Бірнеше айнымалысы бар өрнектер. Музыка, 4 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
Бөлімі: Көбейту және бөлу
Тақырыбы: Бірнеше айнымалысы бар өрнектер.
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)
3.2.1.1 бір /екі әріпі бар әріпті өрнектерді ажырату, құрастыру, жазу және оқу
Сабаққа қажетті ресурстар: кеспеқағаздар – әр топқа;ламинатталған парақтар, маркерлер, қима қағаздар.
Сабақта қолданылатын деректі материалдар:Әріпті өрнектегі әріпті айнымалы деп атайды. Әріпті өрнекте екі, үш немесе одан да көп айнымалылар болуы мүмкін.
Сабақ бойынша ұсыныстар:Кіріспе. Алдын-ала дайындалған түрлі –түсті қима қағаздарды таңдау әдісі арқылы топтарға бірігу.«Қызыл», «Сары», «Жасыл».
(Ұ.Ж.) Сабақты «Карусель» ойынымен бастаңыз. Флипчартта математикалық өрнектер жазылған. . Оқушылар берілген өрнектерді топтарға жіктеп, неге олай жіктегенін дәлелдейді. Жіктеген топтарға өздері ат қояды. Жұмыс біткен соң, тапсырмаларды тақтаға іледі.. Егер барлық флипчарттарда жауап дұрыс жазылса – бұл тамаша нәтиже! Қателер болатын жағдайда, әр топқа қатемен жұмысты ұсыныңыз. Оқушылар тапсырманы орындап, парақты көршісіне береді. Бірден геометриялық фигуралар арқылы өзара бағалау жүргізуге болады. Оқушылар бұл тапсырма арқылы санды өрнек пен айнымалысы бар өрнектер туралы алған білімдерін қайталайды.
Флипчартқа тапсырма жазылады және мынадай сұрақтар қойылуы мүмкін:
-Өрнектерді топтарға бөл.
-Ол топтарды қалай атаған болар едің?
-Неге санды өрнек дейміз?
-Айнымалысы бар өрнек дегеніміз не?
-Айныма өрнекті қалай оқимыз?
-Айнымалысы бар өнектің мәнін таба аламыз ба?
-Қай кезде әріпті өрнектің мәнін табуға болады?
- Не үшін әріпті өрнек керек?
- Қайсысы артық?
Жауабы:
- Санды өрнек: 25 + 12 +15; (67 - 27) + (84 + 34).
- Айнымалысы бар өрнек: 98 – 45 ∙х; (49 + 95) + х; 47 – 36 + х; х + 345; х + у; а- 5;
99 – р; а + (5 + 8); (у-45 )-(13 + у).
(Т.Ж.)Топтық жұмысты өрнектер жазылған кеспе қағаздарды таратып беруден бастаңыз.. Әрбір топ өздеріне берілген тапсырманы ламинатталған парақтарға орындайды. Содан кейін жауаптырымен таныстырады.Оқушылар бір айнымалысы бар өрнек, екі айнымалысы бар өрнек, санды өрнек туралы алған білімдерін қайталайды.
Жауабы:
1- топ
а ∙3 – 9; а – 5 +7; (3 +х ) :3; 4 +(5∙с)
2 – топ
49- а∙ в; 4+ а: в; ( 95- а) +в; 2∙а+5∙в
3 – топ
63 : 7 + 49; 88 – 72 : 8; 67+ 20 : 4; 71 – 36 : 6
«Басбармақ» әдісі арқылы бағалау жүргізіңіз.
Ойлан, жауап бер!
(Т.Ж) Топпен жұмыс жасауды одан әрі жалғастырыңыз. Оқушылар шағын топта есептің шартын оқып, талдау жүргізуді ұйымдастырыңыз. Оқушылар есептің дұрыс шешуі екі айнымалысы бар өрнек екендігін біледі және дәлелдеп береді. Топтағы оқушылар топтың шешімін ламинатталған қағазға жазып, тақтаға іледі. Барлық топтар бір-бірінің жауабымен салыстыра отырып тексереді. Оқушылар екі айнымалысы бар өрнекті жазуды біледі. «Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізіңіз.
Жауабы: (2∙ х) + (4 ∙ у)
Қайсысы артық?
(Ұ.Ж.) Сабақты ұжымдық жұмыс арқылы жалғастырыңыз. Оқушыларға берілген тапсырмаға мұқият қарауды тапсырыңыз. Олар өрнек, санды өрнек немесе айнымалысы өрнек болатынын біледі. Олай болса теңдік артық жазылғанын айтып қорытынды жасайды. Берілген өрнектерден алдымен санды өрнектерді, одан кейін әріпті өрнекті жазуды ұсыныңыз.Оқушылар санды және әріпті өрнек туралы алған білімін тиянақтайды.
Жауабы: 12 + 42=54; 88= 4∙ 22
«Смайликтер» арқылы бағалау бағалау жүргізіңіз.
Өрнектерді сәйкестендір.
(Ж.Ж.) Жұптық жұмысты айнымалысы бар өрнектерді санды өрнекке айналдыру арқылы өрнектің мәнін табуға тапсырма беріңіз.Оқушылар өрнектегі айнымалының орнына берілген сандарды қойып, өрнектердің мәнін есептейді. Алғашқы екі өрнекте бір айнымалы, ал қалғандарында екі айнымалысы бар. Тапсырманы орындап болған соң, жұптағы оқушылар бір-бірімен дәптерін ауыстырып, жауаптарын тексеру.
Оқушылар бір және екі айнымалысы бар өрнектердің мәнін тауып, шығару дағдысын қалыптастырады.
Жауабы:
- 32;24
- 12; 9
- 25;44
«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізіңіз.
(Д.Ж.) Тапсырма сабақта меңгерген дағдыларды өз бетінше бекітуге арналған.
Алдымен тапсырма жазылған кестені таратып беріңіз. Айнымалысы бар өрнектерді санды өрнекке айналдырып, мәндерін таба алады.
Жауабы:
- 14,15,16,17,18.
- 18,17,16,15,14.
Геометриялық фигуралар арқылы бағалау жүргізу.
Блиц – турнир
(Ұ.Ж.) Сабақтың соңында «Блиц - турнир» ойынын ұйымдастырыңыз. Ол үшін сыныптың лидерлерін сыныптың сыртына шығарып, біртіндеп кіргізіп сұрақтар қоясыз.Оқушыларға кестеде берілген өрнектер бойынша сұрақтарға жылдам әрі шынайы жауап беруі керек . Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы компоненттері мен нәтижелері арасындағы өзара байланыс жайлы қорытынды жасайды.
-Қалай ойлайсың, неге өрнек екі қатарға жазылған?
-Бірінші қатардағы өрнекті қалай атар едің?
-Екінші қатардағы ше?
-Қосудың компонентерін қалай айтады?
-Азайтудың компонентерін ше?
-Барлық өрнекте азайғыш, азайтқыш, айырма кездесе ме?
«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізіңіз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?