Мерекеге дайындаламыз. Музыка, 3 сынып, қосымша материал. 3 – сабақ.


 Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

 

«Демалыс мәдениеті. Мерекелер» бөлімінің үшінші тақырыбы «Мерекеге дайындаламыз» деп аталады.Оқушылармен музыкалық сәлемдесіңіз.

Мұғалім:Са-ле-мет-пе, ба-ла-лар!

Оқушылар: Сә-ле-мет-сіз, мұ-ға-лім!

Сабақтың тақырыбын және мақсатын таныстырыңыз.

1-тапсырмада оқушыларға 3 сынып бойы алған білімдерін еске түсіруді тапсырыңыз.

«Кім жылдам» музыкалық викторина ойнауды ұсыныңыз. Ол үшін оқушыларға хормен айтпай білетін оқушы қол көтеру керектігін, кім бірінші қол көтереді сол оқушы жауап беретінін ескертіңіз.

1. Оркестрді басқарушыны кім дейді? (Дирижер)

2. Ронда дегеніміз не? (Музыкалық форма)

3. А.Жұбанов кім? (Композитор, дирижер)

4. Легато дегеніміз не? (Музыкалық штрих)

5. Рейнстик дегеніміз не? (музыкалық аспап (жаңбыр таяқшасы»)

6. «Құлагер» кімнің аты? (Ақан серінің аты)

7. «Аман бол шешем аман бол» кімнің күйі? (Құрманғазының күйі

8. Марш дегеніміз не? (музыкалық жанр)

9. Уақытты не істеуге болмайды? (кері шегеруге)

10 «Бала тілегі» әнін кім жазды? (Ұлықпан Жолдасов)

2-тапсырмада оқушыларға топпен шығармашылық жұмыспен айналысатынын ескертіңіз. Алдымен оқушыларды 4 топқа бөліп алыңыз. 4 тоқсан бойынша өткізілген музыкалық материалдарды кіріктіре отырып, концерттік афиша жасауды топсырыңыз. Алдын-ала 4 конверт дайындап алыңыз. Ол конвертте әр тоқсанға арналған музыкалық материалдардың тізімі бар. Әр топ, қай тоқсанды таңдайды сол бойынша жұмыс жасайды.

Түрлі-түсті қағаздан алдын ала 4 конверт дайындап алыңыз.

Дидактикалық материалдар. 1-қосымша.

Конвертке әр тоқсан бойы өткізілген музыкалық материалдар тізімін салыңыз. Әр топтан бір оқушыны шығарып бір түсті конвертті таңдап алуды тапсырыңыз.

1 тоқсан - сары түс

2 тоқсан – көк түс

3 тоқсан – қызыл түс

4 тоқсан – қара түс

Афиша жасау үшін оларға 20 минут уақыт беріңіз.

3-тапсырмада оқушыларға жасаған афишаларын сынып алдына таныстыруды және критерий бойынша бағалауды тапсырыңыз. Бағалау критерийін оқушылармен бірге дайындаңыз немесе өзіңіз ұсыныңыз. Мысалы,

Бағалау критерийлері:

  • Топта жұмыс жасайды;
  • Афиша шығарады;
  • Концертке атау береді;
  • Музыкалық материалдарды орынды қолданады;
  • Әсем безендіреді;
  • Болатын орнын, уақытын, сағатын көрсетеді;
  • Жұмыстарын таныстырады.

4-тапсырмада оқушыларға А. Естеновтың сөзіне жазылған, А. Танидің «Ән ажары» әнін үйренуді ұсыныңыз. Әннің сөзін таратып беріңіз Дидактикалық материалдар. 1-қосымша.

Әнді ережеге сай үйретіңіз. Әннің 2/4 өлемде жазылғанын айтып дирижерлық қимылдың көмегімен орындауды тапсырыңыз. Әннің нотасын тақтаға шығарып қойыңыз. Шумағын нотамен орындатыңыз. Аспапты меңгерген оқушылар болса. Оларға сүйемелдеуді тапсырыңыз.

Осы бөлім тақырыптарын толық меңгергенде оқушылар:

  • Өткен музыкалық материалдарды естеріне түсіреді;
  • Берілген материалдарға сүене отырып афиша жасайды;
  • Шығармашылық жұмыстарын таныстырады және қорғайды;
  • А. Танидің «Ән ажары» әнін үйренеді;
  • Әнді нотамен және дирижерлық қимыл көмегімен орындайды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу