Қазақстанның кәсіби музыкасы. Музыка, 5 сынып, қосымша материал.


6 сынып Музыка Қазақстанның кәсіби музыкасы 5 сабақ

Мазмұны

  • Сабақ жоспары
  • Дидактикалық материалдар

Кіріспе

Нұсқаулықта Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері, Бағдарламаны іске асырудан

күтілетін нәтижелер туралы ақпарат берілген. Ұсынылған материалдар «Музыка» пәні

мұғалімдеріне өз сабақтарын жоспарлап, өткізуге көмектесетін болады. Сонымен қатар, мұғалімдерге ықшам сабақ арқылы Бағдарлама материалдарын өз тәжірибесінде сынап көруге және оны ой елегінен өткізіп, рефлексия жасауға, сондай-ақ оқушыларға барынша қолдау көрсетуге бағытталған жаттығу мен тапсырма әзірлеуге мүмкіндік беріледі.

Сабақ тақырыбы:

Қазақстанның кәсіби музыкасы

Оқу мақсаты:

6.1.1.1 – тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау;

Сабақ мақсаты:

Оқушылар:

Қазақстанның кәсіби музыкасын талдап, жанр түрлерін анықтау

Сабақ барысы:

1 кезең. Сабақ мақсаты мен сабақ барысында орындалатын іс-әрекеттерді анықтау.

Өткен тақырыптарды еске түсіру. «Блоб ағашы» әдісін қолданып оқушылардың қандай деңгейде орналасқанын анықтаңыз.

2 кезең. Тапсырма 1. Ақпарат іздену

Оқушылар Қазақстанның кәсіби музыкасы туралы ақпарат ізденеді.

1.Тарихын зерттеу

2.Жанр түрлерін анықтау

Тапсырма 2. Шығармашылық жұмыс (жұппен)

Оқушылар тандалған Қазақстан кәсіби музыкасының жанрын негізге ала отырып, ықшам таныстырылым ұсынады. Ықшам таныстырылымды ұсыну үшін сіз оқушыларға жанр түрлерін бөліп алуға көмектесіңіз. Дайындық үшін оқушыларға 10 минут уақыт бересіз. Әр жұп өзінің музыкалық –шығармашылық жұмысын 1-2 минут аралығында орындаулары қажет.

3.Бағалау

Бағалауда оқушыларды 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 сандарын таратыңыз(оқушылардың санына байланысты, мүмкін сізде оқушылар саны аз, онда тарату сандары да аз болып келеді). Әр жұп ортаға шығып өзінің музыкалық шығармасын көрсетеді, сол уақытта көрші жұп оларды «Карусель» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды.

Рефлексия.

Мұғалім оқушылармен бөлім бойынша қорытынды шығарады. Жобаны жоспарлауға және құрастыруға кіріспе жұмыстарымен таныстырып өтіңіз. Оқушыларға жоба барысында қандай құрал-жабдықтарды қолданатыны жөнінде мәлімет беріңіз.

«БЛОБ ағашы» әдісі арқылы оқушылардан сабақ соңындағы деңгейін анықтаңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу