Ахмет Жұбанов музыкасы. Музыка, 3 сынып, сабақ жоспары. 4 – сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім: Атақты тұлғалар

Сабақ: 4

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 3

Қатысқандар

саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Ахмет Жұбанов музыкасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.3.5 - ұлттық, үрмелі, симфониялық оркестр аспаптарын ажырату

3.1.3.6 - нотамен қарапайым әуендер орындау

3.1.2.2. – әнді негізгі дирижерлық

қимылдар көмегімен орындау

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар

  • композитор, дирижер және музыкатанушы Ахмет Жұбановпен танысады;
  • қазақ халық аспаптар оркестрінің шығуы туралы біледі;
  • А.Жұбановтың «Қарлығаш» әнін нотамен орындайды.

 Бағалау критерийлері

Білім алушылар:

  • Қазақ ұлттық оркестр аспаптарын ажыратады;
  • Ахмет Жұбановтың «Қарлығаш» әнін нотамен орындайды;әнді негізгі дирижерлық қимылдар көмегімен орындайды.

 Тілдік мақсаттар:

 

Оқушылар:

атақты тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы жөнінде шығармашылық жұмысқа идеялар ұсынады;

өз шығармашылық жұмыстарын көрсетеді, өзінің және өзгелердің жұмыстарын бағалай біледі.

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • партитура, дирижер пульті.
  • Прима қобыз
  • Музыкатанушы

Репертуар

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Шығарманың орындаушысы кім?
  • Бұл қандай оркестр?
  • Оркестр аспаптарын қандай топтарға бөлуге болады? Неге?
  • Бұл шығарма қалай аталады?
  • А.Жұбанов туралы не білеміз?

Құндылықтарды дарыту

Ұлттық ән өнерімізге деген құрмет, патриоттық сезімге музыка ақылы тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Қазақстан тарихы

АКТ дағдылары

Презентация Power Point

Бастапқы білім

Оқушылар Құрмагғазының шығармашылығымен танысты, батырлық музыкаы жайлы және «Адай» күйі туралы білді. Құрманғазының бірнеше күйлеріне импровизация жасады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды Құрманғазының «Сарыарқа» күйімен қарсы алу

1. Бейнематериал қарау.

М.: Балалар, ал сендер білесіңдер ме бұл қандай күй?

  • Өткен сабақта қандай композитордың шығармашылығымен таныстық?
  • Күйді кімдер орындады?
  • Қай музыкалық аспаптар сіздерге таныс?

Бұл «Сарыарқа» күйін алғаш оркестрге арнап нотаға түсірген Ахмет Жұбанов деген ұлы музыкант, композитор.

Осы күй алғаш рет оркестрмен орындалғаннан бері өте танымал және барлық үлкен концерттерде орындалып келеді.

Бүгінгі сабақта біз

  • композитор, дирижер және музыкатанушы Ахметом Жұбановпен танысамыз;
  • қазақ халық аспаптар оркестрінің шығуы туралы білеміз;
  • А.Жұбановтың «Қарлығаш» әнін нотамен орындаймыз.
  • А.Жұбановтың өзі ойлап тапқан қазақ аспабымен танысамыз.

https://www.youtube.com/watch?v=juoeZmu1JCU Сарыарқа күйі

Сабақтың ортасы

30 минут

2. Музыка тыңдау және талдау

А.Жұбановтың «Би» күйін оркестрдің орындауында тыңдаңыз.

Тыңдау кезінде оркестрде қандай аспаптар қолданылған және дирижердің қимылы мен тұрған жеріне назар аударыңыз.

Талдау үшін сұрақтар:

  • оркестрде қандай аспаптар қолданылған?
  • дирижер қандай қызмет атқарады?
  • аспаптарды қалай топтастырар едіңіздер?

Қазақ халық аспаптар оркестрі

1933 жылы Ахмет Жұбановтың ұйымдастыруы мен жетекішілімен құрылды. Оркестрдің дирижері мен жетекшісі Ахмет Жұбанов болды. 1944 жылы оркестрге ұлы күйші Құрмангазының аты берілді. Оркестр дирижерлерінің қатарындаЛатиф Хамиди, Шамғон Кажыгалиев, Нурғиса Тілендиев. Қазіргі таңда оркестрге Арман Жудебаев жетекшілік етеді. Оркестр репертуарында 4000ға жуық шығармалар бар.

3. Нота сауаттылығы

Дирижер – барлық музыканттардың орындауын басқаратын адам

Партитура – әрбір аспапқа арналған ноталық жазба. Партитурада бір музыкалық шығарманың барлық аспаптарға арналған жеке орындау партиялары жазылады. Партитура оркестрдегі әр музыкантытң алдында пюпитрде орналасады, дирижерлық пультте дирижердың алдында орналасады.

4. Ақпарат іздеу.

Берілген энциклопедиялар мен оқулықтардан Ахмет Жұбанов туралы ақпаратты тауып зерттеңіздер.

5. Әнді үйрену және нотамен айту.

Оқушыларды 4 топқа біріктіру

Әр топқа «Қарлығаш» әнінің әуенін нотамен жазып тарату, ноталар жазбаса түрде беріледі. Оқушылар берліген ноталарды нота сызығына орналастыру керек.

Мұғалім оқушылар тапсырманы орындауды бастамас бұрын кіші октава «ля» нотасы «до» нотасынан төмен екінші қосымша сызықта орналасатынын түсіндіреді.

1. Ля ми ре ми ре ми фа соль фа ми ре ми фа ми

2. До ре ми фа ми до ре ми ре до си ля си до ре ми до

Ре до си

3. Ля ми ре ми ре ми фа соль фа ми ре ми фа ми

4. До ре ми фа ми до ре ми ре до си ля си до ре до

До си ля

Қайырмасы

Ми фа соль ля соль ми фа соль фа ми ре ми

До ре ми фа ми до ре ре ми до си

Ля си до ре ми до Ре до си

Презентация.

Әр топ өз әуенін нота сызығына орналастырып, кезекпен орындайды.

Оқушылар нотамен орындап болған соң әнді сөздерімен айтады.

«Қарлығаш» әні

с. И.Мақатов

ә. А.Жұбанов

Қарлығаш әннің аты жырымды айтам

Сүйген жар, сүйіскен дос сырымды айтам, Қарлығаш!

Айныма, асыл сәулем, берген серттен

Мен сендік, сен менікі шынымды айтам, Қарлығаш!

Құралай көз, қолаң шаш

Алма мойын қиғаш қас

Сүйген сәулем Қарлығаш

Ақ тамақ, қиылған қас, жазық маңдай

Әдемі ақша бетің, жауған қардай, Қарлығаш!

Жайдары еркелеген жарқын мінез

Жарқ етсең, жадыратар жаққан шамдай, Қарлығаш!

Әнді партия бойынша бөліп орындау.

Әнді өзі сүйемелдеп немесе минусовкасы арқылы орындау.

Оқушыларға әнді партия бойынша орындауды ұсыну

1 қатар 1-шумағын

2 қатар 2-шумағын

3 қатар әннің қайырмасын орынайды.,

Қалыптастырушы бағалау өзара бағалау және мұғалімнің оқушыларды орындау барысында бақылауы арқылы жүзеге асады.

- Әнді орындау барысында өз партияларыңызды сақтай алдыңыздар ма?

- Неліктен партияға бөліп орындайды деп ойлайсыздар?

- Сіздерге қай әрекет жеңіл болды сыныппен бірге барлық әнді орындау ма, әлде өз партияларыңды орындау ма?

https://www.youtube.com/watch?v=EsX_W2BbokQ «Би» күй Ахмет Жұбанов

https://www.youtube.com/watch?v=zZ_J1s_JtBc

Оркестрдің тарихы-

http://kurmangazy.com/оркестр-тарихы

Қазақстан энциклопедиялары.

Музыка пәнінен оқулықтар

А.Жұбановтың «Би күйінің» бейнежасбасы https://www.youtube.com/watch?v=EsX_W2BbokQ

А.Жұбановтың «Қарлығаш» әнінің ноталық жазбасы

Нота сызығы А3 форматта

Сабақтың соңы

5мин

Рефлексия

«Музыка ағашы»

Сөйлетін қабырғаларды бес сызықпен көрсетілген ағаш бейнесі ілініп тұрады

Оқушыларға екі түсті ноталар таратылады

Жасыл - мен сабақты жақсы түсіндім, тапсырмаларды орандадым

Қызыл – тапсырмаларды орындауда маған қиын болды, көңіл күйім нашар.

Музыка ағашы

Әр оқушыға арналған жасыл және қызыл түсті ноталар.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеттері жоғары аспапты меңгерген оқушыларға әнді аспаппен сүйемелдеу тапсырылады.

Кесте толтыру кезінде формативті бағалау жүргізу.

Әнді орындау барысында критерий бойынша бағалау.

Техникалық қауіпсіздікті сабақта қадағалау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақытты кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы солжақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу