Халық музыкасының интерпретациясы. Музыка, 5 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Музыка пәні
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 бөлім : Қазақ халқының тұрмыс-салт әндері мен заманауи музыкасы | Мектеп | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||
Сынып: 5 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||
Сабақ тақырыбы | Халық музыкасының интерпретациясы | |||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 5.1.1.1музыкалық жанр мен көркемдеуші құралдарды анықтау, тыңдалған шығарманы талдау 5.2.2.1 музыкалық аспаптар мен дауысын қолдана отырып, қарапайым композициялар шығару және импровизация жасау | |||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||||||
Бағалау критерийлері | 1.Оқушы интерпретация не екендігін біледі 2. Интерпретация жасайтын бағдарламалармен жұмыс жасай алады | |||||||||||
Тілдік мақсаттар | 1.Мен ойлаймын интерпретация дегеніміз ол....... 2.Мысалы халық музыкасын интерпретациялау үшін мынадай ... 3.Мен музыканың көңіл-күйін ... 4.Әндегі динамика.... 5.Әндегі екпін.... 6.Әндегі ырғақ.... | |||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Музыкалық категориялар арқылы ойлану қабілетін дамыта отырып, ән айту, қосылып орындау сынды оқыту әдістерін дамыту. | |||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Сандық технология мүмкіндіктері арқылы музыканы талдау, талқылау | |||||||||||
Бастапқы білім | Оқушы қазақ халқының әндерін орындаушыларын біледі. Динамикалық белгілер, дыбыс бояуын, компьютерлік бағдарламаларды біледі. | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы | 1 тапсырма: сыныптық талқылау Интерпретация - дегеніміз не?( лат. тіл. ауд. – талдау,талқылау)- музыкалық шығарманы , бейнені шығармашылықпен көрсете алу, жеткізу. 2 тапсырма. Тұрмыс-салт әнін екі түрлі үлгіде тыңдаңыз. Айырмашылығы неде? «Бесік жыры» -------------------^^^ Пікірталас: Осы екі түрлі орындаудағы музыкалық шығарманы орындаушылар қалай интерпретациялайды? Екі орындаушы да өз шығармаларына «Рубато» әдісін пайдаланған. Рубато – сазгер шығармасының екпініне , гармониялық құрылымына өзгерістер енгізу. | https://www.youtube.com/watch?v=_WHa35oL0uk тұрмыс салт әндері https://www.youtube.com/watch?v=_ty4k9P2l8k бесік жыры https://www.youtube.com/watch?v=cnwyXzY_Y1U бесік жыры | ||||||||||
Сабақтың ортасы | 3 тапсырма Қызметті кеңейту: Топтық жұмыс: Музыкалық аспаптар және дауыс көмегімен өзіңнің таңдаған әніңді әр түрлі жанрда түрлендіріңіз. (вальс, марш, рэп, техно, рок, т.б ). Талдау: Топтық орындауда не ұнады? Нені жақсартуға болады? | |||||||||||
Сабақтың соңы | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалай алады. Өз процесін бағалау. Жеке дағдыларыңызды дамыттыңыз ба? | |||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||
Топтық жұмыс І деңгей: екі орындаудағы тыңдалған бір шығарманың айырмашылығын табу. ІІ деңгей: Талқылау жазылған және жанды орындаулар арасындағы айырмашылықты табу. ІІІ деңгей: Музыкалық шығарманы интерпретациялап көркем орындау. | Талқылау барысында ауызша бағалау. | Қауіпсіздік техникасы ережесінің тармағымен танысу. | ||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?