Ахмет Жұбанов музыкасы. Музыка, 3 сынып, қосымша материал. 4 – сабақ.
Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық
«Ахмет Жұбанов музыкасы» деп аталатын сабақ «Атақты тұлғалар» бөлімінің төртінші тақырыбы. Оқушылар сабақты Құрманғазының «Сарыарқа» күйімен қарсы алыңыз.
Сәлемдесіп болған соң оқушылардың назарын ойнап тұрған күіге аудару қажет. Сабақ өткен сабақты қайталаумен келесі сабқтың жаңа тқырыбына байланысады.
1. Бейнематериал қараған соң оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы алдыңғы білімдерін қайталайды. Мұғалім оқушылардың күйдің атауын атай алмаған жағдайда да орындалған күйдің композиторын атап өтуі тиіс.
Бұл «Сарыарқа» күйін алғаш оркестрге арнап нотаға түсірген Ахмет Жұбанов деген ұлы музыкант, композитор.
Осы күй алғаш рет оркестрмен орындалғаннан бері өте танымал және барлық үлкен концерттерде орындалып келеді деген соң оқушыларға сабақ мақсаты мен тақырыбы таныстырылады.
2. Музыка тыңдау және талдау үшін Ахамет Жұбановтың күйін алғаш өзі құрған оркестрінің орындауында таңдап алған жөн. Себебі музыка тыңдаудан кейін алғаш қазақ халық аспаптар оркестрі қалай құрылғаны жайлы оқушыларға жаңа ақпарат беріледі.
Талдау үшін сұрақтар:
- оркестрде қандай аспаптар қолданылған?
- дирижер қандай қызмет атқарады?
- аспаптарды қалай топтастырар едіңіздер?
Жоғарыдағы сұрақтар оқушыға келесі тапсырмаға көші және жаңа терминдер жайлы не білетінін тексеру мақсатында қойылады.
Қазақ халық аспаптар оркестрі шығу тарихы жайлы ақпаратты оқушылар бейне материал арқылы қарайды, сонымен қатар мұғалімге алдын ала дайындалған таратпа материалды оқушыларға беру қажет. Оқушыларға қысқаша негізгі ақпарттар жазылған дидактикалық материалды беріп, мұғалім оны оқушылардың дәпетеріне жапсырып алуын сұрайды, бұл әрекет келесі сабақтарда да қажет ақпаратты естерінде сақтауына және керек болған жағдайда қарауларына көмектеседі.
Таратпа материал:
1933 жылы Ахмет Жұбановтың ұйымдасытуы мен жетекішілімен құрылды. Оркестрдің дирижері мен жетекшісі Ахмет Жұбанов болды. 1944 жылы оркестрге ұлы күйші Құрмангазының аты берілді. Оркестр дирижерлерінің қатарындаЛатиф Хамиди, Шамғон Кажыгалиев, Нурғиса Тілендиев. Қазіргі таңда оркестрге Арман Жудебаев жетекшілік етеді. Оркестр репертуарында 4000ға жуық шығармалар бар.
3. Нота сауаттылығы бөлігінде оқушылар оркестрмен байланысты жаңа теримндерді үйренеді. Терминдерді қайталау барысында мұғалімге оркестр сөзіне түсініктемені оқушылардың өздерінің беруін сұрауы қажет.
Дирижер – барлық музыканттардығ орындауын басқаратын адам
Партитура – әрбір аспапқа арналған ноталық жазба. Партитурада бір музыкалық шығарманың барлық аспаптарға арналған жеке орындау партиялары жазылады. Партитура оркестрдегі әр музыканттың алдында пюпитрде орналасады, дирижерлық пультте дирижердың алдында орналасады.
4. Ақпарат іздеу тапсырмасына мұғалімге кітапханадан Қазақстан туралы, көрнекті өкілдер, мәдениет, музыка жайлы энциклопедияларды беру қажет. Оқушыларға ақпарат іздеу кезінде оқулықтардың мазмұнымен қалай жұмыс істеу керектігі туралы айтып өткен жөн.
Берілген энциклопедиялар мен оуқылақтардан Ахмет жұбанов туралы ақпаратты тауып зерттеңіздер.
5. Әнді үйрену және нотамен айту тапсырмасын откізу үшін мұғалім өзі қалаған әдіс арқылы оқушыларды топтарға біріктіруі қажет.
Бұл тапсырмада мұғалім әннің әуені мен атын оқушыларға алдымен айтпай, нотамен орналасатыру тапсырмасын өткізеді. Әрбір топқа түрлі түсті ноталардың дөңгелекшелері мен арнайфы жазылған ноталар беріледі.
Оқушылар топпен бірігіп мұғалімнің берген тапсырмасындағы ноталарды нота желісіне орналастырып әуен құрастырады.
Егер музыка меткебінде оқитын оқушылар болса, тапсырманы қиындаты үшін музыкалық өлшем мен ноталардың ұзақтығын беруге болады.
Соымен қатар тапсырмадан бұрын мұғалім әннің тональдігі ля минор болғандықтан оқушыларға жаңа нота кіші окатваның «ля» нотасының орналасуын көрсетіп, түсінжіруі қажет. Оқушыларға кіші октава деп жаңа теримнді айтып қиындатпай, мұғалімге төменгі ля деп түсіндіру ұсынылады.
Әр топ өз әуенін орналастырған соң мұғалім бақылау арқылы оқышлардың ноталарды тиісті орнына дұрыс не бұрыс орналастырғанын тексереді.
Мұғалім оқушылар тапсырманы орындауды бастамас бұрын кіші октава «ля» нотасы «до» нотасынан төмен екінші қосымша сызықта орналасатынын түсіндіреді.
Орындауды мұғалім оқушыларға кезекпен атқызып ұйымдастырады, оқушылар жазылған сандарға байланысты «Қарлығаш» әнінің шумағы мен әуенін нотамен орындайды.
Әнді нотамен бірнеше рет орындағаннан кейін мұғалім оқушылармен бірге әнді сөзімен айтқызады. Әнді өзі сүйемелдеп немесе минусовкасы арқылы орындау ұсынылады.
Әнді партия бойынша бөліп орындауды мұғалім оқушылардың нотаға орналасытрған жерлерін айтуды немесе қатар бойынша топтарға біріктіру арқылы өткізе алады.
Қалыптастырушы бағалау өзара бағалау және мұғалімнің оқушыларды орындау барысында бақылауы арқылы жүзеге асады.
Мұғалім ұжымдық орындауды бекіту үшін оқушыларға сұрақтар қояды:
- Әнді орындау барысында өз партияларыңызды сақтай алдыңыздар ма?
- Неліктен партияға бөліп орындайды деп ойлайсыздар?
- Сіздерге қай әрекет жеңіл болды сыныппен бірге барлық әнді орындау ма, әлде өз партияларыңды орындау ма?
Рефлексия
«Музыка ағашы»
Сөйлетін қабырғаларды бес сызықпен көрсетілген ағаш бейнесі ілініп тұрады
Оқушыларға екі түсті ноталар таратылады олар сабақтан алған әсерлерін өздері таңдаған нотаны ағашқа жапсыру арқылы көрсетеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?