Музыкалық мамандықтар: музыка орындаушылар. Музыка, 4 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4 бөлім: Мамандықтар әлемі

Мектеп: Көкшетау қаласы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Магавин А.Б., Магавина Г.Ғ.

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Музыкалық мамандықтар: музыка орындаушылар

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.2.1 - ән айту ережесін сақтай отырып, түрлі сипаттағы екі дауысты қарапайым элементтері бар әндерді орындау;

4.1.2.2 -ырғақтық және динамикалық ансамбльдерді сақтай отырып, аспаптарда ойнау дағдыларын көрсету;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

- вокалдық музыка өнері жайлы ақпарат алады;

- түрлі тембрлерлді тыңдап ажыратуды және анықтауды үйренеді;

- Ә.Әбдінұровтың «Музыка» әнін үйренеді;

- әнді аспапта сүйемелдей отырып орындайды.

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

  • Әнді ырғақтық және динамикалық ансамбльды сақтай отырып топпен бірге сүйемелдейді
  • Әнді ережеге сай орындайды.

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • тиісті пәндік терминологияны пайдалана отырып, музыканы талқылау және таладай;
  • өз жұмысына түсініктемелер енгізу және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.

Пәндік лексикасы мен терминологиясы

Тембр – дауыс бояуы

әнші - singer – певец

вокалды музыка

колоратуралық сопрано

сопрано

альт

бас

баритон

тенор

дискант

Талқылау сұрақтары:

  • Дауыстар арасында қандай айырмашылықтар байқадыңыздар?
  • Бұл тұлғалар қай музыкалық мамандық өкілдері?

Құндылықтарды

дарыту

Классикалық музыканы құрметтеуге үйрету

Ынтымақтастық және ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру

Пәнаралық

байланыстар

Бастапқы білім

Оқушылар алдыңғы сабақта музыкалық мамандықтар жайлы постер жасап, Қазақстан дирижерлері, композиторлары мен орындаушылар жайлы ақпарат іздеп, танысты.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Күйді

Оқушылармен сәлемдесу

Тапсырма 1. Музыка тыңдау

Оқушыларға музыканы тыңдатпас бұрын, жауап парақтары таратылады.

Дауыстарды тыңдаңыз. Карточкаларға жауаптарды жазып алыңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз:

Әншілердің орындауындағы әндердің жазбаларын тыңда.

Б.Төлегенова (колоратуралық сопрано),

М.Мухамед қызы (сопрано),

Натали Штуцман (альт),

Д. Хвороствоский (бас),

Е.Серкебаев (баритон), А.Днишев (тенор),

Р.Лоретти (дискант).

Берілген сызбаға әншілердің аттарын жаз. Қай әнші қандай дауыс иесі екенін анықта

колоратуралық сопрано

жоғары жіңішке әйел дауысы

сопрано

жоғары әйел дауысы

альт

төмен әйел дауысы

бас

өте төмен ер дауысы

баритон

төмен ер дауысы

тенор

жоғары дауысы

дискант

өте жоғары жіңішке ер дауысы

  • Бұл дауыстар қалай аталатынын анықтаңыз.
  • Олардың айырмашылығы қандай?
  • Әншілер қай регистрде орындайды?
  • Әнші мен аспапшының мамандығында не маңызды? Неліктен? Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.
  • Вокалдық музыка дегеніміз не?

Б.Төлегенова (колоратуралық сопрано), https://www.youtube.com/watch?v=MalRiDxV_4Q

М.Мухамед қызы (сопрано), https://www.youtube.com/watch?v=SqFdqH6feEg

Натали Штуцман (альт), https://www.youtube.com/watch?v=DB44ehylkbk

Д. Хвороствоский (бас), https://www.youtube.com/watch?v=jaCFfUU2Ylo

Е.Серкебаев (баритон), https://www.youtube.com/watch?v=oNS2d-EVmpE

А.Днишев (тенор), https://www.youtube.com/watch?v=UZ26pUjqIn4

Р.Лоретти (дискант). https://www.youtube.com/watch?v=_UYAzZC-NMo

Сабақтың ортасы

 Тембр- (фр. tіmbre – кішкене қоңырау) – дыбыстың сапасы (оның “бояуы”, “характері”). Ол әр түрлі аспаптарда немесе түрлі дауыста орындалған белгілі бір биіктіктегі дыбыстарды ажыратуға мүмкіндік туғызады. Тембр дыбыс тербелістерінің формасына байланысты болады.

 

  • Балалар қазір барлығымыз 4 топқа бірігеміз.

1 топ – сопрано

2 топ – альт

3 топ – тенор

4 топ – бас.

Оқушылар өз қалаулары бойынша топтарға бірігеді.

Тапсырма:

  • Топпен бірге интернет желісін қолдана отырып, тембр иегерлерін, әйгілі әншілерді анықтаңыздар.

 

 Оқушылар өз жұмыстарын таныстырады.

 

 

Ән үйрену және орындау.

 Сөз К.Бұхарбаева, әні Ә.Әбдінұров «Музыка»

 

 Әнді ән үйрені әдістемесіне сай үйрену жіне орындау.

Интернет желісі бар нотубуктер

А3 форматты қағаз, маркер, фломастерлер.

Әннің нотасы, жазбасы, сөздері

Сабақтың соңы

6. Рефлексия

Бағдаршам әдісі бойынша сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.

Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық жұмыс барысында мұғалім оқушылардың сүйікті әншілері туралы жұмыс жасауына ұсыныс айтады.

Дескрипторлар арқылы

Өзара бағалау арқылы

Сабақ барысында қауіпсіздік ережелерді сақтайды.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу