Су дыбыстары. Музыка, 3 сынып, дидактикалық материал. 1 – сабақ.
Дидактикалық материалдар.
1- қосымша.
Су дыбыстарын сәйкестендіруге арналған сурет.
2-қосымша
Су туралы қызықты мәліметтер
Су - әлемдегі ең көп таралған зат. Кез келген нәрсе судан тұрады.Осы секілді қызықты мәліметтер төменде.
1. Қызанақ 90 пайыз судан тұрады.
2. Табиғаттағы судың 1,1 пайызы ғана ішуге жарамды болып келеді.
3. Адамның қан құрамы суға қарағанда алты есе қою келеді.
4. Бір көлік машинасын жасап шығару үшін 177 литр су шығындалады.
5. Зерттеу нәтижесі бойынша, атмосфера құрамындағы су мөлшері барлық өзендерді бірге қосып санағандағы мөлшерден көп.
5. Сиырға 1 литр сүт беру үшін 5 литр су ішу керек.
6. Ер кісінің ағзасы шамамен 70 пайыз судан тұрады.
7. Жер шарының 3 пайызында ғана тұщы су, ал қалған 97 пайызы ащы су.
8. Ғалымдар судан шыққан дыбыстың, ауадан тараған дыбыстан гөрі жылдам тарайтынына көздері жеткен.
9. Бір келі кофе өндіру үшін 22 мың литр су қажет.
10. Газет парақтарын шығару үшін шеберлер 300 литр суды керек етеді.
11. Ауыл шаруашылығы егін өсірумен айналысу үшін әлемнің 70 пайыз су қорын қажет етеді. Жай өнеркәсіпке 22 пайызы ғана керек.
Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/bilim/zharatylystanu/18951/
3-қосымша
«Сары ала қаз» күйінің авторы және орындаушысы жайлы ақпарат.
Қабыкей Ахмерұлы (1927) - композитор, музыка зерттеушісі, Моңғолияның еңбек сіңірген артисі. Сол өңірдегі күйші сыбызғышылардан халық ән-күйлерін үйренген. Өнер жолын мәдениет клубынан бастаған. 1958 - 59 жылдары Алматыда ұлт-аспаптар оркестрінде шеберлігін шыңдаған соң, Баян-Өлгий қазақ музыка драма театрында 30 жыл бойы ұлт-аспаптар оркестріне жетекшілік етті. Әр ел композиторларының 200-ге тарта шығармасын оркестрге түсірген. Қабыкей 25 ән, ондаған би музыкасы және 30-ға тарта күй авторы . "Моңғолия қазақтарының халық әндері", "Ән кітабы", "Баян-Өлгий қазақтарының домбыра және сыбызғы күйлері" , "Моңғолия қазақтарының халық әндері" жинақтарын дайындап, бастырды. Соңғы жинағына қазақ халқының 250-дей әнін түрлі нұсқаларымен, мәтіні мен және нотасымен жариялаған.
https://kk.wikipedia.org/wiki/Қабыкей_Ахмерұлы
Талғат Кәріпжанұлы Мұқышев 1962 жылы маусым айының 10 күні Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылындадүниеге келген. Сыбызғышы, Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері» (2005), өнертану ғылымдарының кандидаты (2010), Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының доценті.
https://kitap.kz/music/talhat_muqyshev_oryndauyndahy_kujler
4-қосымша
Желкенді кеме
Сөзі: Е. Сейдахметов
Әні: В. Стригоцкий
1.Мен жүгіріп келемін,
Ел қызығып қарайды.
Желкенінен кеменің,
Нәзік сәуле тарайды.
Қайырмасы:
Туған жерде көлемді,
Саяхаттап көр енді.
Торғай, Іле, Тобылға,
Сырдария мен Ойылға,
Кемем жүзіп барады,
Қорықпайды дауылда.
2.Ақ желкенді кемені,
Жіберемін ағысқа.
Кең дүниені көреді,
Жүзіп барып алысқа.
Қайырмасы:
Туған жерде көлемді,
Саяхаттап көр енді.
Торғай, Іле, Тобылға,
Сырдария мен Ойылға,
Кемем жүзіп барады,
Қорықпайды дауылда.
3.Тіліп өтер теңізді,
Жүргіземін кемені
Ең ақылды, ең ізгі,
Теңізші дер ел мені.
Қайырмасы:
Туған жерде көлемді,
Саяхаттап көр енді.
Торғай, Іле, Тобылға,
Сырдария мен Ойылға,
Кемем жүзіп барады,
Қорықпайды дауылда.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?