Айтыс өнері (сабақтың жалғасы ). Музыка, 5 сынып, дидактикалық материал. 5 – сабақ.


«Біржан – Сара» операсы туралы үзінді

Аса көрнекті композитор Мұхан Төлебаевтың шығармашылық жолында «Біржан мен Сара» операсы ең маңызды орын алады. Ол — қазақ өнері мен өркениетінің алтын қорына қосылды. «Біржан мен Сара» — қазақ мәдениетінің ұлттық көрінісі. Ол көп ғасырлар бойғы халықтық әншілік дәстүрінің тәжірибесін, орыстың опералық классикасының ең жақсы традицияларын оқып-үйреніп және қолдану ңегізінде туды. Опера бірден баурап алады, тыңдаушыларын елең еткізер сезім күшімен, лиризмімен, музыка тілінің дәстүрлі әуенділігімен, динамикалылығымен, екі әншінің жеке бастарындағы трагедияны әлеуметтік-тарихи құбылыс пен тартыс деңгейіне көтере білген драмалық сюжетімен сүйсіндіреді. Спектакльдің тұңғыш қоюшы-режиссері — Қазақ ССР халық артисі Құрманбек Жандарбеков. Тындаушылардың аға ұрпағы Сара мен Біржан партияларын алғаш орындаушылар — СССР халық артисі Күләш Байсеитованың және Қазақ ССР халық артистері Шабал Бейсекова, Әнуәрбек Үмбетбаев, Байғали Досымжановтардың есімдерін аса құрметпен және алғыс сезіммен атайды. М. Төлебаев Алматы облысы Бөрлітөбе ауданының Қарашыған ауылында кедей шаруа жанұясында 1913 жылы дүниеге келді. Баланың тәрбиесіне оның ағасы — Апырбай Әуелбаев — белгілі домбырашы, суырып салма ақын өз әсерін тигізді. Мұқанды тәрбиелеуші Апырбай көптеген айтыстарға қатысты. Мұқан әншілерді және домбырашыларды көп тыңдайтын. Туған жерінің әндеріне деген сүйіспешілілігін арттыра түскен сол әндерді оған үйреткен анасы Тәжібала болды. Ол музыканы өте жақсы көретін және акындыққа жақындығы да бар болатын. Композитордың халықшылдыққа ұмтылысы сол операның поэтикалық идеясын, желісін тандау барысында байқалған еді. Біржан салдың ержүрек және еркіндікті сүйген бейнесі халықпен бірге өмір сүрді. «Мен бүкіл өмірімді саған беремін, менің халқым!» — деп айтады Біржан операның екінші көрінісінде. Ақынның шабытты бейнесі өзінің поэтикалық мазмұндылығымен ғана емес, композитордың көңілін аударған, оның жоғары идеялылығы да болды. Либреттист Қажым Жұмалиев екеуі ақынның жан-жақты маңызды көріп, оны аша түседі. Біржанды патриот- әнші ретінде бейнелейді. Ақын өзінің әндерін кереметтей «жасыл теңізге» балайтын туған жеріне, өлкесіне арнап айтады. Сонымен бірге ол «қараңғылықты, зұлымдықты және жасты төккен әлемді» сынайды. Біз осындай ортаның ақынын көреміз. Операның музыкалық дамуының негізгі жақтарын анықтай келе, композитор барлық шығарманы бастайтын лейтмотивін тапты — ол белгілі халық әншісінің әндерімен көрсетілген Біржанның тақырыбы. Бірақ М.Төлебаев оны творчестволық жағынан көрсетеді; ол түп нұсқаны қалай болса солай ала салмай, Біржанның әнін барлық шығармалардан жоғары және батыл көтерді. Мұнда да қазақ композиторының үлкен талантының өскендігі сезіледі.

Операның үшінші пердесіндегі үйлену тойы билері композиторларының үлкен шеберлігімен жасалган дүние. Бұл би билейтін үлкен симфониялық көрініс Бидің ырғақтық желісінің артуы музыкалық материалды еріксіз өзІне тартуы да арта түседі. Сараның трагедиясы да, қарсылық білдіруші Біржан да, қаһарлы Жанбота да, олардың күресі мен ашу-ызасы — бәрі де осы би билейтін поэманың беттеріңде көрінеді. Композитор Біржанның музыкаларына шығармашылық жағынан ене білді, өзі оның еңдерін жалғастырушылардың бірі болып қалды. М.Төлебаев өзінің операсының музыкалық драматургиясының болашақ әрі қарай жақсартуы барысында көп жұмыс жасады. Бұл шығарманың үш редакциясы бар. Операның негізгі варианттарының творчестволық ерекшеліктері туралы қысқаша айта кетуіміз қажет-ақ. Бірінші варияантты ең негізгісі деп есептеуімізге болады. Ол халық поэзиясының лирикасымен әкелінген. Біржан мен Сараның образдары, Біржанның еркіндік сүйген тақырыптағы әндері, ақындардың сүйікті тақырыбы — мұның барлығы халықтың әндік-поэтикалық жан-дүниесін терең түсінуімен, нәзік көркемдік сезімімен дамыған. Өздеріңізге белгілі опера Сталиндік сыйлыққа ие болды. Сонда да болса композитор М.Төлебаев өзінің жұмысына қанағаттанбай, операны әрі қарай жақсартуға өзінің алдына мақсат қойды. Композитор қателеспеді, қажымай-талмай ізденді Операның екінші редакциясын шығармашылық жағынан жаңартып, шығарманың драматикалық мазмұнын тереңдетті. Таза лирикалық сипаттан, аздап сырттай қараушылық тұрғыдан лирико-драматургиялыққа ауысты. Операның жургізуші кейіпкерлері — Біржан мен Сара — олар идеялық және сюжеті жағынан шынайы, ал драматургиясы жағынан шымырлылық, серпімділік тапты. Операның екінші редакциясындағы халықты өзіне тартатыны — оның идеялық-драматикалық ойының өткірлігі, музыкалық образдарының қоюлығы және оның симфониялық ашылымы, музыкасының халықтық характер мен ұлттық кодорит алғандығында. Операны қайта жазу өте шығармашылық және кәсіби деңгейде өңдеп орындалды. Композитордың қолданған музыкаларының мелодиялық тілі халықтық ән шығармашылығына жақын және халық музыкасының қайнар көзі, музыкалы орындаушылықтың халықтық традициялары композитордың жұмыстарында терең шығармашылықпен жүзеге асты. Операның драматургиясынан эпизодтық персонаждардың бірі — Жиенқұл алынып тасталынған. Жиенқұл — болыстық меңгеруші Жанботаның туысы, бүкір, көріксіз адам. Оған күйеуге Сараны береді. Операда бұл көрсетілмейді. Персонаждың моральдық мазмұны ашылмаған. Осыдан сұрақ туады: негізгі кейіпкеріміздің характерін күрделендіру. Жанботаның өзіне адамгершілік сезім беру дұрыс емес пе? Ол әлеуметтік себептермен ғана Біржанның қарсыласы емес, ол оның бәсекелесі. Ол Сараға ғашық. Мұнда — драма. Мұнда — құмартушылықтар күресі. Жанботада екі қарама-қарсы сезім айқасында күреседі. Бұл да образдьщ бірқалыптылығын қүрайды. Жиенқүл -. жекелік, түрмыстық бөлшек қой. Бұл кейіпкер негізгі емес, алмалы-салмалы. Соңдықтан да болар операның екінші жартысында Жиенқұлды қоспайды. Ал операның үшінші редакциясында Жиенқұлді қайта тірілтеді. Ол екінші пердеде көрінеді, бірақ ешқандай да сөз айтпайды. Тек қана үшінші пердесінде ғана қалыңдығымен бірге қалғанда Жиенқұл бір екі сөйлем айтады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу