Халық музыкасының интерпретациясы. Музыка, 5 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2 бөлім: Қазақ халқының тұрмыс-салт әндері мен заманауи музыкасы

Пән:Музыка

Мектеп: ФМБ НЗМ Тараз қаласы

Сынып:5 сыныптар

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Халық музыкасының интерпретациясы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.1.1

музыкалық жанр мен көркемдеуші құралдарды анықтау, тыңдалған шығарманы талдау

5.2.2.1 музыкалық аспаптар мен дауысын қолдана отырып, қарапайым композициялар шығару және импровизация жасау

5.3.1.1 өз жұмысын таныстыру, бағалау және жетілдіру

Сабақ мақсаттары

  • Оқушылар музыкалық аспаптар және дыбыстар арқылы музыкалық композицияны импровизациялау арқылы құрастырады.
  • Музыкалық шығарманы тыңдау арқылы, әуеннің жанрымен оның ерекшеліктерін талдайды.
  • Оқушылар шығармашылық қабілеттерін дамытуда динамикалық белгілер, музыкалық үннің тембрін, ырғақты есту дағдысын, ән айту және импровизациялауды қалыптастырады.

Бағалау критерийлері

Нұсқаулар :

Оқушылар әлемнің қазіргі заманғы қабылдау тұрғысында қазақ дәстүрлік әндер талдау арқылы білім, орындаушылық шеберлігін, тыңдау, жазу және импровизациялай алады. Студенттер компютерлік шағын музыкалық фрагметтер жасау дағдылары қалыптасады, халық әндерін талдай алады.

Бағалау критериилері:

1) Музыкалық шығармаларды импровизациялай алады.

2) Шығарманың көркем орындалуын анықтай алады.

3) Дәстүрлі әндермен заманауи әндерді салыстырады.

4) Шығармашылық жұмыста өзінің ойын ашық жария етеді.

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика мен терминология .

  • Пәндік терминологияны қолдана отырып, музыканы талдай және талқылай алады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Тұрмыс-cалт әндерінің ұқсастығы және айырмашылығы..
  • Мен музыканың көңіл-күйін ...
  • Әндегі динамика....
  • Әндегі екпін....
  • Әндегі ырғақ....

Пәндік терминологияны қолдана отырып, музыканы талдай және талқылай алады.

  • халық әні
  • дәстүр
  • дәстүрлі ән
  • түрлендіру
  • компьютерлік бағдарлама
  • өңдеу

Құндылықтарды дарыту

Басқалардың ойымен пікірін құрметтеу

Оқушылар арасында жақсы қарым қатынас орнату.

Оқушылар бір-бірін тыңдай біліп басқалардың жұмыстарына құрметпен қарап ойын жеткізе алу.

Оқушыларға мәдени және эстетикалық тәрбиені қалыптастыру.

Пән аралық байланыс

Теориялық білімде «Тарих», «АҚТ» пәндерін қолдану.

АКТ қолдану дағдылары

Оқушылардың жеке ізденіс жұмыстар жүргізу дағдысын дамыту.

Дәлелдемелер мен дәйектемелер келтіруде нақты мәліметтерді салыстыра білу .

Бастапқы білім

Оқушылардың өткен тоқсандағы білімдерін пысықтау.

Сабақтың басы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Дереккөздер

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу:Сәлеметсіздерме?Здраствуйте! Good morning

Оқушылармен бірігіп сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашып алуда видео материал көрсетіледі.

Оқушылар дәстүрлі бесік жырын және заманауи бесік жырын тыңдайды.

https://www.youtube.com/watch?v=T0BO9QmWnCI Әй-әй бөпем «Мюзикола»

https://www.youtube.com/watch?v=huHP6jHyNlI «Әй-әй бөпем» орынд. М. Ералиева

Видеотапсырмаларды көргеннен соң оқушылар екі әнді салыстарып өз ойларымен бөліседі және төмендегі сұрақтар бойынша жауап береді.

  • Видео тапсырмада қандай дәстүрді көре алдыңдар?
  • Екі видео тапсырма бойынша салыстыру жұмыстарын жасай аламызба?
  • Бұл қай салт-дәстүрге жатады?
  • Екі әннің айырмашылығы қандай?
  • Әннің мәтініне мән бердіңдерме? Не жайында айтылып жатыр?
  • Екі әннің динамикалары, екпіні, ырғағы өзгергенбе?

Оқушылардың жауаптары...

Сыныпта талқылау:Орындаушылар бір әнді қалай талдайды?

Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушылардың түсінігін қалыптастыруда «интерпретация» сөзін талдауға салады.

Топтық жұмыс:Музыкалық аспаптар және дауыс көмегімен өзіңнің таңдаған әніңді әр түрлі стилде түрлендіріңіз.

(вальс, марш, рэп, техно, рок, т.б ).

Талдау:

  • Топтық орындауда не ұнады?
  • Нені жақсартуға болады?

Оқушыларға дайындалуға 10 минут уақыт беріледі.

Оқушылар жасалынған импровизацияларын топ алдында қорғайды. Импровизация жасауда музыкалық аспаптарды қолданады.Шығарманың көркем орындалуын негізге алады. (динамика, жылдамдық , ырғақ, ансамбль, көңіл-күй)

https://www.youtube.com/watch?v=_WHa35oL0uk тұрмыс салт әндері

https://www.youtube.com/watch?v=_ty4k9P2l8k бесік жыры

https://www.youtube.com/watch?v=cnwyXzY_Y1U бесік жыры

https://www.youtube.com/watch?v=Zr_5t-k6RfY «Тұсау кесу» рәсімі

https://www.youtube.com/watch?v=pWZtN3tDnwA

«қаз, қаз балам» әні

Бағалауға арналған сұрақтар

Топтарға жұмыстарын қорғау үшін 10 минут беріледі.

Топтар бір-бірін бағалауға арналған критерилер:

* Топта орындауда не ұнады?

* Музыканың көңіл күйі жеткізілді ме?

* Музыканы импровизациялау.

* Ансамбльді болды ма?

*Әннің динамикасын жеткізе алды ма?

*Қай тұстарды жақсартуға болады?

Топтар тапсырманы орындаған соң бір-бірлеріне сұрақтар қоюға болады.

Сабақтың соңы

Сабақ соңында кері байланыс жасау.

  • Осы сабақ арқылы өздеріңе не ала алдыңдар?
  • Нені жетілдіруіміз керек?
  • Қандай қиыншылықтар болды.?
  • Не қызықты болды?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Қабілеті аз: Берілген әнді «A capella» айтып шығу.

Қабілеті орташа оқушылар: Әнді джаз стиліне салып орындау.

Дарынды оқушылар: Таңдалған әнді фольклорлық ансамблге сала отырып музыкаға интерпретация жасап орындау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу