Айтыс өнері (жаңа тақырып). Музыка, 5 сынып, дидактикалық материал. 4 – сабақ.


Айтыс - халық ауыз әдебиетінің осы түрі - 19-ғасырда, яғни қазақ музыкасы дін мен дәстүр тұсауынан босатылған уақытта пайда болды және өздігінен халық шығармашылығы іспетті дами бастады. Бұл кезең халықтың негізгі музыкалық дәстүрі – инструменталдық, ән-күй, ақындық жанрының гүлденуіне мүмкіндік жасалған ұлттың шын мәнінде рухани қайта өрлеу дәуірі болды.     

Айтыс – халық арасында ақын деп аталатын екі суырып салма жыршы арасындағы сайыс. «Сөзбен айқасу бәрінен де күшті» деп халық бекер айтпаса керек. Айтыс кезінде ақындар кез келген еркін тақырыпты өлеңмен өрнектейді. Фольклордың басқа нысандарынан ерекшелігі – айтыс жиналған халықтың алдында өткізіледі. Айтыскер ақындар алдын ала дайындықсыз сайысқа қатысады, жауапты өлеңмен ойдан шығарып кезек-кезек қайтарып отырады. Бұл сайыс алғырлықты, терең ойды, жылдамдықты талап етеді. Домбырамен, қобызбен және ыммен өз жауабын сүйемелдей отырып, қарсыласына өлең түрінде бірден әрі дәл жауап ойлап тауып, оны қалжыңмен де үйлестіріп отырады.

Айтыс сайысатын ақындардың дарынын көпшіліктің тамашалауымен көрініс табады, өлеңмен айтыс кезінде оның жоғары талантын әділқазы халық бағалап, орнықты орнын береді, содан кейін жеңімпаз ақын халық арасында танымал бола бастайды.

Айтыстың түп тамыры өте ертеде бастау алған. Ертеде той-думандарда, әдет-ғұрып салт-дәстүрлерде, үйлену тойларда көпшіліктің бірігіп айтуымен, қыз бен жігіттің сөз тіресуімен айтылған. Айтыс біртіндеп дамып, жетіле бастады. Үлкен және шағын поэтикалық айтыстардың мәтіндері осы күнге ауыздан ауызға беріліп жетті. Мысалы, Орынбайдың, Шөженің, Түбектің, Жанақтың, Біржанның, Сараның, Әсеттің, Ырысжанның, Сүйімбайдың және халық арасында ауызша тарап кеткен және ХІХ-ғасырда қазақ және орыс ғалымдары жазып алған басқа да ақындардың айтысы, бұлар біртұтас шығарма болды.

Революцияға дейінгі айтыстардың идеялық мазмұны көбінесе халықтың тұрмысына, қоғамдық тіршіліктің толғақты мәселелеріне арналды. Айтыскер ақындардың көзқарасына және ұстанымына қарай айтыс әртүрлі деңгейлерде өрбіді. Айтыс батырлық, әлеуметтік теңсіздік, рулық күрес, отырықшы және көшпенді тіршілік, жеке бастың еркіндігі, әйелдер теңсіздігі, сауат ашу қажеттілігі тақырыптарына арналды.

Айтыстың бірнеше түрі болады, оның ең көп тараған түрі қайым айтыс пен сүре айтыс. Қайым айтыс – бұл жаңадан шыққан жас ақындардың арасындағы қысқа қайтарылатын суырып салма айтысы. Мұндай айтыстар көбінесе ойын, той-томалақ, мереке кезінде жастар арасында көптеп айтылады. Бұл ең қол жетімді айтыс түрі. Сүре айтысы – бұл халық арасында танымал болған тәжірибелі ақындардың айтысы. Мұндай айтыстың өткізілетін жері және оның қатысушылары жайлы алдын ала хабарланады. Мұндай айтыстарға көп халық жиналады, тіпті басқа ауылдардан да тыңдармандар келеді. Мұндай айтыстардың өзіндік ережесі болған. Мысалы, өзін-өзі таныстыру, елін-руын мадақтау, содан кейін барып айтыстың тақырыбы туындайды, тақырып ашыла түсіп, дамиды, бұл айтыстың шырқау шегі деп аталады. Ең соңында жеңімпаз анықталып, даңққа ие болады.

Осылайша, айтыс поэзия, музыка, драмалық қойылым, айту шеберлігі сынды бірқатар өнердің жиынтығын береді. Айтыс сөз байлығын, сонымен қатар қазақтардың музыкалық мәдениетін, халық даналығын көрсететін дәстүрлі қазақ мәдениетінде үлкен орын алады.     

Қайым айтыс

Қайыра айту”, “қайта жауаптасу” деген ұғымнан шыққан. Қайым айтыс көбіне қыз бен жігіттің қарама-қарсы мәндегі сұрақ-жауаптарына құрылады. Бұл шумақтардың алғашқы екі жолын қыз да,жігіт те қайталап айтуы мүмкін. Осы жайт алғашқы қайым айтыс үлгілерінің тым қарапайым, жанынан қосып айтуға жеңіл болып келетінін көрсетеді. Қайым айтыста әзіл-оспақшымшыма, астарлы сөздер қатар жүреді. Қайымдасулардың басым көпшілігінде бір-бірін әжуалап, іліп-қағыту да, сыпайы мақтаулар да орын алады. Айтыстың ақыры қыздың жұмбақ айтуымен, жігіттің оған жауап беруімен аяқталады. Жігіт қыз жұмбақтарын толық шешсе, қыз оған орамалсақинажүзік, кейде күміс түймесін беріп, кәде жолын жасаған. Қайым, қайым өлең. Түсіндірме сөздік анықтамасында — бірден ойдан шығарып айтылатын... өлең, қара өлеңнің бір түрі делінсе, Қазақ Совет энциклопедиясында — қайым айтыс - «әріптестер бір ауыз өлеңмен қайырып отыратын айтыстың шағын, жеңіл түрі» екендігін түсіндіреді (ҚСЭ, VI, 410). «Айман қыз қайым өлең жақсы айтады...» (Айтыс).Өздеріңіз көріп отырғандай, «қайым» сөзі тілімізде тек «өлең» не «айтыс» сөздерімен ғана тіркеске түсе алады екен. Демек, тілімізде жеке әрі жиі қолданылмайтын сөздер қатарына жатады. Бізге қажеті — «қайым» сөзінің шыққан төркіні және алғашқы мағынасының қандай болғандығын анықтау. Өзге тілдерде — араб, парсы, моңғол не тунгус-маньчжур тобындағы тілдердің ішінде дәл бүл түлғалас, мағыналас сөз кездеспеді. Тек түркі тілдері ішінен тувалардан тілге тиек, топшылауымызға тірек боларлықтай сөзге тап болдық. Онда «хайым» тұлғалы сөз, қазақша айтқанда «теңбе-тең», «жеңіліссіз», «ұтыссыз» (вничью) деген мағыналарға нұсқайды да, мысалда «хайым ойнаар» тіркесін келтіреді - Мұның қазақшасы «тең ойнау» Осы дерекке сүйене отырып, біздегі «қайым» сөзінің бастағы мағынасы «теңбе-тең», «жеңіліссіз» деген болса керек деп ойлаймыз. Әдетте, екі адам өлеңмен айтысқанда біреуі басым түсіп, жеңіп шығуы керек. Ал мына өлең айтысында әрқайсысы алдарына ондай талап, міңдет, қоймайтындығын байқаймыз. Тек өлең шығарып, оны жұртқа әсерлі түрде жеткізе білуге машықтану, дағдылану. Қайым өлеңнің көбіне жастар арасында өтуінің өзі осы ойға жетелейді. Үйрену, жаттығу үстіндегі айтыста жеңу, жеңілу шарты болмаған сияқты.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу