Музыкалық мамандықтар: музыка орындаушылар. Музыка, 4 сынып, презентация.


4 Бөлім : Мамандықтар әлемі

Сабақ тақырыбы:

Музыкалық мамандықтар музыка

шығарушылар мен орындаушылар

Бүгін сабақта:

вокалдық музыка өнері жайлы ақпарат аламыз;

түрлі тембрлерлді тыңдап ажыратуды және анықтауды үйренеміз;

Ә.Әбдінұровтың «Музыка» әнін үйренеміз;

әнді аспапта сүйемелдей отырып орындаймыз.

1-тапсырма. Талқылау

Жазбаны тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз:

- Тыңдалған шығармалар арасында қандай ұқсастық пен айырмашылық бар?

- Тек әнші айтатын музыка қалай аталады?

- Тек қана музыкалық аспапта орындалатын музыка қалай аталады?

- Музыканы бірігіп орындайтын музыканттар тобы қалай аталады?

- Сіз алдында қай әншілердің шығармашылығымен таныстыңыздар?

Дауыс түрлері:

Ерлер дауысы: бас (төмен дауыс),

баритон (орта дауыс), тенор (биік дауыс).

Әйелдер дауысы: контральто (төмен дауыс),

меццо-сопрано (орта дауыс), сопрано (биік дауыс).

Балалар дауысы: альт – қыздардың және ұлдардың төмен дауысы; сопрано – қыздардың және ұлдардың биік дауысы; дискант – ұлдардың биік дауысы.

Төмен ноталарды ынғайлы айтылатын дауысол альт.

2-тапсырма. Дауысты таны

Дауыстарды тыңдаңыз. Жауаптарды жазып алыңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз:

Бұл дауыстар қалай аталатынын анықтаңыз.

Олардың айырмашылығы қандай?

Әншілер қай регистрде орындайды?

Әнші мен аспапшының мамандығында не маңызды? Неліктен? Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.

-Бибигуль Төлегенова (колоратуралы сопрано),

- Майра Мухамед қызы (сопрано),

- Елена Образцова (меце-сопрвно),

- Федор Шаляпин (бас),

- Ермек Серкебаев (баритон),

- Алибек Днишев (тенор),

- Робертино Лоретти (дискант).

3-тапсырма. Жаттау және орындау

Сөзі К.Бұхарбаевтікі, әні Ә.Әбдінұровтікі «Музыка» әнін тыңдап, үйреніңіз.

Әнді аспапта сүйемелдей отырып орындау.

Рефлексия

-Бүгін сабақта не үйрендік? (…………….)

- Қандай тапсарма сендерге ұнады? (…………….)

- Қандай тапсырма сендерге қиын болды? (…………….)

Менің білуімше, бүгін сәтті болды? (…………..)

- Бүгін сабақта не құнды болды? Неге? (…………….)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
Пікір жазу