Су әуендері. Музыка, 3 сынып, қосымша материал. 2 – сабақ.
Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық
«Су әуендері» деп аталатын сабақ «Су – тіршілік көзі» бөлімінің екінші тақырыбы және алғашқы тақырыптың жалғасы болып табылады. Алдымен оқушлырға жаңбырдың дыбысын қалай салуға болатыны жайлы бейне сюжет көрсетіңіз. https://www.youtube.com/watch?v=KDIjEyZ3zTI
Оқушыларды ортаға шақырып сюжеттегідей жаңбыр дыбысын салуды ұсыныңыз. Сіз дирижерлық міндетті атқарасыз.
Жаңбыр дыбысын қалай саламыз.
1. Алақанымызды үйкелейміз.
2. Саусақтың ұшымен сартылдатамыз.
3. Екі санды алақанмен соғамыз.
4. Орынымызда аяқпен секіреміз.
Оқушыларға бұл әрекеттерді кезекпен жасау керектігін ескертіңіз. Егер сыныпта 20 дан көр оқушылар болса 4 қатарға тұрғызығыз. Оларға әр қимылды тізбектесіп жасайтынын ескертіңіз. Және өзіңіз әр қимылды бастарда көрсетіп тұрыңыз.
Сабақтың тақырыбын, мақсатын айтып кетіңіз.
1-тапсырмада оқушыларға «Жаңбыр музыкасы» композициясын тыңдатыңыз. https://www.youtube.com/watch?v=KDIjEyZ3zTI
Сұрақтарды талқылап, музыканың көркемдеуші құралдарын анықтатыңыз. Жаңбырдың дыбысын музыка арқылы қалай жеткізуге болатыны жайлы әңгімелесіңіз. Қандай музыкалық аспаппен жаңбырдың дыбысын салуға болатыны жайлы айтыңыз. Рейнстик /жаңбыр таяқшасы аспабымен таныстырыңыз. Дидактикалық материалдар. 1-қосымша.
2-тапсырмада оқушыларға топта қолда бар заттарды, яғни түрлі-түсті қағаз, фольга қағазы, күріш, клей, картон түтікшелерді қолданып «Жаңбыр таяқшасын» жасауды тапсырыңыз.Ол үшін алдымен «Жаңбыр таяқшасын» қалай жасау туралы бейнесюжетті қарауды ұсыныңыз.
Оқушыларды 3 топқа бөліп алыңыз. Қажетті материалдарды:түрлі-түсті қағаз, фольга қағазы, күріш, клей, картон түтікшелерін дайындап қойыңыз. Оларға аспапты жасау үшін уақыт беріңіз.
3-тапсырмада оқушыларға жасаған шығармашылық жұмыстарын сынып алдында таныстыруды ұсыныңыз.Алдымен оқушылармен бірлесіп бағалау критерийін дайындап алыңыз. Мысалы,
- Топта жұмыс жасайды;
- Музыкалық аспапты әсем безендіреді;
- Жаңбырдың дыбысын жақсы салады;
- Шығармашылығын қорғай алады.
4-тапсырмада оқушыларға әні мен сөзі Бота Бейсенованың «Жау-жау жаңбыр» атты әнін үйретіңіз. Әннің сөзін таратып беріңіз. Әнді караокеге қосылып, дирижердың қимыл көмегімен орындатыңыз.
Дидактикалық материалдар. 2 -қосымша.
Осы бөлім тақырыптарын толық меңгергенде оқушылар:
- Жаңбырдың дыбысын салады;
- тыңдалған әуеннің сипатын, мазмұнын, жанрын, көркемдеуші құралдарын анықтайды;
- «Жаңбыр таяқшасы» музыкалық аспабын жасайды;
- Б.Бейсенованың «Жау,жау жаңбыр» әнін үйренеді;
- әнді негізгі дирижерлық қимылдар көмегімен орындайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?