Болашақ музыкасы. Музыка, 4 сынып, сабақ жоспары. 1 – сабақ.
8-бөлім: Болашаққа сапар | Мектеп: Талдықорған қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: 4 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Болашақ музыкасы (1 сабақ) | |||||||||
Оқу мақсаттары | 4.2.1.1- музыкалық шығармашылық жұмыстарды жасау үшін өз идеясын ұсыну және түрлі материалдар мен ресурстар таңдау; 4.3.1.1 - шығармашылық жұмысын көрсете және бағалай білу. | |||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар: - Audacity бағдарламасында әуен жасайды; - өз жұмыстарын таныстырады; - сыныптастарының жұмысына баға береді. | |||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушы: - өз идеяларын ұсынады; - өз жұмысын таныстырады; - сыныптастарының жұмысын бағалайды. | |||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар : •тиісті пәндік терминологияны пайдалана отырып, музыканы талқылау және талдау; •өз жұмысына түсініктемелер енгізу және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау. Терминдер сөздігі: - Audacity. Талқылауға арналған сұрақтар:
| |||||||||
Құндылықтар | Ынтымақтастық және ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Информатика – ноутбуктермен жұмыс жасау. | |||||||||
АҚТ қолдану дағдылары | Audacity бағдарламасы. | |||||||||
Бастапқы білім | Алдыңғы сабақта оқушылар музыка әлемі: музыканың стилі, бағыты, жанры туралы талқылады. Оқушылар музыканың үзінділерін тыңдап әр түрлі стильдегі, бағыттардағы, жанрларды анықтады. «Еркем-ай» қазақтың халық әніне шулы аспаптарды, қол астындағы заттарды, виртуалды музыкалық аспаптарды қолдана отырып, әннің әуене ырғақты сүйемелдеу жасады. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 7 минут
| Стартер Музыкалық сәлемдесу Дауыс жаттығулары «Еркем-ай» әнін орындау. Оқушылармен бірге сабақтың мақсаттары мен міндеттерімен таңысу. | Синтезатор. Таныстырылым. «Еркем-ай» қазақтың халық әні. | ||||||||
Сабақтың ортасы 10 минут
14 минут 6 минут
| Сыныпты 4 топқа біріктіру. Әр топқа қағазда жазылған сұрақтар беріледі. Топтар бір-бірінің сұрақтарын көрмейді. Өз идеялары мен ойларымен бөліседі. 1 – тапсырма. «Болашақ музыкасы» тақырыбында өз идеялараңызбен бөліс. Болашақта музыкалық құндылықтарды сақтап қалу үшін қандай әрекет жасау керектігін жайлы ойыңды жеткізуге тырыс. Топпен бірге дайындалып болған соң екі спикер топтың идеясын жеткізеді. 1 топ - Болашақтағы классикалық музыка қандай болады? 2 топ - Болашақтағы ұлтық музыка қандай болады? 3 топ - Болашақтағы поп музыка қандай болады? 4 топ - Болашақта қазақтың ұлттық аспаптары қандай болады? 2-тапсырма. Музыкалық шығармашылық
3-тапсырма. Жобаны ұсыну және бағалау «Болашақ музыкасы» тақырыбы бойынша өз музыкалық жобаңызды ұсыныңыз. Өз жұмысыңызды көрсетіп және критерийлер бойынша бағалаңыз:
| Ресурстар: Ноутбуктар, Audacity бағдарламасы. | ||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Рефлексия - Бүгін сабақта не үйрендік? - Қандай тапсырма сендерге қиын болды? - Тағы нені жақсартуға болады. - Бүгін сабақта не құнды болды? Неге? Қорытынды. Оқушылар ауызша бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөлісіп, өзара бағалау жүргізеді. | |||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында мұғалім көмек қажет ететін кейбір оқушыларға бағдар беріп отырады. | - сұрақтар арқылы; - практикалық тапсырманы бір-бірін бағалау; - бағалау критерийлері бойынша. | Осы сабақта интертақтаны аз уақыт пайдалану. Ноутбуктармен пайдаланған кезде қауіпсіздік техникасының сақтау. | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?