген. Рефлексияда көрсетілген оқушылардың ойымен танысу. | Оқушылардың топта атқарылатын жұмыстарын қадағалау. | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқумақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақытты кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?