Балет өнері. Музыка, 5 сынып, сабақ жоспары. 4 – сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Музыка

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

 1 тарау. Классикалық музыканың үздік туындылары

 Сабақ: 4

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Балет өнері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.1.1 тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау

6.1.2.1 классикалық музыка жанрлары мен түрлерін анықтау

6.1.2.3 көркем бейнені құруда музыка және өнердің басқа түрлерінін көркемдеуші құралдарын салыстыру

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • Балетті тыңдап оған талдау жасайды;
  • Шығарманың көркемдеуші құралдарын анықтап, сипаттамасын береді.

 Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • Тыңдалған балетті талдай алады;
  • музыканың көркемдеуші құралдарын біледі;
  • балет орындаушыларын ажыратады;
  • әуеннің үзіндісін (танец Феи Драже) орындайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

Пәндік терминдерді қолданып, тыңдалған музыканы талқылайды.

Талдауға арналған сұрақтар:

Балет деген…;

Балеттегі музыканың маңыздылығы…;

Менің ойымша осы балетте … музыканың көркемдеуші құралы құстың бейнесін аша алды. Ол…арқылы оны бейнеледі;

Екпін - ол музыканың…;

Терминдер және түсініктер:

Балет, ансамбль, либретто, увертюра. музыканың көркемдеуші құралдары

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Әлемдік мәдениет мұрасы жайлы ақпарат ала отырып, оны құрметтеу. Музыка, би өнерлерінің биік үлгісіне айналған шығармаларын танып білу.

 Пәнаралық байланыстар

-

 АКТ қолдану дағдылары

-

Бастапқы білім

Осы сабақтың мазмұны алдыңғы сабақта өтілген опера тақырыбымен байланысты. Сондай ақ ансамбль, либретто, увертюра түсініктері де қайталанып қарастырылады. Оқушыларда балет жанры туралы бастапқы білімдері болуы мүмкін.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

6 мин.

18 мин.

Стартер: «Сөзді тап»

Кез келген бір оқушыны шақырып, берілген сөзді жасырып сыныпқа көрсету. Басқа оқушылар сипатын береді, ал осы оқушы қайсы түсінік екенін айтып беру қажет. Түсініктер: балет, увертюра. Музыканың көркемдеуші құралдары: динамика, екпін, ырғақ, лад, регистр, тональдік, тембр т.с.с.

Оқушылармен сабақтың мақсаты мен тірек сөздерді талқылап қайталау- балет, ансамбль, либретто, увертюра, музыканың көркемдеуші құралдары.

Тапсырма. Тыңдау және талдау.

Берілген тақырыпты ойластыра отырып, И. Стравинскийдің «Жар птица» балетінен үзінді көріңіздер.

Балетке барғым келеді (үлестірмелі мәтін):

Біздің қалаға Астана қаласынан «Астана Балет» труппасы келді. И. Стравинскийдің «Жар птица» балетін апаммен бірге көруге алғашқы рет барғаным осы. Бір қызығы мен музыканы жазбамен қоя ма десем, басынан соңына дейін оркестрдің орындауымен бишілер билеп шықты. Апам ол симфониялық оркестр екенін түсіндірді. Таңқалғаным бәрі біркелкі билеп сондай әдемі көрсетті. Костюмдері де ерекше екен. Ертегінің сөздері болмаса да маған барлығы түсінікті болды. Музыканың да дәл сол кейіпкерлерді түсінікті етіп бейнелеуі өте қызықты болып маған «Жар птица» балеті ерекше бір әсер берді.

Топта берілген сұрақтарға талдауды «Сұхбат» тәсілімен журналист және сұхбат беруші ретінде ұйымдастыру. Журналист әр топқа арналған сұрақтарға немесе өзі құрастырған сұрақтарды қойып, оған жауап алуына болады.

Бағалау критерийлері:

  • Пәндік терминологиямен музыканы талдау;
  • Сұхбатты музыканың көркемдеуші құралдарына байланысты жүргізу.

1 топ:

  • Балет дегеніміз не?
  • Балетте қандай өнер түрлері шоғырланған?
  • Балеттегі музыканың маңыздылығы?

2 топ:

  • Симфониялық оркестрдің балеттегі рөлі қандай?
  • Қандай музыканың көркемдеуші құралы осы құстың бейнесін әсерлі етіп бейнеледі?

3 топ:

  • Балет қандай жанрға жатады?
  • Музыка осы балеттің мазмұнын аша алды ма? Қалай?
  • Балеттің ерекшеліктері?

4 топ:

  • «Жар птица» балетінде не ұнады? Неге?
  • Балет бишісі көрерменге бейнені түсінікті қылып жеткізу үшін не істеуі қажет?

Өз ара бағалауды ұйымдастыру.

Power Point презентациясы;

Интерактивті тақта (мүмкіндік болса);

Музыкалық материал:

бейнежазба-

И. Стравинский «Жар птица» балетінен үзінді;

Мәтіні бар үлестірмелі парақша;

Жасанды микрофон;

Сұрақтары бар үлестірмелі парақшалар;

Сабақтың ортасы

4 мин.

10 мин.

Тапсырма. Викторина "Бұл кім?"

Атақты балет орындаушыларымен танысып, викторинаға қатысу-фотосуреттен балет орындаушысын анықтап, атап беру.

М.Плисецкая, Б.Аюханов, А.Асылмуратова, Л.Альпиева, С.Рахметова.

Тапсырма. Тыңдау және талдау.

Шығармалардан үзінділерді көріп, салыстырыңыздар:

  • К.Сен-Санс“Аққұ”. М.Плисецкая орындауында
  • П.И.Чайковский "Щелкунчик", Танец феи Драже
  • Ұқсастықтары қандай?
  • Орындаушы қандай бейнелерді сомдап тұр? Қандай әдіс - тәсілдермен бейнелейді?
  • Орындаушылар кейіпкердің көркем бейнесін жеткізе алды ма?
  • Қандай әдістер, құралдар арқылы?

Қосымша тапсырма. Орындау

П.И.Чайковскийдің «Танец феи Драже» әуенін бірнеше фразасын орындап беріңіз.

Музыкалық материал:

бейнежазба-

К.Сен-Санс“Аққұ”, П.И.Чайковский "Щелкунчик", Танец феи Драже

балеттерінен үзінді;

Сабақтың соңы

2 мин.

Рефлексия

Өзіңіздің сабақта жасаған жұмысыңызға бір ой толғау:

Мен ... ұқтым;

Мен балеттің ерекшелігін түсіндім;

Балеттің ... орындаушысы жайлы білдім т.с.с

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Музыканы талқылауға арналған тапсырма барысында оқушыларға көмек көрсету.

«Жар птица» балетінен үзіндіні талдаған кезеңде дайын сұрақтар беру. Оқушы өз ойынан музыканың көркемдеуші құралдарына сай сұрақтар ойластыруы.

3 тапсырмада бір шығарманы ғана сипаттау.

Балетті талқылауға арналған тапсырмада бағалау критерийлеріне сүйеніп, топтардың жұмысын бір біріне бағалау арқылы тапсыруға болады.

Викторина тапсырмасында үлгіге қарап оқушылардың өз өздерін тексеруі.

Талдауға арналған тапсырмаларда мұғалім жағынан бақылау жүргізу.

Оқушылардың топта атқарылатын жұмыстарын қадағалау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқумақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақытты кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы солжақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу