Су дыбыстары. Музыка, 3 сынып, қосымша материал. 1 – сабақ.


 Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

 

«Су – тіршілік көзі» бөлімінің алғашқы тақырыбы «Су дыбыстары» деп аталады. Сабақтың тақырыбын ашып алу үшін оқушыларды жұппен отырғызып, судың түрлі күйі бейнеленген суреттерді жұптарға таратпаны беріңіз. Дидактикалық материалдар. 1-қосымша.

Оларға су дыбыстарын тыңдай отырып, суреттегі сәйкесті табуды тапсырыңыз.

1 дыбыс –үңгірдегі су, 2 дыбыс – өзен, 3-дыбыс – толқын, 4- су астындағы дыбыс, 5 дыбыс-кранна аққан су, 6 дыбыс – жаңбыр, 7 дыбыс – сарқырама, 8 дыбыс –шатырдан аққан мұздық

Су туралы оқушылардан не білетінін сұраңыз. Су туралы қызықты ақпараттарды оқып беріңіз. Дидактикалық материалдар. 2-қосымша.

1-тапсырмада оқушыларға Қабыкей Ахмерұлының «Сары ала қаз» күйін тыңдауды ұсыныңыз. Сұрақтарды талқылап болған соң шығарманың авторы мен орындаушысы жайлы қысқаша ақпарат беріп кетіңіз. Дидактикалық материалдар. 3-қосымша.

2-тапсырмада оқушыларға түрлі деңгейде су құйылған кеселермен/стакандармен музыкалық әуен құрастыруды тапсырыңыз. Алдымен кеселермен/стакандармен орындалған әуендердің бейнесюжеттін көрсетіңіз.

Ол үшін алдын-ала 3-4 топқа жететіндей 15-20 дай әр түрлі деңгейде су құйылған кеселер/стакандар жәнеағаш таяқшалар дайындап алыңыз. Оқушыларды 3 немесе 4 топқа бөліңіз. Оларға композиция құрастыру үшін уақыт беріңіз. Әр топ өз композицияларын орындаған соң, оқушылармен кері байланыс жүргізіңіз.

  • Сіздің орындауыңызда не жақсы шықты?
  • Не дұрыс шықпады?
  • Тағы нені жақсартуға болады?

Оқушылардың жауабын тыңдап, бірге талқылаңыз.

3-тапсырмада оқушыларға Е. Сейдахметовтың сөзіне жазылған В. Стригоцкийдің «Желкенді кеме» әнін ережеге сай үйретіңіз. Әннің сөзін таратып беріңіз.

Дидактикалық материалдар. 4 -қосымша.

Осы бөлім тақырыптарын толық меңгергенде оқушылар:

  • Судың түрлі күйіндегі дыбыстарын тыңдап, ажыратады;
  • тыңдалған әуеннің сипатын, мазмұнын, жанрын, көркемдеуші құралдарын анықтайды;
  • су құйылған кеселермен су әуенін құрастырады;
  • В. Стригоцкийдің «Желкенді кеме» әнін үйренеді және орындайды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу