Ахмет Жұбанов музыкасы. Музыка, 3 сынып, дидактикалық материал. 4 – сабақ.
Дидактикалық материалдар.
Оркестр тарихы
Бүкіл әлемде ұлттық музыкалық өнер ұйытқысы болған Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық ұлттық аспаптар оркестріне бүгінгі таңда 80 жыл толып отыр.
Бұл оркестр Қазақстанның аспаптық музыкалық өнер тарихында бірегей әрі тұңғыш оркестр. Ол бүкіл әлемге қазақ халқының музыкалық өнерін, бірегей қазақ музыкалық аспаптарын және дала әуенімен сұлулығын танытқан оркестр.
Бұл оркестрдің тарихи тамыры 1934 жылдың 23 сәуір күнінің ҚазССР Ағарту халкомы №425 бұйрығы бойынша Ахмет Жұбанов оркестрдің дирижері мен көркем жетекшісі болып тағайындалған кезден бастау алады.
Домбыра ансамблі 1934 жылдың 1 маусымында халық өнерінің қайраткерлерімен бірге өткізілген 1 Бүкілқазақстандық слетінде өзінің бірінші өнер жолын бастады.
Бұл слеттің нәтижесі бойынша мынадай Қаулы қабылданды: «Ағарту халкомы халық өнерінің бірінші слетіне қатысқан қайраткерлерден колхоз, совхоз және өндірістік қауымдастықтарға қызмет етуде ұлттық аспаптармен ұлттық оркестр құрылсын. Оркестрдің еңбекақысын мемлекеттік бюджетке енгізу».
Бұл Қаулыға жауап ретінде, республика Ағарту халкомы 1934 жылдың 25 маусымында №220 Жарлық шығарды: «25 маусымнан бастап музыкалық-драмалық техникумында КазОАК атындағы 1-ші қазақ ұлттық оркестр құрылды деп саналсын».
Оркестрдің триумфальды қойылымдары 1936 және 1958 жылдары КСРО Союзының Үлкен театрында 2-ші қазақ өнерінің онкүндігінің қорытынды концертінде, 2006 жылы оркестрдің негізін салған Ахмет Жұбановтың 100 жылдық мерейтойына арналған Парижде ЮНЕСКО штаб-пәтерінің Үлкен Залында, Европа, Америка, Қытай Халық Республикасы, Қазақстан және БҰҰ елдерінің ірі қалаларында болған гастрольдік концерттерде болып өтті. 1953 жылы Бухарестте (Румыниялық халықтық республика) Шамгон Қажығалиевтың жетекшілігімен бұл оркестр демократиялық жастар және студенттердің Бүкіләлімдік IV фестивалінің лауреаты атанды және алтын медалмен марапатталды.
1944 жылы құрылғаны 10 жыл толуына орай оркестрге әйгілі күйші Құрманғазы аты берілді, 1967 жылы – «ҚР еңбек сіңрген ұжымы» құрметті атақ берілді, 1978 жылы – Академиялық оркестр, ал 1984 жылы Оркестр «Халық достығы» орденімен марапатталды.
Әр жылдары оркестр құрамында қазақ өнерінің әйгілі музыканттары – оркестр шежіресінде есімдері алтын әріптермен жазылған орындаушылар мен дирижерлар еңбек етті.
Солардың ішінде ерекше орынға, күмәнсіз, Оркестрдің ұйымдастырушысы, бірінші көркем жетекшісі, басты дирижері – Қазақстанның халық артисті, композиторы, академик, профессоры Ахмет Қуанұлы Жұбанов ие. Оның дирижерлік орнын басқан КСРО халық артисі, мемлекеттік премиялардың лауреаты, «Отан» орденінің иегері, профессор Шамгон Қажығалиев болды.
Қазіргі таңда әйгілі оркестр ұжымында шамамен 80-ге жуық өнерлі музыканттар еңбек етуде, солардың ішінде жас өнерлі дирижер Арман Жүдебаев, олардың әрқайсысы біздің Қазақстанымызды әр түрлі сайыстарда көрсете алатын дәрежеде.
Оркестрдің репертуарлық қорында 4000-нан аса туындылар бар.
Бұл Қазақ музыкалық Олимпінің шыңында тұрған әйгілі күйші Құрманғазы атындағы біздің ұлы Оркестр әрқашан белгілі ата-бабаларымыздың тарихи тамырларын ұмытпай, салт-дәстүрін жалғастыра отырып жаңа өнерлі жетістіктерге жетуге мүмкіндіктерінің бар екендігін көрсетеді.
http://kurmangazy.com/оркестр-тарихы
3-қосымша
Ахмет Жұбанов жайлы ақпарат
Ахмет Қуанұлы Жұбанов (1906-1968) — қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер. Қазақстанның халық артисі (1944), өнертану ғылымының докторы (1943), профессор (1948), академик.
Ол Ақтөбе облысы Темір ауданында 1906 жылы 29 сәуірде өмірге келген.
Жасынан музыка өнеріне бейімділігін байқатып, домбыра, скрипка аспатарында ойнауды меңгереді. Жас кезінде ауылдасы Талым күйшіден, ауыл мұғалімі Қ. Ашғалиевтен, әкесі Қуаннан, ағасы Құдайбергеннен тәлім алып, музыка өнеріне ден қояды. Темірде орыс халық аспаптар әуесқойлары оркестріне жетекшілік ететін (П. Черняктан сольфеджио, скрипка, музыка теориясы бойынша) сабақ алады.
1929 жылы Ленинградтың М.И. Глинка атындағы техникумында (А.А .Этигонның скрипка класы бойынша), консерваторияда (профессор Ф.А. Ниманның гобой класы бойынша, кейіннен музыка тарихы мен теориясы факультетінде) оқыған.
1932 жылы Ленинградтағы Актер шеберлігі мектебінің аспинрантурасына түседі.
1933 жылы Алматыда ашылған музыкалық драма училищесіне ұстаздық қызметке шақырылады.
1930 жылы Ленинградтағы «Рабочий и театр» журналында жарияланған мақаласынан бастап, өмірінің соңына дейін қазақ музыкасының тарихы мен теориясын зерттеумен айналысты. 1936 жылы «Музыка әліппесі» атты тырнақалды кітапшасы жарық көрген.
1934 жылы А. К. Жұбанов алғаш 11 адамнан құралған домбырашылар ансамблі негізінде Қазақ ұлттық халық оркестрін ұйымдастырды. Осы ұжымның тұңғыш дирижері ретінде көптеген халық композиторларының музыка туындыларын оркестрге лайықтап нотаға түсірген.
1945-1951 жылдары Алматы консерваториясының ректоры, 1954-1961 жылдары осы консерваториядағы өзі ашқан халық аспаптар кафедрасының меңгерушісі болып, қазақ халық музыкасының тарихынан, дирижерлік өнер менаспаптанудан сабақ берді.
Жұбановтың қазақ халқының ән-күй шығармаларының табиғаты мен ерекшелігі, ұлы күйшілер Құрманғазы, Дәулеткерей, Сейтек, Тәттімбет, Қазанғап туралы монографиялық ғылыми -зерттеу еңбектері- қазақ музыкасының ғылыми тарихын жасауға қосылған қомақты үлес болды.
А. К. Жұбанов — қазақ халқының қазіргі заманғы кәсіби музыкасының негізін қалаған аға буын композиторлардың бірі. Ол халық күйлерін оркестрге лайықтап, нотаға түсірді және қазақ музыкасын күрделі аспаптық симфониялық шығармалармен байытты. Олар «Тәжік биі», «Қазақ билері», «Төлеген Тоқтаров», «Ария», «Вокальдік сюитасы», «Абай сюитасы», тағы басқалар.
Композитор ретінде қазақтың музыкалық мәдениетіне өзіндік мелодиялық өрнек қосқан ондаған ән мен күйдің, романстар мен хорлардың, аспаптық симфониялық және вокальдық шығармалардың авторы. А. Жұбановтың композиторлық шығармаларының көрнектілері Л. Хамидимен бірлесіп жазған «Абай» (1944) және «Төлеген Тоқтаров» (1947) опералары, қызы Ғ. Жұбанова аяқтаған «Құрманғазы» (1970) операсы.
http://kitaphana.kz/ru/downloads/referatu-na-kazakskom/209-zheke-tulgalar/3038-jybanov.html
Ноталарды орналастыру үшін топтарға арналған таратпа
1. Ля ми ре ми ре ми фа соль фа ми ре ми фа ми |
2. До ре ми фа ми до ре ми ре до си ля си до ре ми до Ре до си |
3. Ля ми ре ми ре ми фа соль фа ми ре ми фа ми |
4. До ре ми фа ми до ре ми ре до си ля си до ре до До си ля |
Қайырмасы
Ми фа соль ля соль ми фа соль фа ми ре ми |
До ре ми фа ми до ре ре ми до си |
Ля си до ре ми до Ре до си |
«Қарлығаш» әні
с. И.Мақатов
ә. А.Жұбанов
Қарлығаш әннің аты жырымды айтам
Сүйген жар, сүйіскен дос сырымды айтам, Қарлығаш!
Айныма, асыл сәулем, берген серттен
Мен сендік, сен менікі шынымды айтам, Қарлығаш!
Құралай көз, қолаң шаш
Алма мойын қиғаш қас
Сүйген сәулем Қарлығаш
Ақ тамақ, қиылған қас, жазық маңдай
Әдемі ақша бетің, жауған қардай, Қарлығаш!
Жайдары еркелеген жарқын мінез
Жарқ етсең, жадыратар жаққан шамдай, Қарлығаш!
Рефлексияға арналған музыка ағашы
Оқушыларға арналған таратпа материал
Қазақ халық аспаптар оркестрі 1933 жылы Ахмет Жұбановтың ұйымдасытуы мен жетекішілімен құрылды. Оркестрдің дирижері мен жетекшісі Ахмет Жұбанов болды. 1944 жылы оркестрге ұлы күйші Құрмангазының аты берілді. Оркестр дирижерлерінің қатарындаЛатиф Хамиди, Шамғон Кажыгалиев, Нурғиса Тілендиев. Қазіргі таңда оркестрге Арман Жудебаев жетекшілік етеді. Оркестр репертуарында 4000ға жуық шығармалар бар.
| Дирижер – барлық музыканттардығ орындауын басқаратын адам
Партитура – әрбір аспапқа арналған ноталық жазба. Партитурада бір музыкалық шығарманың барлық аспаптарға арналған жеке орындау партиялары жазылады. Партитура оркестрдегі әр музыканттың алдында пюпитрде орналасады, дирижерлық пультте дирижердың алдында орналасады. | Қазақ халық аспаптар оркестрі 1933 жылы Ахмет Жұбановтың ұйымдасытуы мен жетекішілімен құрылды. Оркестрдің дирижері мен жетекшісі Ахмет Жұбанов болды. 1944 жылы оркестрге ұлы күйші Құрмангазының аты берілді. Оркестр дирижерлерінің қатарындаЛатиф Хамиди, Шамғон Кажыгалиев, Нурғиса Тілендиев. Қазіргі таңда оркестрге Арман Жудебаев жетекшілік етеді. Оркестр репертуарында 4000ға жуық шығармалар бар.
| Дирижер – барлық музыканттардығ орындауын басқаратын адам
Партитура – әрбір аспапқа арналған ноталық жазба. Партитурада бір музыкалық шығарманың барлық аспаптарға арналған жеке орындау партиялары жазылады. Партитура оркестрдегі әр музыканттың алдында пюпитрде орналасады, дирижерлық пультте дирижердың алдында орналасады. |
Қазақ халық аспаптар оркестрі 1933 жылы Ахмет Жұбановтың ұйымдасытуы мен жетекішілімен құрылды. Оркестрдің дирижері мен жетекшісі Ахмет Жұбанов болды. 1944 жылы оркестрге ұлы күйші Құрмангазының аты берілді. Оркестр дирижерлерінің қатарындаЛатиф Хамиди, Шамғон Кажыгалиев, Нурғиса Тілендиев. Қазіргі таңда оркестрге Арман Жудебаев жетекшілік етеді. Оркестр репертуарында 4000ға жуық шығармалар бар.
| Дирижер – барлық музыканттардығ орындауын басқаратын адам
Партитура – әрбір аспапқа арналған ноталық жазба. Партитурада бір музыкалық шығарманың барлық аспаптарға арналған жеке орындау партиялары жазылады. Партитура оркестрдегі әр музыканттың алдында пюпитрде орналасады, дирижерлық пультте дирижердың алдында орналасады. | Қазақ халық аспаптар оркестрі 1933 жылы Ахмет Жұбановтың ұйымдасытуы мен жетекішілімен құрылды. Оркестрдің дирижері мен жетекшісі Ахмет Жұбанов болды. 1944 жылы оркестрге ұлы күйші Құрмангазының аты берілді. Оркестр дирижерлерінің қатарындаЛатиф Хамиди, Шамғон Кажыгалиев, Нурғиса Тілендиев. Қазіргі таңда оркестрге Арман Жудебаев жетекшілік етеді. Оркестр репертуарында 4000ға жуық шығармалар бар.
| Дирижер – барлық музыканттардығ орындауын басқаратын адам
Партитура – әрбір аспапқа арналған ноталық жазба. Партитурада бір музыкалық шығарманың барлық аспаптарға арналған жеке орындау партиялары жазылады. Партитура оркестрдегі әр музыканттың алдында пюпитрде орналасады, дирижерлық пультте дирижердың алдында орналасады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?