Музыкалық аспаптар мен күйлер. Музыка, 4 сынып, сабақ жоспары.


3-бөлім: Мәдени мұра

Мектеп: Талдықорған қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Музыкалық аспаптар мен күйлер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

4.1.1.2 - музыкалық шығарманың дыбыстауын түрлі орындауда тыңдатып анықтау және салыстыру;

4.1.3.2 - музыкалық аспаптар аттарын ажырату;

4.1.2.2 -ырғақтық және динамикалық ансамбльдерді сақтай отырып, аспаптарда ойнау дағдыларын көрсету.

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • музыкалық шығарманың дыбыстауын түрлі орындауда тыңдатып анықтайды және салыстырады;
  • музыкалық аспаптар аттарын ажыратады;
  • ырғақтық және динамикалық ансамбльдерді сақтай отырып, аспаптарда ойнау дағдыларын көрсетеді.

 Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • музыкалық шығарманың дыбыстауын түрлі орындауда тыңдатып анықтайды және салыстыра алады;
  • музыкалық аспаптар аттарын ажырата алады;
  • ырғақтық және динамикалық ансамбльдерді сақтай отырып, аспаптарда ойнайды дағдыларын көрсетеді.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар :

тиісті пәндік терминологияны пайдалана отырып, музыканы талқылау және таладау;

өз жұмысына түсініктемелер енгізу және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.

Терминдер сөздігі:

• мәдени мұра;

  • музыкалық мұра;

халық аспаптары;

музыкалық фольклор.

Сұхбат/хат үшін сыныпта пайдаланылатын лексика:

Талқылауға арналған сұрақтар:

-Тыңдалған шығарма қандай жанрға жатады?

-Күй ойнаудың екі түрі арасында қандай айырмашылық бар? Неліктен? Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.

-Шығарманың сипаты қандай?

-Сіз бұл күйді қалай атаушы едіңіз? Неліктен?

 Құндылықтарды дарыту

Қазақтың мәдени мұрасын білу, құрметпен қарау.

 Пәнаралық байланыстар

Бейнелеу өнері, қазақ тілі.

 АКТ қолдану дағдылары

Бұл сабақта АКТ қолдану дағдылары пайдаланбайды.

Бастапқы білім

Өткен сабақта оқушылар әннің түрлері: салт-дәстүр, тұрмыстық, халықтық лирикалық, тарихи, төрт-түлікке арналған әндердің ерекшелігі анықтады. Ән айту ережесін сақтай отырып, «Тұлпарым» әнің орындауға үйренді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Стартер

Музыкалық сәлемдесу

Сұрақтар:

- Өткен сабақта не үйрендік? Мысалдар келтіріндер.

Дауыс жаттығулары

Тақырыппен танысу

Оқушыларға сабақтың мақсаттары мен міндеттерімен таңыстыру.

Таныстырылым.

Б.Бейсенованың музыкасы және сөзіне жазылған «Тұлпарым» әні.

Сабақтың ортасы

7 минут

10 минут

12 минут

3 минут

1-тапсырма. Тыңдалым және талдау

Музыкалық шығармадан үзіндіні тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Тыңдалған шығарма қандай жанрға жатады?
  • Күй ойнаудың екі түрі арасында қандай айырмашылық бар? Неліктен? Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.
  • Шығарманың сипаты қандай?
  • Сіз бұл күйді қалай атаушы едіңіз? Неліктен?

2-тапсырма. Музыкалық викторина

Шығармалардан үзінділерді тыңдап, ырғағы бойынша атауы мен музыкалық аспап жататын топты анықтаңыз.

Дәптерлеріңізге тыңдалған аспаптардың атаулары мен топтарын жазыңыз.

  • Тыңдалған музыкалық аспаптар қай оркестрге жатады?

3-тапсырма. Орындау

Өзіңіздің «виртуалды» этно-фольклорлық ансамбліңізді құрыңыз. С.Мухамеджановтың «Шаттық Отаны» күйіне үн қосыңыз.

1-топ: төрттік ноталар арқылы біркелкі соғуды көрсетіңіз.

2-топ: сегіздік ноталар арқылы соғуды көрсетіңіз.

3-топ: күйдің ырғақты бейнесін көрсетіңіз.

Бағалау

Өзіңіздің және сыныптасыңыздың жұмысын түсініктеме бере отырып бағалаңыз.

Критерийлер:

1. өз партиясын орындайды;

2. ансамбльде орындайды;

3. ұйымшылдық.

-Орындаған кезде не сәтті өтті?

-Нені жақсарту керек?

Ресурстар:

https://www.youtube.com/watch?v=lk-_uCDT1wU – халық аспаптары оркестрінің орындауындағы Сыдық Мухамеджановтың «Шаттық Отаны» күйі.

https://www.youtube.com/watch?v=2EjUj5vBoR0- Құрманғазы атындағы Академиялық оркестрдің орындауындағы Сыдық Мухамеджановтың «ШаттықОтаны» күйі.

https://www.youtube.com/watch?v=Xtdhwjt1MDw- Фольклорлық оркестрдің орындауындағы А. Құдайбергеновтың «Балдырған» күйі.

Викторинаға арналған музыкалық материал:

Д.Нурпеисованың «Науаи» күйі - домбыра.

Ықыластың «Аққу» күйі – қобыз.

Н.Тілендиевтің «Ата толғауы» күйі

https://www.youtube.com/watch?v=UDZF0ZrlTNE-Бабалар аманаты: Ұлттық аспаптар.

https://www.youtube.com/watch?v=oB5Ooqyw4oo- - «Тұран» этно-фольклорлық ансамблі. «Акку» күйі Н. Тілендиев.

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия

- Бүгін сабақта не үйрендік? (…………….)

- Қандай тапсарма сендерге ұнады? (…………….)

- Қандай тапсырма сендерге қиын болды? (…………….)

- Бүгін сабақта не құнды болды? Неге? (…………….)

- Музыкалық шығармаларда қандай аспаптардың дыбыстарын естідік?

- Менің білуімше, бүгін сәтті болды? (…………..)

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында мұғалім көмек қажет ететін кейбір оқушыларға бағдар беріп отырады.

Алған білімдерін бағалау мүмкіндігі болады:

- алдын ала оқыту білімін қолдау;

- практикалық тапсырманы бір-бірін бағалау;

- сұратар арқылы;

- бағалау критерийлері бойынша.

Осы сабақта интертақтаны 10 минут пайдалану.

Осы сабақты бейнелеу өнері,

қазақ тілімен байланастыру

мүнкіндігі бар.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу