Менің елімнің әндері. Музыка, 4 сынып, сабақ жоспары.


3-бөлім: Мәдени мұра

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Менің елімнің әндері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

4.1.1.1 - музыкалық көркемдеуші құралдардың көмегімен, әуеннің жанрын, көркемдік образдарын анықтау және салыстыру;

4.2.1.2 - қарапайым музыкалық-шығармашылық жұмыстарды шығару және импровизация жасау үшін музыкалық көркемдеуші құралдарды қолдану;

4.1.2.1 - ән айту ережесін сақтай отырып, түрлі сипаттағы екі дауысты қарапайым элементтері бар әндерді орындау.

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • төрт түлік малдарға арналған әндермен танысады, музыкалық көркемдеуші құралдардың көмегімен, әуеннің жанрын, көркемдік образдарын анықтайды және салыстырады;
  • музыкалық көркемдеуші құралдарын қолдана өлең жолдарына әуен шығарады және импровизация жасайды.
  • ән айту ережесін сақтай отырып, «Тұлпарым» әнің екі дауыста орындайды.

 Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • төрт түлік малдарға арналған әндермен танысады, музыкалық көркемдеуші құралдардың көмегімен, әуеннің жанрын, көркемдік образдарын анықтайды және салыстыра алады;
  • музыкалық көркемдеуші құралдарын қолдана өлең жолдарына әуен шығарады және импровизация жасай алады;
  • ән айту ережесін сақтай отырып, «Тұлпарым» әнің екі дауыста орындай алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар :

тиісті пәндік терминологияны пайдалана отырып, музыканы талқылау және таладау;

өз жұмысына түсініктемелер енгізу және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.

Терминдер сөздігі:

  • салт-дәстүр,
  • тұрмыстық,
  • халықтық лирикалық,
  • тарихи

Сұхбат/хат үшін сыныпта пайдаланылатын лексика:

Талқылауға арналған сұрақтар:

-Әннің көркем бейнесін жеткізу үшін қандай музыкалық көркемдеуші құралдар қолданған?

-Бұл ән не жайында?

-Әуеннің көңіл-күйі қандай?

-Бұл ән қандай динамикада және екпінде орындалды.

-Неліктен?

-Төр түлікке қандай жануарлар жатады?

-Төрт түліктің төлін білеміз бе?

 Құндылықтарды дарыту

Қазақтың мәдени мұрасын білу, құрметпен қарау.Қазақтың төрт түлікке арналған әндері арқылы жеткізу.

 Пәнаралық байланыстар

Бейнелеу өнері, қазақ тілі.

 АКТ қолдану дағдылары

Бұл сабақта АКТ қолдану дағдылары пайдаланбайды.

Бастапқы білім

Өткен сабақта оқушылар қазақтың мәдени мұрасының негізгі бағыттарын анықтады. Жетіген және домбыра аспабы туралы аңыздарды тыңдап салыстырды. Ән айту ережесін сақтай отырып, «Еркем-ай» қазақ халық әнің екі дауыста орындауға үйренді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут

Музыкалық сәлемдесу

Дауыс жаттығулары

Сұрақтар:

- Өткен сабақта не үйрендік? Мысалдар келтіріндер.

«Еркем-ай» әнің орындау.

Тақырыппен танысу

Оқушыларға сабақтың мақсаттары мен міндеттерімен таңыстыру.

Таныстырылым.

«Еркем-ай» қазақ халық әні

Сабақтың ортасы

7 минут

10 минут

10 минут

3 минут

1-тапсырма. Музыка тыңдау және талдау

Әннің түрі: салт-дәстүр, тұрмыстық, халықтық лирикалық, тарихи, төрт-түлікке арналған әндердің ерекшелігі жайында әңгімелеп берімін.

Төрт түлік, төлдері және олардан алынатын өнімдер жайында әңгімелеу.

Б.Бейсенованың әніне және сөзіне жазылған «Тұлпарым» әнін тыңдаңыз және сұраққа жауап беріңіз:

  • Бұл ән не жайында?
  • Әуеннің көңіл-күйі қандай?
  • Бұл ән қандай динамикада және екпінде орындалды.
  • Неліктен?
  • Төр түлікке қандай жануарлар жатады?
  • Төрт түліктің төлін білеміз бе?

«Төлдер » бейнебаянын қараңыз.

2-тапсырма. Музыка шығару және импровизация.

Берілген өлең жолдарынан бір түліктің өлеңін таңдап алыңыз және оған әуен шығарыңыз.

1. Қой баласы қоңырым,

Қойдан жуас момыным.

Шопан ата түлегі

Қошақаным қайдасың.

2. Көк сиыр бұзау туғанда,

Қамап қойдық қораға.

Көк сиыр тұрды мөңіреп,

«Қайда менің балам», деп.

3. Төрт түліктің біріміз,

Түйе деген түріміз.

Желеп-жебеп жүретін

«Ойсылқара» –піріміз.

4. Құрық алып қолыма,

Қамшы салып торыға,

Жылқы айдаймын жайлауда,

Шаң ілеспей соңыма.

Өз шығармаңызға ұрмалы, шулы музыкалық аспаптарды қолдана отырып импровизация жасаңыз және орындаңыз.

3-тапсырма. Ән үйрену және орындау

Б.Бейсенованың әніне және сөзіне жазылған «Тұлпарым» әнін үйреніңіз және оны екпіні мен динамикасын сақтап орындаңыз. Әнді канонмен орындаңыз.

Бағалау

Өзіңіздің және сыныптасыңыздың жұмысын түсініктеме бере отырып бағалаңыз.

-Орындаған кезде не сәтті өтті?

-Нені жақсарту керек?

Ресурстар:

Б.Бейсенованың әніне және сөзіне жазылған «Тұлпарым»

https://www.youtube.com/watch?v=aqdN8wBwXuE

-үй жануарлары туралы ән

https://www.youtube.com/watch?v=SvL-rmCEVKM

- үй жануарлары туралы

https://www.youtube.com/watch?v=pcCTO-zfjEg

- төрт түлікке байланысты мақал-мәтелдер.

ұрмалы, шулы- музыкалық аспаптар

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия

  • мен білдім,
  • білгім келеді,
  • білемін

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында мұғалім көмек қажет ететін кейбір оқушыларға бағдар беріп отырады.

Алған білімдерін бағалау мүмкіндігі болады:

- алдын ала оқыту білімін қолдау;

- практикалық тапсырманы бір-бірін бағалау;

- сұратар арқылы;

- бағалау критерийлері бойынша.

Осы сабақта интертақтаны 10 минут пайдалану.

Осы сабақты бейнелеу өнері,

қазақ тілімен байланастыру

мүнкіндігі бар.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу