Музыка және поэзия. Музыка, 3 сынып, қосымша материал. 1 – сабақ.


 Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

 

«Өнер» бөлімінің алғашқы тақырыбы «Музыка және поэзия» деп аталады. Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстырыңыз.

 

1-тапсырмада оқушыларға Мұқағалидың «Оңай сөз ғой, Отанды сүйем деген» - өлеңінің бейне жазбасын қаратудан бастаңыз. https://marataga.wordpress.com/2011/08/03/hello-world/

Бейнежазба болмаған жағдайда өлеңнің толық нұсқасын А.Енсепов «Балалық шақ» композициясының сүйемелдеуімен мәнерлеп оқып беріңіз. 1-қосымша.

Бейнежазбаны көргенен соң сұрақтарды талқылап, поэзия не екенін айтып кетіңіз.

Музыка мен поэзияның байланысы жайлы айтыңыз. Олардың бір-бірін толықтырып тұратын үйлесімділігі жайлы түсіндіріңіз.

2-тапсырмада оқушыларға ақпарат іздеу үшін «Музыкалық сөздік», газет журналдар дайындап алыңыз, интернет желісін пайдалануға рұқсат етіңіз, алдын-ала ноутбуктар дайындап қойыңыз. Немесе қосымшада ұсынылған ақпараттарды шығарып дайындап беріңіз.

Мұқағалидың өмірі мен шығармашылығы жайлы ақпарат. 2-қосымша http://adebiportal.kz/kz/news/view/2690

Мұқағалидың өлеңдеріне жазылған әндер жайлы ақпарат. 3 -қосымша

https://qazaquni.kz/2012/02/15/10732.html

3-тапсырмада оқушыларға «Балалық шақ» тақырыбына екі шумақ өлең шығаруды тапсырыңыз. Өлең шығаруға уақыт беріңіз және көмек қажет оқушыларға көмек беріңіз.

4-тапсырмада А.Енсепов «Балалық шақ» күйінің сүйемелдеуімен «Балалық шақ» тақырыбына жазған өлеңдерін мәнерлеп оқуды ұсыныңыз. Оқушылардың орындауын бағалау үшін алдын-ала бағалау критерийлерін дайындап алыңыз. Мысалы,

Бағалау критерийі;

  • өлеңнің мазмұны;
  • өлеңнің ұйқасы;
  • өлеңнің әуенмен үйлесуі;
  • мәнерлеп орындау шеберлігі.

Осы бөлім тақырыптарын толық меңгергенде оқушылар:

  • поэзия туралы және музыкамен поэзияның бір-бірін толықтыратынын біледі;
  • Мұқағалидың өмірі мен шағармашылығымен танысады;
  • «Балалық шақ» тақырыбына өлең жазады;
  • өлеңді мәнерлеп оқуды үйренеді.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу