Музыкалық картиналар. Музыка, 3 сынып, сабақ жоспары. 3 – сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім: Су – тіршілік көзі

Сабақ: 3

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 3

Қатысқандар

саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Музыкалық картиналар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.1.2 - музыкалық шығармаларды интонация, әуен арқылы танып ажырату

3.1.3.3 - музыкалық шығармаларды талдау барысында негізгі музыкалық ұғымдарды анықтау және ажырату

3.2.1.2 - қарапайым музыкалық-шығармашылық жұмыстарды шығару және импровизация жасау үшін музыкалық көркемдеуші құралдарды қолдану

 Сабақ мақсаттары

  • «М.Какимовтың «Биші қыздар» суреті жайлы әңгімелесу;
  • Антонио Вивальдидің скрипкаға арналған Е -dur «Көктем» концертін тыңдау және талдау;
  • Концерт ұғымымен танысу;
  • Е.Кимнің «Қыз куу» суретіне музыкалық композиция құрастыру.
  • Шығармашлық жұмысын таныстыру және бағалау.

 Бағалау критерийлері

Білім алушылар:

  • музыкалық шығармаларды интонация, әуен арқылы танып ажыратады;
  • музыкалық шығармаларды талдау барысында негізгі музыкалық ұғымдарды анықтайды;
  • музыкалық-шығармашылық жұмыстарды шығарады;
  • музыкалық көркемдеуші құралдарды қолданады;
  • өз жұмысын таныстырады және бағалайды.

 Тілдік мақсаттар:

 

Оқушылар:

  • тиісті терминологияны қолдана отырып, музыканы талқылай және талдай алады;
  • өз жұмысына түсініктеме беріп, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасай алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • концерт (музыкалық жанр)

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Музыка сізге ұнады ма?
  • Музыка сізге қандай көңіл-күй сыйлады?
  • Қай аспаптың дауысын естіп тұрсыздар?
  • Композитор табиғаттың әсем көрінісін жеткізу үшін қандай дыбыстық әсерлер қолданған?
  • Концерт дегеніміз не?
  • Антонио Вивальди туралы не білесіздер?

Құндылықтарды дарыту

Ұлттық құныдылықтарымыз салт-дәстүр, музыканы дәріптеу.

Пәнаралық байланыстар

Бейнелеу өнері, қазақ әдебиеті

 АКТ дағдылары

Презентация Power Point

Бастапқы білім

1-2 сыныпта алған білімдері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут

Сыныппен талқылау.

Суретке назар аударыңыз.

1. Суретті қалай атауға болады?

2. Бұл суреттің мазмұнын жеткізу үшін қандай аспапты қолданасың?

3. Бұл музыкаға қандай әуен сайкес келеді?

4. Сіздің әуеніңіз қандай болар еді?

Сабақтың ортасы

30 минут

1 тапсырма. Тыңдау және талдау.

Антонио Вивальдидің скрипкаға арналған Е -dur «Көктем» концертін тыңдаңыз.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Музыка сізге ұнады ма?
  • Музыка сізге қандай көңіл-күй сыйлады?
  • Қай аспаптың дауысын естіп тұрсыздар?
  • Композитор табиғаттың әсем көрінісін жеткізу үшін қандай дыбыстық әсерлер қолданған?
  • Антонио Вивальди туралы не білесіздер?
  • Концерт дегеніміз не?

2-тапсырма. Музыкалық сөздік

Концерт -жеке музыкалық аспап пен оркестр үшін сонаталық циклді формада жазылған музыкалық шығарма.

Антонио Лучо Вивальди (итал. Antonio Lucio Vivaldi; 4 наурыз, 1678 жылы, Венеция — 28 шілде, 1741, Вена) — итальяндық композитор, скрипкашы, педагог, дирижёр, католиктік діни қызметші. Вивальди XVIII ғасырдағы итальяндық скрипка өнерінің көрнекті өкілдерінің бірі болып саналады.

3-тапсырма. Музыка шығару және импровизация.

Топта ұсынылған суретке музыкалының көркемдеуші құралдарын қолдана отырып, музыка шығару.

http://antika.kz/f/dogoni-nevestu.jpg

4-тапсырма. Таныстыру және бағалау.

Жасаған шығармашылық жұмыстарын сынып алдында таныстыру.

Бағалау:

  • Топта жұмыс жасайды;
  • Музыкалық аспаптарды дұрыс қолданған;
  • Музыканың көркемдеуші құралдарын қолданады;
  • Музыка суреттің мазмұнын ашады;
  • Ансамбльмен музыканы ойнайды;

Антонио Вивальди «Көктем»

Скрипкаға арналған концерт

Е -dur.

https://www.youtube.com/watch?v=vn40a4uOdLU

Сабақтың соңы

3 мин

Сабақ рефлексиясы:

-бүгін не білдім?

-қандай жұмыс жақсы өтті?

-нәтижелерді қалай жақсартуға болады?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеттері жоғары оқушылар шығармашылық жұмымыс кезінде меңгерген аспаптарын қолданады

Шығарманы тыңдап, сұраққа жауап берген кезінде ауызша бағалау жүргізу.

Шығармашылық жұмысты критерий бойынша бағалау.

Техникалық қауіпсіздікті сабақта қадағалау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақытты кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы солжақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу