Қазақ халқынының тұрмыс- салт әндері. Музыка, 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Музыка

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 тарау,

Қазақ халқының тұрмыс-салт әндері мен заманауи музыка

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қазақ халқынының тұрмыс- салт әндері

№1 сабақ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.2.4 ауызша және жазбаша жұмыстар орындау барысында музыкалық терминологияны пайдалану

5.1.1.1 музыкалық жанр мен көркемдеуші құралдарды анықтап, тыңдалған шығарманы талдау

 Сабақ мақсаттары

  • Тұрмыс- салт әндері туралы білу;
  • Пәндік терминдерді кірістіріп, постердің қорғауын көрсету;
  • Музыканың көркемдеуші құралдарының көмегімен музыканы талдау (жанр, лад, екпін, динамика)

 Бағалау критерийлері

Оқушы мақсатқа жетті, егер:

  • тиісті ақпаратты таба алса;
  • топта жұмыс атқара алса;
  • топтың ойын жеткізе алса;
  • терминдердің көмегімен музыканы талдаса.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

пәндік терминдерді қолданып, музыканы талдайды және талқылайды.

Талдауға арналған сұрақтар:

  • Әннің мінезі ... деп ойлаймын.
  • Әннің динамикасы...

Терминдер жіне түсініктер:

халық әні, салт - дәстүр, тұрмыс- салт әндері, музыканың мінезі, лад, екпін, динамика.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Халықтың салт - дәстүрлерін құрметтеу құндылықтары сабақтағы бейнебаянының мазмұны арқылы қалыптастырылады. Қазақ халқының музыкасына ерекше құрмет білдіру. Топтық жұмыс тапсырмаларында оқушылардың бірін бірі сыйлау, өзара қолдау көрсету дағдылары танытылып, дамытылады.

 Концепт

Мәдениет, ұрпақтар сабақтастығы

 Пәнаралық байланыстар

Сабақта тыңдалым - коммуникативті дағдының дамуымен қазақ тілі пәнімен пәнаралық байланыс байқалады. Сонымен қатар сабақ барысындағы вокалды орындау да тілдік дағдылардың дамуына ықпалын тигізеді.

 АКТ қолдану дағдылары

Сабақта ақпарат іздеу тапсырмасында технологиямен жұмыс істеп қолдану.

Бастапқы білім

Осы сабақтың мазмұны 1 бөлімде өтілген ән, халық әні, халық әншілері, жанр, лад, интонация және екпін сынды түсініктердің негізінде қарастырылады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин.

15 мин.

 5 мин.

«Табу» ойыны.

Сабақтың бастауы: сабақтың өтілетін тақырыбына сай термин табуды ойын түрінде өткізуді ұсыныңыз.Ойынды өткізу үшін бір оқушыны тақтаға шақырыңыз. Мұғалім бұл терминді тақтаға шыққан оқушыдан жасырып, сыныпқа көрсетеді. Басқа оқушылар термин атауын атамай, сипаттайды, ал таңдалған жасырылған терминді табу керек.

Мысалға берілген тірек сөздер: халық әні, екпін, лад, динамика, ырғақ, регистр, т.с.с.

Оқушылармен сабақтың мақсатымен күтілетін нәтижені талқылау.

Топтағы жұмыс. Сыныптың 3 топқа бөлінүін ұйымдастыру. Керек ақпаратты тауып, оқушыларға постер қорғауды тарсыру

Бағалау критерийлері:

  • керекті ақпаратты таба алу;
  • топтық жұмыс;
  • пәндік терминдердің қолдануы;

.

Ақпаратты іздеуге бағытталған тапсырма. Мәтінмен жұмыс.

1 топ - салт және дәстүр.

Оқушылардың салт- дәстүр туралы ақпаратпен жұмыс істеуі (мүмкіндік ше топтық жұмысқа ноутбукты қарастыру, болмаған жағдайда сабақтың тақырыбына сай ақпараты бар түрлі дерек көздерін алдын ала қарастыру).

Топқа бағыт бағдар беретін сұрақтардың таратылуы:

Салт пен дәстүр деген не?

Неге салт - дәстүрлердің маңызы зор?

Салт - дәстүрлер не үшін қажет?

Сіз қалай ойлайсыз, салт - дәстүрлер қалай пайда болды?

Сіздердің отбасыларыңызда салт - дәстүрлерді сақтайды ма?

2 топ –қазақтың салт/дәстүрінен мысал.

Топта оқушылар салт - дәстүрден мысал келтіріп, оны нақтылап талқылауда жұмыс істейді.

Топқа бағыт бағдар беретін сұрақтардың таратылуы:

Сіз қазақтың қандай салт- дәстүрлерін білесіз?

Неге халық өзінің дәстүрлерін атадан балаға таратады?

Салт- дәстүрлердің мағынасы неде?

Салт- дәстүрлер бізді неге үйретеді?

3 топ - салт-дәстүрлі ән.

Топқа бағыт бағдар беретін сұрақтардың таратылуы:

Салт-дәстүрлі ән дегенді қалай ұғасыз?

Қандай салт-дәстүрлі әндерді сіз білесіз?

Олар қай кездерде және қашан орындалады?

Неліктен салт-дәстүрлі әндердің орыны маңызды?

Оқушыларға дайындалу үшін уақыт беру және содан кейін топтың мүшелерінің ойларын тыңдау. Әр топқа постерді қорғауға 1.5 минуттің берілуі.

Берілген бағалау критерийлеріне сүйене отырып, өз ара бағалауды ұйымдастыру.

  • Не сәтті шықты...
  • Қай жерді жақсартуға болады?

Жалпы ауызша қорытынды жасап, дәптерге жазбаша түсіру.

Power Point презентациясы;

Тірек сөздер жазылған үлестірме парақшалары;

Сөздіктер, энциклопедиялар, немесе алдын ала топтық жұмысқа дайындалған мәтіндері лайқталып жазылған ақпаратты беттер;

Интернет желісі, ноутбуктар (мүмкіндік болса);

топтық жұмысқа дайындалған жазбаша сұрақтар;

А 4 қағаздары;

Маркерлер;

Сабақтың ортасы

20 мин.

Тыңдалым. Қазақтың салт- дәстүрлері және "Бесік жыры", "Бөбекті бөлеу", "Қаз, қаз балам" әндерінің үзінділерін бейнебаяннан көрсету.

Сыныпты жаңаша үш топқа бөлу және де әр топқа берілген әнге талдау жасату.

Топта талқылау тапсырмасы.

  • Бейнебаянда қандай кезең көрсетілген?
  • Тұрмыс- салт әнінің мінезі қандай?
  • Лады қандай? Неліктен?
  • Сіз қалай ойлайсыз, әнге осы екпін сәйкес пе? Неге?
  • Сипаттап беріңіз, әннің динамикасы қандай?

Бағалау критерийлері:

  • Терминдерді кірістіріп музыканы талқылау;
  • Қорытынды жасай алу.

Оқушыларға бірін бірі бағалау критерийлерін ұсыныңыз.

Видео ресурстар:

"Бесік жыры"

https://www.youtube.com/watch?v=cnwyXzY_Y1U

"Бөбекті бөлеу"

https://www.youtube.com/watch?v=a7CLpk6AEBU

"Қаз, қаз балам"

https://www.youtube.com/watch?v=pWZtN3tDnwA

Сабақтың соңы

2 мин.

Рефлексия

Ой толғау

  • Біз бүгін сабақта өткеніміз…
  • Топтың жақсы орындаған жұмысы…
  • Әлі де жақсартатын жағымыз…

Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Музыканы талқылауға арналған тапсырмадағы саралау:

Дағдылары жоғарырақ оқушылар дағдылары әлсіздеу оқушыларға көмек береді.

Сабақтағы саралау оқушылардың қабілетіне қарай байқалады:

коммуникативті дағдылары жоғары оқушы презентация қорғау барысында немесе керекті ақпаратты іздеуде көрінеді.

Тұрмыс-салт әнін вокалды қабілеті жоғары оқушы дауысымен орындап бере алады.

Ақпаратты іздеуге арналған тапсырмада бағалау критерийлеріне сүйеніп, топтардың жұмысын өзін өзі бағалау арқылы тапсыруға болады. Сосын оқушылардан тапсырмаға қысқаша түрде рефлексия жүргізуді сұрауға болады:

Не сәтті орындалды...

Нені жақсартуға болар еді?

Музыканы талдаудағы тапсырмада топтарға бірін бірі бағалауын ұсынуға болады.

Берілген тапсырмаға да бағалау критерийлері ұсынылған.

Оқушылардың топта атқарылатын жұмыстарын қадағалау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқумақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақытты кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы солжақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу