Музыкалық картиналар. Музыка, 3 сынып, қосымша материал. 3 – сабақ.


 Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

 

«Музыкалық картиналар» деп аталатын сабақ «Су – тіршілік көзі» бөлімінің үшінші тақырыбы болып табылады. Сабақтың тақырыбын, мақсатын айтып кетіңіз.

Оқушылардың назарына М.Какимовтың «Биші қыздар» картинасын тамашалауды ұсыныңыз.

http://bonart.kz/tancuyushhie_devushki.html

Оқушылармен сұрақтарды талқылаңыз. Бұл музыкаға билететін әуен сәйкес келетіндігін айтып кетіңіз.

1-тапсырмада оқушыларға Антонио Вивальдидің скрипкаға арналған Е -dur «Көктем» концертін тыңдауды ұсыныңыз. Сұрақтарды талқылаңыздар. Антонио Вивальдидің туралы мәлімет беріп кетіңіз. Дидактикалық материалдар. 1 -қосымша.

Жыл мезгілдері циклінен «Көктем» шығармасының ерекшелігіне тоқталыңыз.

«Концер» музыкалық ұғымымен таныстырыңыз.Концерттің құрылымымен таныстырыңыз. Дидактикалық материалдар. 2 -қосымша.

3-тапсырмада оқушыларға топта Ким Евгенийдің «Қыз қуу» картинасына музыкалының көркемдеуші құралдарын қолдана отырып, музыка шығаруды тапсырыңыз.

Оқушыларды 3 топқа бөліп алыңыз. Қажетті материалдарды:түрлі-түсті қағаз, фольга қағазы, күріш, клей, картон түтікшелерін дайындап қойыңыз. Оларға аспапты жасау үшін уақыт беріңіз.

3-тапсырмада оқушыларға жасаған шығармашылық жұмыстарын сынып алдында таныстыруды ұсыныңыз.Алдымен оқушылармен бірлесіп бағалау критерийін дайындап алыңыз. Мысалы,

  • Топта жұмыс жасайды;
  • Музыкалық аспапты әсем безендіреді;
  • Жаңбырдың дыбысын жақсы салады;
  • Шығармашылығын қорғай алады.

4-тапсырмада оқушыларға әні мен сөзі Бота Бейсенованың «Жау-жау жаңбыр» атты әнін үйретіңіз. Әннің сөзін таратып беріңіз. Әнді караокеге қосылып, дирижердың қимыл көмегімен орындатыңыз.

Дидактикалық материалдар. 2 -қосымша.

Осы бөлім тақырыптарын толық меңгергенде оқушылар:

  • Жаңбырдың дыбысын салады;
  • тыңдалған әуеннің сипатын, мазмұнын, жанрын, көркемдеуші құралдарын анықтайды;
  • «Жаңбыр таяқшасы» музыкалық аспабын жасайды;
  • Б.Бейсенованың «Жау,жау жаңбыр» әнін үйренеді;
  • әнді негізгі дирижерлық қимылдар көмегімен орындайды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу