Мейірімділік әлемі. Музыка, 4 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2 бөлім: Құндылықтар

Мектеп: Көкшетау қ. ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мейірімділік әлемі

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.2.1.1- музыкалық шығармашылық жұмыстарды жасау үшін өз идеясын ұсыну және түрлі материалдар мен ресурстар таңдау

4.3.1.1– шығармашылық жұмысын көрсету және бағалай білу

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • мейірімділік тақырыбында кластер жасайды;
  • өз шығармашылық жұмыстарын таныстырады және бағалайды.

Бағалау критерийлері

Білім алушы

  • шығармашылық жұмысты жасау үшін өз идеяларын ұсынып топтық жұмысқа ат салыса қатысады;
  • шығармашылық жұмысын көрсетеді және өзге топтардың жұмысын бағалайды.

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • қажетті терминологияны қолдана отырып, музыканы талқылай және талдай алады;
  • өз жұмысына түсініктеме беріп, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасай алады.

Пәндік лексикасы мен терминологиясы

  • оркестр түрлері: халық, симфониялық;
  • музыкалық көркемдеуші құралдар: әуен, ырғақ, екпін, динамика, лад.

Құндылықтарды

дарыту

Отанды сүюге, ұлттық музыкамызды құрметтеуге дарыту.

Топтық жұмыстарға белсене қатысу, топта барлық оқушылардың жұмыс істеуін қадағалау арқылы оқушылардың ынтымақтастықтарын дамыту.

Көп ұлтты мемлекеттің бір мүшесімін деген ұғымды түсіндіру арқылы Мультикультурализм құндылығын дамыту.

Пәнаралық

байланыстар

АҚТ аудио, видео ресурстарды қолдану кезінде.

Бастапқы білім

Алдыңғы сабақтарда меңгерілген білім, білік, дағдылар осы сабақта қайталанып, жалғасын табады..

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сәлемдесу шеңбері

  • Балалар, бәріміз қолымызды ұстап тұрып, бір бірімізге бір мейірімді сөздерден айтайық.
  • Балалар, мына суреттерге қарап өз ойларыңызды айтсаңыздар.

Мейірімділік туралы бейнематериал қарау

Бейнебаянды қараңыз және сұраққа жауап беріңіз:

  • Бұл бейнебаян не жайында?
  • Ән не жайында айтылады?
  • Мейрімділік дегеніміз не?
  • Мейірімді болу дегеніміз не? Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.
  • «Мейрімділік әлемді құрқарады» дегенді қалай түсінесің?

Оқушыларды суреттердің қиықтары бойынша төрт топқа біріктіру.

Балалалар, әр топта бір сурет шықты. Осы суретте не бейнеленген?

Сіздерге, бұл суреттегі көріністерді мейірімділікпен байланыстырып, кластер жасау керек.

Топтық жұмыс

1.Топпен бірге «Мейрімділік әлемді құтқарады» тақырыбына кластер жаса.

2.Кластер жасау үшін тақырыпқа сай идеяларыңмен бөліс.

1 топ– «Отбасы»

2 топ – «Табиғат»

3 топ – «Қала»

4 топ – «Жер»

3.Өз шығармашылық жұмысыңды таныстыр және оны критерий бойынша

бағала.

Дескрипторлар:

Білім алушы

-кластер құру барысында өз идеяларымен бөліседі;

-кластерде тақырыпты ашады;

-шығармашылық жұмысын таныстырады;

-өзге топтардың жұмысын бағалайды, жұмысқа байланысты пікір білдіреді.

Ән орындау

Алдыңғы сабақта үйренген әнді минус жазбасымен қайталап орындау.Оқушыларға әнді орындау барысында көркем образды, әннің мағынасы мен сипатын жеткізіп орындау қажет екенін ескерту.

«Адамға тән қасиет»

сөзін жазған: Е. Тілепбердиев,

әнін жазған: Б. Қыдырбек

Ата-ана аялап,

Жеткізеді баласын.

Ол өсіріп саябақ,

Жайнатады даласын.

Адамға тән қасиет,

Жақсы көру бәрін де.

Жаман қылық қасірет,

Әкеледі әр үйге.

Қ-сы:

Асқақ ғұмыр жалғасын,

Адам асыл ісімен.

Ғалам жұмыр жайнасын,

Махаббаттың күшімен.

Жаман қылық – жемірің,

Ойымызда болмасын.

Махаббат пен мейірім,

Бойымызға орнасын.

Құрмет, ізет, сыйлауды,

Сіңірейік жүрекке.

Парасатты, сындарлы

Айналайық түлекке.

Сабақтың соңы

6. Рефлексия

  • Орындауда не жақсы шықты?
  • Не жаман шықты?
  • Тағы нені жақсартуға болады.

7. Қорытынды. Оқушылар ауызша бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөлісіп, өзара бағалау жүргізеді.

Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Шығармашылық тапсырома барысында қажет болған жағдайда оқушыларға қосымша көмек көрсету.

Сабақтың соңында оқушылар рефлексия жүргізіліп, ауызша өзара бағалау жасайды

Сабақ барысында қауіпсіздік ережелерді сақтайды.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу