Музыкалық картиналар. Музыка, 3 сынып, дидактикалық материал. 3 – сабақ.


Дидактикалық материалдар.

1- қосымша.

Антонио Лучо Вивальди туралы ақпарат.

 Антонио Лучо Вивальди (итал. Antonio Lucio Vivaldi; 4 наурыз, 1678 жылы, Венеция — 28 шілде, 1741, Вена) — итальяндық композитор, скрипкашы, педагог, дирижёр, католиктік діни қызметші. Вивальди XVIII ғасырдағы итальяндық скрипка өнерінің көрнекті өкілдерінің бірі болып саналады.

 Музыкант көзі тірісінде керемет атаққа бөленіп, халық тарапынан мойындалған, Еуропадағы ірі мәдени қайраткер - Кончерто гроссо, ансамбль-оркестірлік концерттің шебері, 40-тан астам опералардың авторы. Вивальдидің танымалдылығы аспаптық концерттерінің, әсіресе скрипканың арқасында келді. Оның атақты туындысы – скрипкалы 4 концерттен тұратын «Жыл мезгілдері» («Времена года») атты сериялы шығармасы.

 Антонио Вивальди – барокко дәуірінің ең ірі өкілдерінің бірі, жеке аспаптық концерт жанрының негізін салушы, оркестрлік бағдарламалық музыканың іргетасын қалаушы. А.Вивальди барша Еуропаға ғана танымал композитор болған жоқ, сонымен қатар оның жаңа драмаланған «ломбардтық» орындау мәнерін бекіткен шебер скрипкашы ретіндегі атағы да шыққан. Бұдан бөлек, ол атақты ұстаз, дирижер және католиктік дін қызметкері болған. Оның ауқымды шығармашылық мұрасы 700-ден астам атаудан құралады.

Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/music/52764/

2-қосымша

Концерт музыкалық ұғымы жайлы ақпарат.

Концерт -жеке музыкалық аспап (кейде 2 – 3 жетекші музыкалық аспап) пен оркестр үшін сонаталық циклді формада жазылған музыкалық шығарма. Жеке орындаушы мен оркестрдің өзара жарысын көрсете отырып, оларды салыстыру Концерттің негізгі мақсаты болып табылады. Концерт 3 бөлімнен (1-бөлімі өте жылдам; 2-бөлімі лирикалық, байсалды; 3-бөлімі рондо формасында) тұрады. Әдетте, Концерттің 1-бөлімі аяқталар алдында (жетекші аспаптың оркестр сүйемелінсіз) импровизациялық сипатта асқан шеберлікпен соло орындалады. Концерттің 2, 4 кейде 5 бөлімді түрлері де кездеседі. Жеке аспап пен оркестрге арналған 3 бөлімді циклдік Концертті алғаш жазған итальян композиторы А.Вивальди (1678 ж. ш. – 1741) болса, одан кейін И.С. Бах скрипка, клавир үшін Концерттер жазды. Концерттің фортепьяно, скрипка, т.б. аспапқа арналған классикалық түрлерін В.А. Моцарт жазды, ал Л.Бетховен бұл жанрға жарқын симфониялық түр беріп, оны одан әрі дамытты. 19 ғасырда Ф.Лист Концерттің 1 бөлімді түрін жазды. Орыс композиторлары П.И. Чайковский, С.В. Рахманинов Концерт жанрының тамаша үлгілерін жасады. С.С. Прокофьев, А.И. Хачатурян, Т.Н. Хренников секілді композиторлардың шығармларында Концерт жанры елеулі орын алды. Жеке дауыс пен оркестр үшін (Р.М. Глиэр, 1874/75 – 1956), балалайка, домбыра, цимбал, т.б. халық аспаптары үшін Концерттер жазылды. Қазақстанда осы жанр бойынша С.Мұхамеджанов (жеке дауыс пен оркестр үшін Концерті, 1958), Ғ.Жұбанова (скрипка мен оркестр үшін Концерті, 1958), Н.Меңдіғалиев (фортепьяно мен оркестрге арналған 2 Концерті, 1959, 1967), т.б. композиторлар елеулі еңбек етті; 3) 2 немесе бірнеше партиялардың (әншілер дауысы, аспаптық ансамбльдер және орган) өзара жарысына негізделген діни музыкадағы көпүнділік, вокальдық немесе вокальды-аспаптық форма. Алғашқы Концерттер 16 ғасырда Италияда пайда болды.[1]онцерт ұғымының анықтамасы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу