Мерекеге дайындаламыз. Музыка, 3 сынып, сабақ жоспары. 3 – сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім: Демалу мәдениеті. Мерекелер.

Сабақ: 3

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 3

Қатысқандар

саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Мерекеге дайындаламыз

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.3.2 - ұлттық, үрмелі, симфониялық оркестр аспаптарын ажырату;

3.1.2.1 - көркем образдарды аша отырып,түрлі сипатты әндерді орындау

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар

-« Отан қорғаушылар» әнін айтып үйренеді;

- ән орындау барысында импровизация жасайды;

- Әннің әуенін және ырғақты үлгісін құүрастырады.

 Бағалау критерийлері

Білім алушылар:

  • Әнге импровизация жасау идеясын ұсынады;
  • Көркемдік бейнені жеткізе отырып, әнді орындайды;
  • Ноталардың түрлі-түсті дөңгелекшелер көмегімен әннің әуенін нота сызығына орналастырады.

 Тілдік мақсаттар:

 

Оқушылар:

  • Тиісті терминологияны қолдана отырып,музыканы талқылай және талдай алады;
  • Өз жұмысына түсініктеме беріп, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасай алады.

Терминдер

  • оркестр
  • үрлемелі
  • ұрмалы
  • ішекті аспаптар
  • әскери парад
  • марш (музыкалық жанр);

Талқылауға арналған сұрақтар

Оқу жылының соңғы сабағын қалай ұйымдастыруға болады?

- Музыкалық конкурс немесе викторинаны қалай ұйымдастыруға болады?

- Ойынның қатысушыларын қандай критерийлер бойынша бағалай аласыз?

Құндылықтарды дарыту

  • сабақ барысында шығармашылық- шығармашылық жұмыстарды жасау арқылы еңбек жіне шығармашылық құндылықтарын дарыту.
  • ынтымақтастық - топтық жұмыс, оқушылармен бірге топта бір бірін құрметтеуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Көркем еңбек-оқушылар музыка мерекесіне арналған жарнама тақтасын жасайды.

 АКТ дағдылары

Бастапқы білім

  • Оқушылар мерекелер туралы әңгімелесіп, жаңа әндер үйренді, марштың ырғағын қалай жасауды және оны орындауды біледі.
  • Олар үйренген әндердің музыкалық ерекшеліктерін білдіру құралдарын анықтады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Музыкалық сәлемдесу

1. Сыныптық талқылау

- Оқу жылының соңғы сабағын қалай ұйымдастыруға болады?

- Музыкалық конкурс немесе викторинаны қалай ұйымдастыруға болады?

- Ойынның қатысушыларын қандай критерийлер бойынша бағалай аласыз?

- Балалар, биылғы жылы музыкалық сабақтарда не үйренгенімізді еске түсірейік.

 Оқушылар өздері оқыған әндері, тыңдаған музыкасы туралы әңгімелейді, сабақта оркестр құрғанын айтып береді.

2. Мұғалім оқушыларды 8 топқа біріктіреді.

Әр топқа бөлім атауы беріледі.

1-бөлім Тірі табиғат

2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

3 бөлім. Уақыт

4-бөлім Сәулет

5-бөлім Өнер

6-бөлім Атақты тұлғалар

7 бөлім Су – тіршілік көзі

8-бөлім Демалыс мәдениеті. Мерекелер.

3. Идея зерттеу және дамыту

Топтық тапсырма.

  • Осы бөлімде оқығандарыңызды есте түсіріңіз, оқулық және жұмыс дәптерін қолданыңыз. Музыкалық номер үшін бір бағытты таңдаңыз – ол оркестрге, биге арналған әнге немесе музыкаға арналған музыкалық шығарма болсын.
  • Сынып үшін қандай музыкалық нөмірді дайындауға болатынын ойланып, сыныпқа айтып беріңіз.
  • Музыкалық нөмірлерді дайындау жоспарын жасаңыз.

Әр топ өз идеяларымен бөліседі. Дайындалуға кірісе бастайды.

презентация

оқулық

оқушылардың дәптері

Музыкалық құрылғылар

Оқушылапдың дайындығы үшін музыкалық шығармалар

Сабақтың ортасы

30 мин

Мереке жасау үшін топтарға арналған үлгілік жұмыс жоспары

1. Музыкалық шығарма таңдаңыз

2. Мерекеңізге арнап афиша жасаңыз

3. Музыкалық жұмысыңыз үшін қажетті атрибуттарды алыңыз.

4. Өз орындауыңызды қайталаңыз.

- Сіз осы шығармашылық жұмыстарды «Музыка фестивалі» деп аталатын келесі сабақта топтармен көрсетесіз. –

4. Ән айтып үйрену

«Ынтымақ күні»

сөзін жазған: Е. Сейдахметов,

әнін жазған: В. Стригоцкий

1.Мамыр келді қалаға.

Көшеде жүр бар бала.

Мерекені тойлаймыз,

Шар ұшырып ойнаймыз.

Қайырмасы:

Ақ көгершін аспанда,

Ұша берші, жасқанба.

Бұлт баспасын көгімді.

Болсын өмір көңілді.

2.Мәз-мейрам боп балалар,

Қуанып жүр ағалар.

Күні екен бұл – бірліктің,

Ынтымақ пен елдіктің.

5. Орындау

Оқушыларды 4 топқа бөлу

1 топ - әнді дауыспен орындайды;

2-топ – аспаптардың көмегімен ырғақты орындайды;

3-топ - әуендерді ноталардың түрлі-түсті фишкаларын қолданып шығарады;

4-топ - ноталардың ұзақтығын қолданып әннің ырғағын шығарады;

Тапсырма бойынша бағалау критерийлері:

• Әнге импровизация жасау идеясын ұсынады.

• әнді көркемдік бейнені жеткізе отырып орындайды.

• Ноталардың түрлі-түсті дөңгілекшелері көмегімен әннің әуенін нота сызығына дұрыс орналастырды.

Оқушыларға бұл тапсырмаға дайындалу үшін 7 минут беріледі

6. Презентация және бағалау

Өз жұмысыңызды көрсетіңіз.

Өзіңіздің жұмысыңызды және өзгелердің жұмысын бағалаңыз.

http://www.conservatoire.kz/ru/structure/faculties/strigutsky-vladimir-andreevich-strugatski-pak/ композитор туралы ақпрат

Ырғақтық карточкалар. Музыкалық аспаптар,

ән мәтіндері үшін жазбалар,

түрлі түсті ноталар.

Презентация

Сабақтың соңы

5мин

8. Рефлексия

«Көңіл күй баспалдағы»

Баспалдақ түрінде бейнеленген көңіл-күй:

Біріншісі - өте жаман көңіл-күй.

Екінші - жаман.

Үшінші жақсы.

Төртінші – өз күшіне сенімді.

Бесінші - керемет.

Сабақтың соңында оқушы өзін көңіл-күйі қандай , сол сатыға қояды.

Әр түрлі сатысы бар баспалдақ

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушыларды шығармашылық тапсырмаларды орындауда, кеңестер беруде қолдау көрсету.

Мұғалім әр топқа жақындап, музыкалық нөмірді дайындауға көмектеседі.

Бақылау

Өзара бағалау

Бағалау критерийлері бойынша

Өздікбағалау

Денсаулық сақтау технологиялары. қолданылатын физикалық жаттығулар және белсенді іс-әрекеттер

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақытты кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы солжақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу