Дархан далам. Музыка, 4 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1 бөлім- Менің Отаным - Қазақстан

Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Магавина Г.Ғ.

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Дархан далам

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.1.1-музыкалық көркемдеуші құралдардың көмегімен, әуеннің жанрын, көркемдік образдарын анықтау және салыстыру;

4.1.2.1 -ән айту ережесін сақтай отырып, түрлі сипаттағы екі дауысты қарапайым элементтері бар

әндерді орындау;

4.1.3.3 -қарапайым әуендерді немесе музыкалық шығармалар үзінділерін нотамен орындау;

 Сабақ

 мақсаттары

Оқушылар

  • Н. Назарбаевтың сөзіне жазылған, А. Қоразбаевтың «Үш қоңыр» әнін тыңдап талдайды;
  • «Үш қоңыр» әнінің қайырмасын нотамен орындайды;
  • «Дархан далам» әнін үйренеді.

 Бағалау

 критерийлері

Оқушылар:

  • тыңдалған әннің музыкалық көркемдеуші құралдарын анықтайды
  • әнді көркем образын жеткізе отырып орындайды;
  • әннің үзіндісін нотамен орындайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • қажетті терминологияны қолдана отырып, музыканы талқылай және талдай алады;
  • өз жұмысына түсініктеме беріп, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасай алады.

Пән лексикасы мен терминологиясы

Түйін сөздер

  • ән жанры: патриоттық, лирикалық;
  • музыкалық көркемдеуші құралдар: әуен, ырғақ, екпін, динамика, лад.

Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері

  • Отанды қандай сөздермен сипаттай аласыз?
  • Композитор Отанның сипатын жеткізу үшін қандай музыкалық көркемдеуші құралдарды қолданған?
  • Әндердегі музыка не жайын баяндайды?
  • Әндердің ұқсастығы мен айырмашылығы неде?
  • Әр әнді тыңдай отырып, қандай табиғат суреттерін көзге елестетуге болады?
  • Музыкалық форманың құрылымын анықтаңыз?

 Құндылықтарды

 дарыту

Ынтымақтастық, құрмет, еңбек және шығармашылық

 Пәнаралық

 байланыстар

Тарих, хореография.

 АКТ қолдану

 дағдылары

Бұл сабақта АКТ дағдылары қолданылмайды.

Бастапқы білім

Алдыңғы бөлімде алған білімдері.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Дархан далам

«Миға шабул»

Оқушылар патриот сөзіне өз ассоцияцияларын айтады.

- Қайндай адамдарды патриот деп атайды?

- Өзіңізді патриот екеніңізді қалай дәлелдей алар едіңіз?

- Балалар, біз «Менің Отаным – Қазақстан!» бөлімін бастаймыз. Бүгін сабақта Отан туралы әндерді тыңдап талдаймыз, «Дархан далам» әні Б.Кыдырбек, сөзі Е. Тілепбердиевтің әнін үйренеміз.

1-тапсырма. Музыка тыңдау және талдау.

Н.Назарбаев сөзіне жазылған, А.Қоразбаевтың «Үш қоңыр» әнін тыңдаңыз.

  • Ән не жайында айтылады?
  • Бұл бейнебаяннан қандай суретті тамашаладыңыздар?
  • Отан дегеніміз не?
  • Өз Отаныңызды қандай сөздермен сипаттайсыз?
  • Әннің көңіл күйі қандай?
  • Композитор Отанның бейнесін сипаттау үшін қандай музыкалық көркемдеуші құралдарды қолданған?
  • Бұл музыкалық шығарма қандай жанрға жатады?

Үшқоңыр өлкесі туралы бейне материал қарау

Әннің хор орындауындағы нұсқасын тыңдаңыздар.

Айырмашылығы мен ұқсастығы бар қандай?

Ноталық сауаттылық

«Үш қоңыр» әнінің қайырмасын нотамен орындап көріңіз.

https://www.youtube.com/watch?v=dw4NWGwPvXk МузАрт тобының орындауында

https://www.youtube.com/watch?v=AqICQbVdjHs Үшқоңыр туралы бейне материал 0.00-1.10

https://www.youtube.com/watch?v=8fo9MTKgp5o Хор орындауында

Сабақтың ортасы

2-тапсырма. Ән үйрену.

«Дархан далам» әні Б.Кыдырбек, сөзі Е. Тілепбердиевтің әнін үйреніңіз.

«Дарқан далам»

сөзін жазған: Е. Тілепбердиев,

әнін жазған: Б. Қыдырбек

1.Каспий, Балқаш, Алакөл -

Айдын, шалқар, көлдерім.

Алтай, асқақ Алатау,

Асқар тауым - төрдегім.

Сан мыңдаған жүрсе аңы,

Бетпақ дала жонында.

Тобылғы мен жусаны,

Жұпар шашқан жолыңда.

Қайырмасы:

Неткен әсем туған жер,

Жақұт тұнған қойнауың?!

Неткен сұлу туған ел,

Жасыл орман, жайлауың?

2.Толқындары тулап-ай,

Шимайлаған өрнегін,

Баянауыл, Бурабай,

Суретіндей көрменің.

Нұрын шашып туған Ай,

Көзін сүзген шөлдерім.

Аң мен құсқа, сыйға бай,

Байтақ далам – белдерім.

Композитор Балнұр Қыдырбек. композитор, филология ғылымдарының кандидаты. Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы, 1978), осының аспирантурасын бітірді (1980). 1978-1992 ж. Қазақстан Композиторлар одағы басқармасында кеңесші қызметін атқарды. Қыдырбек фортепьяноға арналған соната (1977), симфония поэма ("Күйші", 1979), опера-балет ("Айтылмаған ән", 1980), аспаптық пьесалар, ән, эстрада және киномузыка, т.б. салада (300-ден астам музыка шығармалар) еңбек етті.

Әнніі сөзі минусы плюсовкасы

Сабақтың соңы

Рефлексия:

  • Мен нені білдім?
  • Мен нені үйрендім?
  • Қандай тапсырма орындадым?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында мұғалім көмек қажет ететін кейбір оқушыларға бағдар беріп отырады

Нотамен оорындау барысында оқушыларға көмек көрсету.

Өзара бағалау

Жетістік критерийлері бойынша бағалау

Қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу