Музыкадағы туған өлкенің табиғаты. Музыка, 4 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім: Қоршаған ортаны қорғау 2 сабақ | Мектеп: Көкшетау қаласы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Магавина Г.Ғ. | ||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||
Сабақ тақырыбы | Музыкадағы туған өлкенің табиғаты | ||||||||||||
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары | 4.1.1.1-музыкалық терминдерді пайдаланып, әуеннің жанры мен музыкалық көркемдеуші құралдарын анықтау және салыстыру; 4.1.2.1 - ән айту ережесін сақтай отырып, түрлі сипаттағы екі дауысты қарапайым элементтері бар әндерді орындау; 4.1.2.2 - ырғақтық және динамикалық ансамбльдерді сақтай отырып, аспаптарда ойнау дағдыларын көрсету; | ||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| ||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар:
| ||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар:
Пәндік лексикасы мен терминологиясы Семей полигоны «Заман ай» әні Талқылау сұрақтары:
| ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Табиғатты қорғауға тәрбиелеу Ұжымдық жұмыс жасау, бір-бірінің пікірін құрметтеу | ||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Информатика – оөушылар ноутбукпен, интернетпен, Киностудия бағдарламасымен жұмыс істейді. | ||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар оттың, судың, барханның музыкалық бейнесі жайлы өтті. Классикалық музыкалық туындылдар мен композиторлармен танысты. | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||
Басы | 1-тапсырма. Талқылау «Жер ластануы» /twig-bilim.kz/
Бүгінгі сабақта біз
1 тапмсырма. Тыңдау және талдау Арал теңізі және Семей полигоны туралы жазылған екі әнді тыңда. 1.«Аралым» әні сөзі: Шөмішбай Сариев, әні: Сейдолла Байтереков 2.«Заман-ай» әні сөзі: Ұлықбек Естаулетов, әні: Төлеген Мұхаметжанов Сұрақтарға жауап бер: Әндер не туралы айтылған? Әндерде қандай экологиялық мәселелер қозғалып тұр? Тыңдалған шығармалар қандай музыкалық жанрға жатады? Әндер қандай музыкалық формада жазылған? Мұғалім Арал теңізі мен Семей полигоны туралы бейне материалдар көрсетіп ауызша ақпарат айтып кетеді. «Заман ай» әнінің шығу тарихымен таныстырады. | https://twig-bilim.kz/ru/film/pollution-land http://mp3cc.com/m/151976-roza-rymbaeva/13498065-aralym/
http://mp3cc.com/m/151976-roza-rymbaeva/25014577-zaman-aj-pesnya-o-semipalatinskom-poligone/ https://www.youtube.com/watch?v=4hFm2YYb71M «Заман ай» әні https://kaztrk.kz/news/articles/zaman-ai-aninin-shygu-tarihy-video-6306 Заман ай» әні шығу тарихы | |||||||||||
Сабақтың ортасы | 2-тапсырма. Екі топқа бөлу. Оқушыларға Мұқағали Мақатаев және Қадыр Мырзалиев есімдерінің әріптері таратылады. Екі топ ақынның есімдерін құрастыру арқылы бірігеді. Қ. Мырзалиев «Табиғат» О, далам, менің байтағым, Далам деп өлең айтамын. Ұлың боп ойлап барам да, Құлын боп ойнап қайтамын. О, далам, менің байтағым, Далам деп өлең айтамын. Солған Ай болып барам да, Толған Ай болып қайтамын. М. Мақатаев «Табиғат» Табиғат, Жанымды алсаң, Алшы менің. Бір түйір жерге түскен тамшың едім. Мұқағали жоғалса кайтер дейсің, Артымда қалсын жерім, Қалсын елім. Мен де бір жүріп кеткен сағымдаймын, Қалдыр деп, Саған, сірә, жалынбаймын. Мәңгілік мекеніме жету үшін, Күніне қаншама рет адымдаймын. Кім білсін, Қаншама әлі шырқарымды, Кім білсін, Қай күні сен қырқарыңды. Мұқағали жоғалса қайтер дейсің, Жоғалтпасаң болғаны ұрпағымды Тапсырма. Тобыңызбен осы өлеңге арналған әуен шығарыңыз. Әуен шығару үшін түсті ноталар мен нотаның төрттік, сегіздік, жартылық ұзақтықтары мен төрттік паузаларды пайдалан. Топтарға музыкалық өлшем шаблоны мен ноталар, қиықтары, паузалар, нота желісі беріледі. Оқушыларға топпен, ақылдасып әуен құрастырудың жоспарын жасау ұсынылады. Мұғалім әр топқа барып жоспарларымен танысаып, қажет жағдайда өзі дайындаған тапсырманы орындау нұсқаулығын береді. Жұмыс нұсқаулығы.
Презентация Әр топ өз әуенін, әуенін сөзге қосып орындайды. Орындау барысын мұғалім аспаппен өзі сүйемелдейді. | Әріптер, бас әріп және кіші әріптер. Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/olen/5003-tabigat.html © www.ZHARAR.com Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/olen/9376-mukagali_tabigat.html музыкалық өлшем шаблоны мен ноталар, қиықтары, паузалар, нота желісі беріледі. | |||||||||||
Сабақтың соңы | Рефлексия.
Оқушылар топтарда ақылдасып мұғалімнің үш сұрағына ауызша жауап береді. | ||||||||||||
Саралау | Бағалау | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Әуен шығару барысында көмек қажет топтарға көмек көрсету, жұмыс нұсқаулығымен таныстыру. | Дескрипторлар арқылы Бақылау Бағалау критерийлері | Сабақ барысында қауіпсіздік ережелерді сақтайды. | |||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?