Күй атасы Құрманғазы. Музыка, 3 сынып, қосымша материал. 3 – сабақ.
Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық
«Күй атасы Құрманғазы» деп аталатын сабақ «Атақты тұлғалар» бөлімінің үшінші тақырыбы.
Ұйымдастыру кезеңін оқушылармен музыкалық сәлемдесу айтудын бастаңыз. 1. Сыныппен талқылау барысында оқушылардың алдыңғы білімдерін батырлар туралы сұрақтар қою арқылы анықтйсыздар. Оқушыларға «батыр» сөзіне сипаттама беріун сұраңыз. Талқылаудан кейін оқушылармен бірге сабақ тақырыбы ашылады.
2. Музыка тыңдау және талдау үшін Құрмангазының «Адай» күйін талыңыз. Бұл күйдің бейнеролигін көрсетпей және көрсетіп тыңдаңыз. Оқушылар бірінші рет тыңдаған соң музыканң көркемдеуші құралдарын анықтаса, екінші рет музыканың көркем образын, сипатын бейнеролик қалай жеткікзгені туралы айтады. Адай сөзінің нені білдіретінін және күйдің шығу тарихын бейне материал қарау арқылы айтып беріңіз. Оқушыларға Қазақстан картасын көрсету арқылы үш жүздің орналасуы мен Адай руының мекендеген жерлерін көрсетуге болады.
3. Ақпарат іздеу. Құрманғазының өмірі және шығармашылығымен танысыңыз. Құрманғазының қандай күйлерін білесіңдер? Бұл тапсырмада мұғалімге дайын ақпартты оқушыларға айтып беру ұсынылады. Бірнеше күйлерінің үзіндісін тыңдатуға болады. |
4. Импровизация және бағалау Бұл тапсырманы топтық жұмыс түрі ретінде өткізіңіз. Оқушыларды бірнеше топтарға біріктіріп Құрманғазының әр түрлі күйлерін ұсынуға болады. Мысалы 1 топ «Адай», 2 топ «Балбырауын», 3 топ «Аман бол, шешем, аман бол» . 1. Күйге ырғақтық сүйемелдеу жасаңыз Шулы және ұрмалы аспаптарды қолданыңыздар. 2. Өз импровизацияңызды күйдің екпіні мен динамикасын сақтай отырып орындаңыздар. 3. Өз және өзгенің жұмысын бағалаңыздар. |
Сабақ қорытындысын мұғалім оқушылармен сұрақ жауап түрінде жүргізеді. - Бүгін біз қандай композитор туралы айттық? - Оның күйлері қандай болған? «Көңіл күй баспалдағы» рефлексиясын өткізу үшін сыныпта жерге ақ скотчпен үлкен баспалдақтың суретін жасауға болады. Әрбір баспалдақты санмен белгілеп оқушыларды тұрғызу арқылы ұйымдастыруға болады. Көңіл күй баспалдақ түрінде бейнеленген Бірінші – көңіл күйім өте жаман. Екінші - нашар. Үшінші - жақсы. Төртінші – өз күшіме сенімдімін. Көңіл күйім – өте жақсы. Сабақ соңында оқушы баспалдақты белгілеу арқылы өзін бағалайды. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?