Музыкалық мамандықтар: музыка шығарушылар мен орындаушылар. Музыка, 4 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4 бөлім: Мамандықтар әлемі

Мектеп: Көкшетау қаласы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Магавин А.Б., Магавина Г.Ғ.

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Музыкалық мамандықтар: музыка шығарушылар мен орындаушылар

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.1.1-музыкалық терминдерді пайдаланып, әуеннің жанры мен музыкалық көркемдеуші құралдарын анықтау және салыстыру;

4.1.2.1 - ән айту ережесін сақтай отырып, түрлі сипаттағы екі дауысты қарапайым элементтері бар әндерді орындау;

4.1.2.2 -ырғақтық және динамикалық ансамбльдерді сақтай отырып, аспаптарда ойнау дағдыларын көрсету;

Сабақ мақсаттары

- музыкалық мамандықтарды ажыратады;

- отырар халық оркестрімен танысады;

- Қазақстандағы музыка әлеміндегі танымал тұлғаларды танып біледі;

- дирижер, композитор, орындаушы жайлы постерлер жасап өз жұмыстарын таныстырып қорғайды.

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

  • музыкалық шығарманы терминдерді пайдалана отырып талдайды;
  • музыканың көркемдеуші құралдарын анықтайды;
  • музыкалық аспаптар мен мамандықтарды атайды;
  • топтық жұмысқа белсене қатысады, өз тақырыбында постер жасайды.

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • тиісті пәндік терминологияны пайдалана отырып, музыканы талқылау және таладай;
  • өз жұмысына түсініктемелер енгізу және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.

Пәндік лексикасы мен терминологиясы

музыкант - musician

композитор - composer

әнші - singer – певец

дирижер - conductor

Талқылау сұрақтары:

  • Бұл тұлғалар қай музыкалық мамандық өкілдері?
  • Біз кімдерді музыкант деп атаймыз?
  • Біз кімдерді музыка шығарушылар, ал кімдерді музыка орындаушылар деп атаймыз?

Құндылықтарды

дарыту

Отанды сүюге, ұлттық музыкамызды құрметтеуге дарыту.

Ынтымақтастық және ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру

Пәнаралық

байланыстар

Бастапқы білім

Оқыған материалдар негізінде олар мәдениет пен музыкалық мұра нысандары туралы түсініктерін дамытты. Оқушылар балалар халық фольклорының әндерін орындады, халықтың кәсіби ақындарының әндерін қайталады, жаңа әндер жаттады, сонымен қатар бөлімнің «Мәдени мұра» тақырыбы бойынша шығармашылық жұмыс жасады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Күйді

Оқушылармен сәлемдесу

1 тапсырма. Ұсынылған портреттерді қараңыз. Таныған тұлғаларды атаңыз. Олар туралы айтып беріңіз.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Бұл тұлғалар қай музыкалық мамандық өкілдері?
  • Біз кімдерді музыкант деп атаймыз?
  • Біз кімдерді музыка шығарушылар, ал кімдерді музыка орындаушылар деп атаймыз?
  • Музыка шығарушы мен орындаушының айырмашылығы неде? Неліктен? Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.
  • Композитор шығарған музыка қай жерде орындалады? Мысалдар келтіріңіз.

2 тапсырма. Музыка тыңдау және талдау

«Отырар сазы» мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық халық аспаптары оркестрінің орындауында Н. Тілендиевтің «Көш керуен» күйі.

Күйді талқылауға арналған сұрақтар:

  • Осы концерттік номердің дайындығында кімдер жұмыс атқарды?
  • Қандай музыка мамандарын атай аласың?
  • Композитордың, дирижердің мамандығында не маңызды? Неліктен? Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.

Дескрипторлар

  • музыкалық шығарманы терминдерді пайдалана отырып талдайды;
  • музыканың көркемдеуші құралдарын анықтайды;
  • музыкалық аспаптар мен мамандықтарды атайды;
  • топтық жұмысқа белсене қатысады, өз тақырыбында постер жасайды;

Әйгілі дирижерлар мен композиторлардың портреттері

Музыка кабинетінде орналасқан стендттердегі портреттер

https://www.youtube.com/watch?v=SCrvamfVZKA

Сабақтың ортасы

Оқушыларды үш топқа бөлу.

Топқа бөлу әдісі: Әрбір оқушыға бір музыка өкілінің суреті беріледі.

Дирижерлар - Ахмет Жұбанов, Нұрғиса Тілендиев, Евгений Брусиловский.

Композиторлар – Шәмші Қалдаяқов, Ескендір Хасанғалиев, Кеңес Дүйсекеев, Мұқан Төлебаев.

Орындаушылар – Роза Багланова, Күләш Байсеитова, Бибігүл Толегенова, Алибек Днишев.

3 тапсырма:

  • Берілген суреттерде көрсетілген өнер тұлғалараныңы кім екенін анықтаңыздар. Сыныптың сөйлейтін қабырғалардында тұлғалар туралы ақпараттар ілінген. Өздеріңе қажет ақпаратты анықтап, суретте көрсетілген өнер тұлғаларының қандай мамандық иесі екенін анықтау қажет.

4 тапсырма. Оқушылар үш топқа мамандықтар бойынша бірігеді.

  • топ – композитор
  • топ – дирижер
  • топ – орындаушы

Топпен бірге музыкалық мамандық жөнінде постер жаса. Өз постеріңді сынып алдында қорға.

Презентация

Әр топ өз постерін таныстырады. Басқа топтар «Екі жұлдыз – бір тілек» әдісі бойынша бағалайды.

5 тапсырма. Ән үйрену және орындау

«Дирижер» сөзін жазған: Е. Тілепбердиев, әнін жазған: Б. Аманжол

1.Қызыл белбеу тағынған,

Қара сүртік жамылған,

Сахнаға шыққанда,

Көрермендер аңырған.

Сәндеп басып аяғын,

Сермеп қалса таяғын.

Күй төгеді сан аспап,

Төгілдіріп баяу үн.

  Қайырмасы:

  Бұл дирижер қимылы,

  Оркестрді басқарған.

  Бұл – дирижер сиқыры,

  Әуен төккен аспаннан.

2. Қолын сілтеп қалғанда,

Хор да әнін салғанда,

Жетелейді сан мың үн,

Жүрегіңді арманға.

Сиқырлы әуен лезде,

Баурап алар тәніңді.

Күмбір қаққан күй өзге,

Жаулап алар жаныңды.

Өнер тұлғаларының суреттері

Сөйлейтін қабырғалардағы ақпарат

А3 форматты қағаз бен фломастер, маркерлер.

Әннің сөздері мен әуені.

Сабақтың соңы

6. Рефлексия

  • Бүгінгі сабақта қандай ақпарат қызықты болды?
  • Қай тапсырманы орындау қиынға соқты?

- Сабақтан алған әсеріңмен бөлісе аласың ба?

Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сөйлейтін қабырғалардан ақпарат іздеу кезінде оқушылардың өз білімдерін білу, сонан соң қажет болған жағдайда қосымша көмек беру.

Дескрипторлар арқылы

Өзара бағалау арқылы

Сабақ барысында қауіпсіздік ережелерді сақтайды.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу