Музыкалық мамандықтар: музыка шығарушылар мен орындаушылар. Музыка, 4 сынып, сабақ жоспары.


4-бөлім: Мамандықтар әлемі

Мектеп: Талдықорған қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Музыкалық мамандықтар: музыка шығарушылар мен орындаушылар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

4.1.1.1 - музыкалық терминдерді пайдаланып, әуеннің жанры мен музыкалық көркемдеуші құралдарын анықтау және салыстыру;

4.1.2.1 - ән айту ережесін сақтай отырып, түрлі сипаттағы екі дауысты қарапайым элементтері бар әндерді орындау;

4.1.2.2 - ырғақтық және динамикалық ансамбльдерді сақтай отырып, аспаптарда ойнау дағдыларын көрсету.

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

- музыкалық мамандықтарды ажыратады;

- «Отырар сазы» халық оркестрімен танысады және музыкалық шығарманы талдайды;

- Қазақстандағы музыка әлеміндегі танымал тұлғаларды танып біледі;

- ән айту ережесін сақтай отырып, әнді орындайды;

- дирижер, композитор, орындаушы жайлы постерлер жасап өз жұмыстарын таныстырып қорғайды.

 Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • музыкалық мамандықтарды атайды;
  • «Отырар сазы» халық оркестрімен танысаты және музыкалық шығарманы талдай алады;
  • Қазақстандағы музыка әлеміндегі танымал тұлғаларды танып біледі;
  • ән айту ережесін сақтай отырып, әнді орындай алады;
  • топтық жұмысқа белсене қатысады, өз тақырыбында постер жасайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

тиісті пәндік терминологияны пайдалана отырып, музыканы талқылау және таладау;

өз жұмысына түсініктемелер енгізу және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.

Терминдер сөздігі:

  • музыкант – musician
  • композитор – composer
  • әнші - singer – певец
  • дирижер - conductor

Сұхбат/хат үшін сыныпта пайдаланылатын лексика:

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Бұл тұлғалар қай музыкалық мамандық өкілдері?
  • Біз кімдерді музыкант деп атаймыз?
  • Біз кімдерді музыка шығарушылар, ал кімдерді музыка орындаушылар деп атаймыз?
  • Музыка шығарушы мен орындаушының айырмашылығы неде? Неліктен? Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.
  • Композитор шығарған музыка қай жерде орындалады? Мысалдар келтіріңіз.

 Құндылықтарды дарыту

Отанды сүюге, ұлттық музыкамызды құрметтеуге дарыту.

Ынтымақтастық және ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыстар

Бейнелеу өнері.

 АКТ қолдану дағдылары

Бұл сабақта АКТ қолдану дағдылары пайдаланбайды.

Бастапқы білім

Оқыған материалдар негізінде олар мәдениет пен музыкалық мұра нысандары туралы түсініктерін дамытты. Оқушылар балалар халық фольклорының әндерін орындады, халықтың кәсіби ақындарының әндерін қайталады, жаңа әндер жаттады, сонымен қатар бөлімнің «Мәдени мұра» тақырыбы бойынша шығармашылық жұмыс жасады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

Стартер

Музыкалық сәлемдесу

Дауыс жаттығулары

Оқушыларға сабақтың мақсаттары мен міндеттерімен таңыстыру.

Таныстырылым.

Сабақтың ортасы

7 минут

8 минут

7 минут

12 минут

1-тапсырма. Талқылау

Ұсынылған портреттерді қараңыз. Таныған тұлғаларды атаңыз. Олар туралы айтып беріңіз.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Бұл тұлғалар қай музыкалық мамандық өкілдері?
  • Біз кімдерді музыкант деп атаймыз?
  • Біз кімдерді музыка шығарушылар, ал кімдерді музыка орындаушылар деп атаймыз?
  • Музыка шығарушы мен орындаушының айырмашылығы неде? Неліктен? Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.
  • Композитор шығарған музыка қай жерде орындалады? Мысалдар келтіріңіз.

2-тапсырма. Тыңдалым және талдау

Н.Тілендиевтің «Махамбет» күйінің үзіндісін бейнежазбадан тыңдаңыз.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Сіз бұл шығарманы қалай атаушы едіңіз? Неліктен?
  • Шығарма қай жанрда жазылған? Неліктен?
  • Шығарманың сипаты қандай?
  • Дирижер деген кім?
  • Дирижер шығарманың сипатын қалай жеткізеді?
  • Дирижердің таяғы не үшін керек?
  • Композитордың, дирижердің мамандығында не маңызды? Неліктен? Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.

Дескрипторлар:

-музыкалық шығарманы терминдерді пайдалана отырып талдайды;

-музыканың көркемдеуші құралдарын анықтайды;

-музыкалық аспаптар мен мамандықтарды атайды;

-топтық жұмысқа белсене қатысады.

3-тапсырма. Жаттау және орындау

«Дирижер» сөзін жазған: Е.Тілепбердиев, әнін жазған: Б.Аманжол.

Қара сүртік жамылған,

Сахнаға шыққанда,

Көрермендер аңырған.

Сәндеп басып аяғын,

Сермеп қалса таяғын.

Күй төгеді сан аспап,

Төгілдіріп баяу үн.

  Қайырмасы:

  Бұл дирижер қимылы,

  Оркестрді басқарған.

  Бұл – дирижер сиқыры,

  Әуен төккен аспаннан.

2. Қолын сілтеп қалғанда,

Хор да әнін салғанда,

Жетелейді сан мың үн,

Жүрегіңді арманға.

Сиқырлы әуен лезде,

Баурап алар тәніңді.

Күмбір қаққан күй өзге,

Жаулап алар жаныңды.

4-тапсырма. Оқушылар үш топқа мамандықтар бойынша бірігеді.

1топ – композитор

2топ – дирижер

3топ – орындаушы

Топпен бірге музыкалық мамандық жөнінде постер жаса. Өз постеріңді сынып алдында қорға.

Презентация

Әр топ өз постерін таныстырады. Басқа топтар бағалайды.

Ресурстар:

Әйгілі дирижерлар мен композиторлардың портреттері.

«Отырар сазы» мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық халық аспаптары оркестрі. Композитор және дирижер Н.Тлендиев, «Махамбет» күйі.

https://www.youtube.com/watch?v=SCrvamfVZKA

«Дирижер» сөзін жазған: Е.Тілепбердиев, әнін жазған: Б.Аманжол.

(әндердің клавирі, минус және плюс фонограммалары келесі сайтта тіркелген сайте http://sk.nis.edu.kz/

А3 форматты қағаз бен фломастер, маркерлер.

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия

- Бүгін сабақта не үйрендік? (…………….)

- Қандай тапсарма сендерге ұнады? (…………….)

- Қандай тапсырма сендерге қиын болды? (…………….)

Менің білуімше, бүгін сәтті болды? (…………..)

- Бүгін сабақта не құнды болды? Неге? (…………….)

- Н.Тілендиевті және басқа композиторларды әлем азаматтары деп алауға бола ма? Неге? (…………….)

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында мұғалім көмек қажет ететін кейбір оқушыларға бағдар беріп отырады.

Алған білімдерін бағалау мүмкіндігі болады:

- алдын ала оқыту білімін қолдау;

- практикалық тапсырманы бір-бірін бағалау;

- сұратар арқылы;

- бағалау критерийлері бойынша.

Осы сабақта интертақтаны 10 минут пайдалану.

Осы сабақты бейнелеу өнері,

қазақ тілімен байланастыру

мүнкіндігі бар.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу