Менің елімнің музыкалық мұрасы. Музыка, 4 сынып, презентация.
3 Бөлім : Мәдени мұра
Сабақ тақырыбы:
Менің елімнің музыкалық мұрасы
Бүгін сабақта:
иллюстрациялар және сұрақтар арқылы, мәдениеттің негізгі бағыттарын бөлеміз;
музыкалық көркемдеуші құралдардың көмегімен, әуеннің жанрын, көркемдік образдарын анықтаймыз және салыстырамыз;
ән айту ережесін сақтай отырып, «Еркем-ай» әнің екі дауыста орындаймыз
Музыкалық сауат
мәдени мұра, музыкалық мұра;
халық әні;
күй, күй-аңыз;
халық аспаптары
1-тапсырма. Талқылау
Иллюстрацияларды қарап, оларды мәдениеттің негізгі бағыттары бойынша бөліңіз.
Өз таңдауыңызды түсіндіріңіз. Сұраққа жауап беріңіз:
- Бұл суреттерді не біріктіреді? Неліктен?
- Мәдени мұра деген сөзді қалай түсінесіз?
- Мәдени мұранын нысаны деп нені айтады?
- Мәдени мұраны сақтаудың қандай қажеттілігі бар?
2-тапсырма. Музыка тыңдау және талдау
Аңыздан үзінді қараңыз. Олардың атауын есіңізге түсіріңіз.
Сұраққа жауап беріңіз:
- Тыңдалған шығарма қандай жанрға жатады?
- Өз жауабыңызды дәлелдеңіз.
- Күйдің көркем бейнесін жеткізу үшін қандай музыкалық көркемдеуші құралдарды қолданған?
- Аңызда қандай аспаптар туралы айтылған?
- Аңызда қандай ұқсастық және қандай айырмашылық бар?
Венн диаграммасында үш ұқсастық пен айырмашылығын көрсетіңіз.
Рефлексия
- Бүгін сабақта не үйрендік? (…………….)
- Қандай тапсарма сендерге ұнады? (…………….)
- Қандай тапсырма сендерге қиын болды? (…………….)
- Бүгін сабақта не құнды болды? Неге? (…………….)
- Музыкалық шығарма қандай бейнені жеткізеді?
- Бейне сюжеттің негізгі ойы неде?
- Менің білуімше, бүгін сәтті болды? (…………..)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?