Музыкалық мамандықтар: музыка шығарушылар мен орындаушылар. Музыка, 4 сынып, презентация.


4 Бөлім : Мамандықтар әлемі

Сабақ тақырыбы:

Музыкалық мамандықтар музыка шығарушылар мен орындаушылар

Бүгін сабақта:

музыкалық мамандықтарды ажыратамыз;

«Отырар сазы» халық оркестрімен танысамыз және музыкалық шығарманы талдаймыз;

Қазақстандағы музыка әлеміндегі танымал тұлғаларды танып білеміз;

ән айту ережесін сақтай отырып, әнді орындаймыз;

дирижер, композитор, орындаушы жайлы постерлер жасап өз жұмысымызды таныстырып қорғаймыз.

музыкантmusician

композиторcomposer

әнші - singer – певец

дирижер - conductor

1-тапсырма. Талқылау

Ұсынылған портреттерді қараңыз. Таныған тұлғаларды атаңыз. Олар туралы айтып беріңіз.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

- Бұл тұлғалар қай музыкалық мамандық өкілдері?

- Біз кімдерді музыкант деп атаймыз?

- Біз кімдерді музыка шығарушылар, ал кімдерді музыка орындаушылар деп атаймыз?

- Музыка шығарушы мен орындаушының айырмашылығы неде? Неліктен? Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.

- Композитор шығарған музыка қай жерде орындалады? Мысалдар келтіріңіз.

Дирижерлар

Нұрғиса Тілендиев

Евгений Брусиловский

Алан Бөрібаев

Орындаушы-әншілер

Орындаушы-аспапшылар

Композиторлар

2-тапсырма. Тыңдалым және талдау

Н.Тілендиевтің «Махамбет» күйінің үзіндісін бейнежазбадан тыңдаңыз.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

- Сіз бұл шығарманы қалай атаушы едіңіз? Неліктен?

- Шығарма қай жанрда жазылған? Неліктен?

- Шығарманың сипаты қандай?

- Дирижер деген кім?

- Дирижер шығарманың сипатын қалай жеткізеді?

- Дирижердің таяғы не үшін керек?

- Композитордың, дирижердің мамандығында не маңызды? Неліктен? Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.

Дескрипторлар:

- музыкалық шығарманы терминдерді пайдалана отырып талдайды;

- музыканың көркемдеуші құралдарын анықтайды;

- музыкалық аспаптар мен мамандықтарды атайды;

- топтық жұмысқа белсене қатысады.

«Отырар сазы» мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық халық аспаптары оркестрі

Қазақ филормониясы жанынан 1980 1980 жылжылы1980 жыл құрылған. Оның көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері Н.ТілендиевНұрғиса Тілендиев басында шағын ансамбль ретінде ұйымдастырып, 1982 ж. оркестр санатына көтерген.

4-тапсырма. Оқушылар үш топқа мамандықтар бойынша бірігеді.

1 топ – композитор

2 топ – дирижер

3 топ – орындаушы

Топпен бірге музыкалық мамандық жөнінде постер жаса. Өз постеріңді сынып алдында қорға.

Презентация

Әр топ өз постерін таныстырады. Басқа топтар бағалайды.

Рефлексия

-Бүгін сабақта не үйрендік? (…………….)

- Қандай тапсарма сендерге ұнады? (…………….)

- Қандай тапсырма сендерге қиын болды? (…………….)

Менің білуімше, бүгін сәтті болды? (…………..)

- Бүгін сабақта не құнды болды? Неге? (…………….)

- Н.Тілендиевті және басқа композиторларды әлем азаматтары деп алауға бола ма? Неге? (…………….)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу