Жауабын шамалау. Музыка, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
Бөлімі: Есеп шығару тәсілдері
№ 139 сабақ. Тақырыбы: Жауабын шамалау
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)
3.5.1.6 есеп жауабын алдын ала болжау,нәтиженің құрама есеп шартына сәйкестігіне түсіндірме келтіру.
3.5.1.1 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте,сызықтық,бағандық диаграмма,сызба,қысқаша жазба түрінде модельдеу.
Сабаққа қажетті ресурстар: кеспеқағаздар – әр топқа;ламинатталған парақтар, маркерлер, қима қағаздар.
Сабақта қолданылатын деректі материалдар:
Жауабын шамалауды орындау үшін алдымен сандарды қажетті разрядқа дейін дөңгелектей білу керек. Натурал сандарда ондыққа, жүздікке, мыңдыққа (т.с.с). дейін дөңгелектеуге болады. Қайсы разрядқа дейін дөңгелектейтінімізге байланысты
санның бірлік, ондық, т.с.с. разрядындағы цифрларын нөлмен ауыстырамыз. Егер санды ондыққа дейін дөңгелектесек, онда оның бірлік разрядындағы цифрды нөлмен ауыстырымыз. Егер санды жүздікке дейін дөңгелектесек, онда оның бірлік
және ондық разрядтарындағы цифрларды нөлмен ауыстырымыз. Дөңгелектеу нәтижесін «≈» белгісінен кейін жазады. Бұл таңба «жуық мәні тең». белгісі. Шамалау – алдын-ала бағалау, жуықтап есептеу. Амалдардың нәтижесін шамалау. Математикада санды өрнектің дәл мәнін білу қажет емес жағдайда оның компоненттерін дөңгелектеп, олардың жуық мәндеріне амалдарды қолданады.
Сабақ бойынша ұсыныстар:Кіріспе тапсырма
(Ұ.Ж) Суретті жұмбақ.Оқушылармен сабақты суретті жұмбақтың шешуін табудан бастаңыз.
Шешуі: «Жауабын шамалау»
Өмірде кейбір жағдайларда сандардың дәл мәнін білудің қажеті болмайтынын,жуық мәнін қолдануға болатынын түсіндіру.Бұл жауабын шамалау деп аталады.
*Санды дөңгелектеу — осы санды жуық мәнді дөңгелек санмен ауыстыру.≈ жуық мәннің белгісі. Оқылуы: «жуық мәні тең».
Жүздікке дейін дөңгелектеу∙
*Егер үш таңбалы санның екінші цифры (ондық разряды) 5-тен кем болса, санды кемімен дөңгелектейді:823 ≈ 800; 246 ≈ 200;
539 ≈ 500.∙
*Егер үш таңбалы санның екінші цифры (ондық разряды) 5-тен артық немесе тең болса, санды артығымен дөңгелектейді:
962 ≈ 1000; 385 ≈ 400; 753 ≈ 800.
Ондыққа дейін дөңгелектеу∙
*Егер үш таңбалы санның үшінші цифры (бірлік разряды) 5-тен кем болса, санды кемімен дөңгелектейді; ал егер санның үшінші цифры (бірлік разряды) 5-тен артық немесе тең болса, онда артығымен дөңгелектейді:
623 ≈ 620; 876 ≈ 880; 595 ≈ 600.
Сөздік бағалау жүргізіңіз «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т,б.
Сандарды дөңгелекте
(Т.Ж)Сабақты әрбір топқа тапсырма таратып беруден бастаңыз. Оқушыларға тапсыр-маны алдымен жұпта талқылап, орындауды ұсыныңыз.Әрбір топтан бір оқушыдан шығып, қалай орындағанын түсіндіреді. Дайын жауап арқылы қалған оқушыларға өз жұмыстарын тексереді сұраңыз.
Жауабы:
1,3- топ
Жүздікке дейін дөңгелекте:
400 600 900
200 900 700
1000 300 200
2,4-топ
Ондыққа дейін дөңгелекте:
460 590 820
310 650 190
810 470 940
«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізіңіз
*Қосу және азайту арифметикалық амалдарының нәтижесін шамалау үшін келесі қадамдарды жасау керек:
1. Санды өрнектің компоненттерін жуық мәнді дөңгелек санмен ауыстыру (санды дөңгелектеу).
2. Шыққан өрнектің мәнін табу және шамалауды жазып көрсету.
Мысалы:
459 + 195 ≈ 500 + 200 = 700
734 – 451 ≈ 700 – 500 = 200
Жауабын шамалап орында
(Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз.Оқушылар тапсырманы жұпта орындайды және сандарды қайсы разрядқа дейін дөңгелектеу керек екенін түсіндіріңіз. Бірнеше жұптан өз тапсырмаларын қалай орындағанын сұраңыз. Қалған оқушылардан салыстыра отырып тексеруді сұраңыз.
Жауабы:
500,500, 800,100,700, 100
«Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз
«Ойлан, Жұптас, Пікірлес»
(Ж.Ж) Сабақты жұптық жұмыс арқылы жалғастырыңыз.Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз. Тапсырманы алдымен әрбір оқушы жеке орындайды. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын талқылайды, пікірлеседі. Екі-үш жұптан өз пікірлерімен бөлісуді сұраңыз. Дайын жауап арқылы бірін –бірі тексереді.
Жауабы:660,710,230, 800
«Бас бармақ» арқылы бағалау жүргізіңіз
Есепте
(Ж.Ж) Оқушыларға жеке жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз. Оқушыларға тапсырманы жеке орындауды сұраңыз. Сандарды жүздікке дейін дөңгелектеп, қосын-дының мәнін, ондыққа дейін дөңгелектеп, азайтындының мәнін шамалап табуды сұраңыз.
Жауабы:900, 600, 820, 390
«Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз
Асханада
(Ұ.Ж) Оқушыларға тапсырманы сынып болып орындауды ұсыныңыз.Оқушылар өздерін асханада тұрмын деп елестетіп, тез ауызша жауап беруіді сұраңыз. Ол үшін оқушыларға шамалау әдісін пайдаланып есепті шығарады және түсіндіріп береді сұраңыз. Бұл тапсырма арқылы оқушылар сабақта игерген дағдыларды күнделікті өмірде қолдануды үйренеді.
Жауабы: а)жетеді,ә)жетпейді
«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізіңіз
Ақиқат немесе жалған
(Ұ.Ж) Оқушыларға «Жауабын шамалау» тақырыбы бойынша сұрақтар қойыңыз, ал оқушылардан оның ақиқат не жалған екендігін анықтуды сұраңыз. Өздерінің таңадауларын олар «А» - «ақиқат» - ақиқат бекіту, «Ж» - «жалған» - жалған бекіту таратпа қағаздары арқылы көрсетуді сұраңыз. Бұл тапсырма арқылы оқушылар «Жауабын шама-лау» тақырыбы бойынша алған білімдерін тиянақтай түседі.
Жауабы:1. (Ж) 2. (А) 3.(А) 4. (Ж)
«Бас бармақ» арқылы бағалау жүргізіңіз
Сабақ соңында «Кезбе тілші» әдісі арқылы рефлексия жүргізіңіз. Оқушылардың сабақты қалай түсінгенін анықтау анықтау үшін келесі сұрақтарды қоюға болады:
- Санды дөңгелектеу деген не?
- Санды ондыққа,жүздікке дейін қалай дөңгелектейді?
- Жауабын шамалау деген не?
- Жауабын қалай шамалайды?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?