Музыкалық картиналар. Музыка, 3 сынып, презентация. 3 – сабақ.


7-бөлім: Су – тіршілік көзі

Музыкалық картиналар

Оқу мақсаты

3.1.1.2 - музыкалық шығармаларды интонация, әуен арқылы танып ажырату

3.1.3.3 - музыкалық шығармаларды талдау барысында негізгі музыкалық ұғымдарды анықтау және ажырату

3.2.1.2 - қарапайым музыкалық-шығармашылық жұмыстарды шығару және импровизация жасау үшін музыкалық көркемдеуші құралдарды қолдану

Бүгінгі сабақта:

«М.Какимовтың «Биші қыздар» суреті жайлы әңгімелесеміз;

Антонио Вивальдидің скрипкаға арналған Е -dur «Көктем» концертін тыңдаймыз және талдаймыз;

Концерт ұғымымен танысамыз;

Е.Кимнің «Қыз куу» суретіне музыкалық композиция құрастырамыз.

Шығармашылық жұмысымызды таныстырамыз және бағалаймыз.

Суретке назар аударыңыз.

Сыныппен талқыла

1. Суретті қалай атауға болады?

2. Бұл суреттің мазмұнын жеткізу үшін қандай аспапты қолданасың?

3. Бұл музыкаға қандай әуен сайкес келеді?

4. Сіздің әуеніңіз қандай болар еді?

1-тапсырма. Тыңдау және талдау.

Антонио Вивальдидің скрипкаға арналған Е -dur «Көктем» концертін тыңдаңыз.

Сұрақтарға жауап бер

Музыка сізге ұнады ма?

Музыка сізге қандай көңіл-күй сыйлады?

Қай аспаптың дауысын естіп тұрсыздар?

Композитор табиғаттың әсем көрінісін жеткізу үшін қандай дыбыстық әсерлер қолданған?

Концерт дегеніміз не?

Антонио Вивальди туралы не білесіздер?

Музыкалық сөздік

Концерт -жеке музыкалық аспап пен оркестр үшін сонаталық циклді формада жазылған музыкалық шығарма.

Антонио Лучо Вивальди (1678 -1741) — итальяндық композитор, скрипкашы, педагог, дирижёр, католиктік діни қызметші. Вивальди XVIII ғасырдағы итальяндық скрипка өнерінің көрнекті өкілдерінің бірі болып саналады.

3-тапсырма.

Музыка шығару және импровизация.

Топта ұсынылған суретке музыкалының көркемдеуші құралдарын қолдана отырып, музыка шығару.

4-тапсырма.

Таныстыру және бағалау.

Жасаған шығармашылық жұмыстарын сынып алдында таныстыру.

Бағалау:

Топта жұмыс жасайды;

Музыкалық аспаптарды дұрыс қолданған;

Музыканың көркемдеуші құралдарын

қолданады;

Музыка суреттің мазмұнын ашады;

Ансамбльмен музыканы ойнайды;

Рефлексия

бүгін не білдім?

қандай жұмыс жақсы өтті?

нәтижелерді қалай жақсартуға болады?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу