Жобаны таныстыру. Музыка, 5 сынып, презентация.
Сабақ тақырыбы:
Жобаны таныстыруОқу мақсат:5.2.2.2 компьютерлік бағдарламаларды (Audacity, Soundation, Windows Movie Maker, Киностудия) қолдана отырып, музыкалық композицияларды редакциялау және интерпретация жасау 5.1.3.1 әнді орындау барысында музыканын көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізу5.1.3.2музыкалық шығармалардың қарапайым үзінділерін музыкалық аспаптарда бірлесіп орындау5.3.1.1 өз жұмысын таныстыру, бағалау және жетілдіру
Сабақ мақсаты:
Оқушылар шығармашылық жобаларын ұсынады, шығармашылық идеяларын көрсетеді.
Жоба барысында оқушылар шығармашылық құрылымын, музыкалық композицияның жасалу кезеңдерін түсінеді, терминдерді қолданады.
Өз жұмыстарының қиыншылық туғызған немесе қызығушылықтарын оятқан тұстарын ескереді.
Бағалау критерилері
Нұсқаулар :Оқушылар әлемнің қазіргі заманғы қабылдау тұрғысында қазақ дәстүрлік әндер талдау арқылы білім, орындаушылық шеберлігін, тыңдау, жазу және импровизациялай алады. Студенттер компютерлік шағын музыкалық фрагметтер жасау дағдылары қалыптасады, халық әндерін талдай алады.
Бағалау критерилері:
1) Музыкалық шығармаларды құрастыра алады.
2) Көркем орындауда музыкалық жанрларды анықтайды
3) Audacity, Soundation, Garageband бағдарламаларымен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады..
4) Халық әніне өңдеу жасай алады.
5) Жасалған жұмысты көрсетеді.
Тілдік терминдер
Пәнге қатысты лексика мен терминология .
• Пәндік терминологияны қолдана отырып, музыканы талдай және талқылай алады.
Талқылауға арналған сұрақтар:
• Тұрмыс-cалт әндерінің ұқсастығы және айырмашылығы..
• Мен музыканың көңіл-күйін ...
• Әндегі динамика....
• Әндегі екпін....
• Әндегі ырғақ....
Пәндік терминологияны қолдана отырып, музыканы талдай және талқылай алады.
• халық әні
• дәстүр
• дәстүрлі ән
• түрлендіру
• компьютерлік бағдарлама
• өңдеу
Құндылықтарды дарыту
Басқалардың ойымен пікірін құрметтеу
Оқушылар арасында жақсы қарым қатынас орнату.
Оқушылар бір-бірін тыңдай біліп басқалардың жұмыстарына құрметпен қарап ойын жеткізе алу.
Оқушыларға мәдени және эстетикалық тәрбиені қалыптастыру.
АКТ қолдану дағдылары
Оқушылардың жеке ізденіс жұмыстар жүргізу дағдысын дамыту.
Дәлелдемелер мен дәйектемелер келтіруде нақты мәліметтерді салыстыра білу .
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу:Сәлеметсіздерме?Здраствуйте! Good morning
Өткен материалдарды қайталау:өткен сабақта орындалған жұмысты алдын ала қарастыру.Ары қарай жақсарту барысында кеңестер мен ұсыныстар жасау.
Оқушылар сынып алдында жасалынған жобаларын қорғайды, жақсарту мақсатында бір-бірлерімен пікір алмасады.
1 тапсырма.
Өзіңіздің орындалған жұмысыңызды таныстырыңыз.
2 -тапсырма.
Өзге топтың жұмысына пікір айтыңыз, жақсарту барысында жасалатын талаптарды ұсынысыңыз.
Өзге топтардың жұмыстары несімен ұнады?
3 -тапсырма.Талдау
Өзінің және өзгелерінің жұмыстарына жазбаша анализ жүргізгенде критерилерді қолдану
Соңғы көрсетілімге дейін оқушылар бір-бірімен жұмыстарының қорытындысы туралы бөліседі.
Жобаңыздың негізгі ойы қандай?
Жобаңызды қай жерде қолдануға болады?
1.Түрлендіру барысында (инсценировка) (мысалы: «Жар-жар», «Тұсау кесу», «Бесік жыры»).
2.Музыкалық аспаптарды қолданып ұлттық дәстүрлі әндерді орындауда.
Сабақ соңы
Топтарға жұмыстарын қорғау үшін 10 минут беріледі.
Топтар бірін-бірін бағалауға арналған критерилер:
*Гармония (модуляции)
* Музыканың көңіл-күйін жеткізу.
* Импровизациямен музыканың сәйкестігі.
* Жанрлармен жұмыс
*Шығарманың динамикасын жеткізу.
*Аспаптау.
*Нені жақсартуға болады.
*Аранжировканың тиянақтылығы.
Сабақ соңындағы кері байланыс
• Осы сабақ арқылы өздеріңе не ала алдыңдар?
• Нені жетілдіруіміз керек?
• Қандай қиыншылықтар болды?
• Қызықты тұстары?
• Болашақ сабақтарды не көргілерің келеді?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?