Менің елімнің музыкалық мұрасы. Музыка, 4 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған нұсқаулық
Сабақ барысын оқушыларға сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары, бағалау критерийлерімен таныстырудан бастаңыз.
Талқылау. Топтық жұмыс.
Иллюстрацияларды қарап, оларды мәдениеттің негізгі бағыттары бойынша бөліңіз.
Өз таңдауыңызды түсіндіріңіз. Сұраққа жауап беріңіз:
- Бұл суреттерді не біріктіреді? Неліктен?
- Мәдени мұра деген сөзді қалай түсінесіз?
- Мәдени мұранын нысаны деп нені айтады?
- Мәдени мұраны сақтаудың қандай қажеттілігі бар?
Тыңдау және талдау тапсырмасы.
Аңыздан үзінді қараңыз. Олардың атауын есіңізге түсіріңіз.
Сұраққа жауап беріңіз:
- Тыңдалған шығарма қандай жанрға жатады?
- Өз жауабыңызды дәлелдеңіз.
- Күйдің көркем бейнесін жеткізу үшін қандай музыкалық көркемдеуші құралдарды қолданған?
- Аңызда қандай аспаптар туралы айтылған?
- Аңызда қандай ұқсастық және қандай айырмашылық бар?
Венн диаграммасында үш ұқсастық пен айырмашылығын көрсетіңіз.
Ән үйрену және орындау тапсырмасы.
Қазақтың халық әні «Еркем-ай» сыныпта үйреніңіз. Сыныпқа алдын-ала әннің мәтінін таратуға болады. Ән айту ережелерін ұстаныңыз. Әнді екі дауыста қарапайым элементтерін қолданыңыз. Оқушыларға әннің көркем бейнесін жеткізіп орындауға көмектесіңіз.
Бағалау.
Өзіңіздің және сыныптасыңыздың жұмысын түсініктеме бере отырып бағалаңыз.
-Орындаған кезде не сәтті өтті?
-Нені жақсарту керек?
Оқушылар қол белгілерімен көрсетеді:
мен түсіндім,
мен түсіндім, бірақ кейбір сұрақтар бар,
мен ештене түсінген жоқпын
Рефлексия.
Сабақты -бүгін сабақта не үйрендік? -қандай тапсарма сендерге ұнады?
-қандай тапсырма сендерге қиын болды? -бүгін сабақта не құнды болды? -неге?
-музыкалық шығарма қандай бейнені жеткізеді? -бейне сюжеттің негізгі ойы неде?
-менің білуімше, бүгін сәтті болды? әдісімен аяқтаңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?